Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет101/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Гипоспадия
Гипоспадия ауруында үрпінің төменгі бөлігінің астыңғы қабырғасы іштен туғаннан жоқ болуымен қатар, жыныс ағзасы да дұрыс дамымай қалады. Гипоспадияның ауыр түрінде, ішкі жыныс ағзаларының да ақаулы дамуы қатар ұшырасады, соның салдарынан әйелдік немесе еркектік жалған гермофродитизмнің белгілері пайда болады.
Гипоспадия ауруында баланың тасамайы, оның үрпісінің дамымай қалуына байланысты, ұмасына қарай иіліп тұрады. Үрпінің сыртқы тесігі тасамайдың төменгі жақ бетінін бір жерінен немесе ұмасынан, не шат аралығынан ашылады. Терісі жөнді дамымағаңдықтан, тасамайдың басы жалаңаштанып ашық тұрады, терісі шалғыш тәрізденіп оның үстінде бос жатады.
Этиологиясы жөнді зерттелмеген. Көпшілік балалардың хромосома жиынтықтары дені сау еркектердікі тәрізді (15). Бұл кемістіктің пайда болуына жүктіліктің 7-14 аптасындағы эмбриогенездің бұзылуы себепші болады. Дәл осы кезеңде тұқым эпителийі жіктеліп бітіп, үрпі пердесінің жабылуы аяқталады.
Жаңа туған нәрестелер арасында, үрпінің іштен ауытқып және кемістікпен туғандары ішінде гипоспадия бірінші орында, яғни 1:500-1:400 жиілікте кездеседі. Бұл кемістік көбінесе ер балаларда ғана кездеседі де, қыздарда өте сирек үшырасады.
Гипоспадия тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Біздің бақылауымызда дәл осылай үш отбасы болды. Ең әуелі бір үйден ағайынды екі балаға гипоспадиясы бойынша операция жасалған болатын, кейін соның біреуінен туған екі ұл баланың екіншісінде гипоспадия ауруы бары анықталды.
Гипоспадия ауруының жіктелуі (Н.Е.Савченко, 1974):
І.Тасамайдың гипоспадиясы
1)Тасамайдың мойнындағы сайдың гипоспадиясы
а/ тасамайдың басы қисайған түрі
б/тасамайдың басы қисаймаған түрі
в/үрпінің сыртқы тесігінің тарылған түрі
г/үрпінің сыртқы тесігінің тарылмаған түрі
2)Тасамайдың басы мен мойнындағы сайға жақын жердің гипоспадиясы
З)Тасамайдың ортаңғы бөлігінің гипоспадиясы
4)Тасамайдың жоғарғы бөлігінің гипоспадиясы
5) Тасамай-ұма гипоспадиясы
а/ тасамай діңінің құрсақ жағынан жақсы дамыған түрі /тасамайдың құрсақ жағына қарай қисаюы мен терінің жетіспеушілігі аз ғана білінеді/
б/ тасамайдың діні өте аз немесе дамымай қалған түрі /тасамайдың құрсақ жағына қарай қисаюы терісінің жетіспеушілігі қатты білінеді/
П. Ұма гипоспадиясы
1/Ұманың төменгі бөлігінің гипоспадиясы
2/Ұманың ортаңғы бөлігінің гипоспадиясы
Ш. Ұма-шатаралық гипоспадия
IV. Шатаралық гипоспадия
V. «Гипоспадиясыз гипоспадия»
Клиникалық сипаты. Бұл дерттің клиникалық көріністері гипоспадия ауруымен туған балалардың тасамайының қисайып кетуіне, үрпінің тарылып қалуына және оның тесігінің өз орнынан ашылмауына байланысты. Диагнозды, нәресте жаңа туған кезде қателеспей қоюға болады.
Үрпінің дамымай қалу сатысына байланысты гипоспадияның төмендегідей түрлері кездеседі. Үрпінің сыртқы тесігінің тасамайдың басына, діңіне, ұмасына, бұт аралығына ашылатын түрлері және "гипоспадиясыз гипоспадия" немесе хорда тәрізді гипоспадия болады.
Тасамайдың басына ашылатын гипоспадия. Аурудың бұл түрінде үрпінің сыртқы тесігі жыныс ағзасының ауыздығының орнынан барып ашылады, өте жиі кездесетін, кемістіктің ең жеңіл түрі. Тасамайдың басындағы шеткі терісі оның астыңғы, яғни қарындық /вентральдық/ жағында мүлдем болмайды, ал үстіңгі яғни арқалық (дорсальдық) жағында шалғыш сияқты салбырап, мүшенің басын жауып тұрады. Тасамайдың діңі әдетте түзу болады, кейде ғана тек басы төмен карай иіліп тұрады. Гипоспадияның бұл түрінде үрпі тесігінің тарылып калатын немесе жұқа қабыршықпен жабылып қалатын сәттері жиі ұшырасады. Бұның өзі дұрыс несеп шығаруды қиындатады, зәр іркіле келе, зәр шығаратын жолдар қуысын кеңітіп атонияға әкеліп соғады, соның салдарынан ең әуелі қуығы, содан кейін бүйрегі қабынып кетуі ықтимал.
Тасамайдың діңіне ашылатын гипоспадия. Аурудың бұл түрінде үрпінің сыртқы- тесігі, тасамайдың діңінің астыңғы, яғни «қарын» жақ бетінің бір жерінен ашылады. Тасамайдың басынан басталып, үрпінің сыртқы тесігіне дейін барып бітетін білте тәрізденген сіңірлі тіндер, оның басын имек иген сияқты, ішіне қарай тұкырта тартып, қисайып тұрады. Бұл белгі тасамайдың эрекциясы кезінде анық білінеді. Бұл балалар түрегеп тұрып несеп шығарған кезде тасамайын, терісінін үстіңгі шетінен қарнына қарай тартып тұрып несеп шығарады. Осы кемістіктің салдарынан тасамайдың кеуекті денесі оңайлыкпен өспейді, жасы ұлғайған сайын оның деформациясы ұлғая түседі, эрекцияда ауыратын болады. Гипоспадияның тасамайдың діңіне ашылатын түрінде жыныс қатынасын жасауға болады, бірак үрпінің тесігі тасамайдың түбінде орналасса, ұрық қынапқа құйылмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет