Жұмыртқаның ауытқып дамуы Монорхизм – іштен туа болатын ауытқу, монорхизм кезінде бала бір ғана жұмыртқамен туады. Оны операция жасау арқылы анықтайды, пайда болуы - эмбриогенез бұзылуына байланысты. Бір жұмыртқасы жоқ болғанмен, екіншісі қалыпты дамыса, онда ішкі секреция бездерінің бұзылуы байқалмайды.
Егер шын монорхизм болса, косметикалық мақсатпен бала 12-14 жасқа келгенде ұмасына силиконнан протез қояды. Жалғыз жұмыртқа гипоплазиясымен туса, гормондармен қосымша ем жүргізу қажет.
Анорхизм – екі жұмыртқаның жоқ болуы. Әдетте басқа даму ақауларымен қатар кездеседі. Негізінен тек гормондармен ғана емделеді.
Полиорхизм - қосымша жұмыртқа пайда болып туатын ауытқу. Қосымша жұмыртқа әдетте гипоплазиялы, қосалқыларынсыз болады. Қосымша жұмыртқа кейін қатерлі ісікке айналып кету қаупі болғандықтан операция жасап алып тастау қажет.
Орхит Орхит – аталық бездің қабынуы. Орхиттің жедел және созылмалы, бір жақты және екі жақты түрлерін ажыратады. Нәрестелерде екіншілік түрінің дамығаны өте сирек кездеседі. Ауру негізінен баспа, тұмау, пневмония, фурункулез кезінде, немесе солардан кейін дамиды. Аталған жағдайларда инфекция аталық безіне гемотогенді жолмен түседі. Орхит өте жиі жарақаттан кейін дамиды.
Клиникалық көріністері.Ауру біртіндеп басталады. Балаларда ұманың бір жақты ауырсыну және ұлғаюы анықталады. Кейіннен ұманың гиперемиясы және ісінуі дамиды. Науқастың жалпы жағдайы аса нашарламайды. Дене қызу жоғарылайды, қалтырайды, жалпы әлсіздік болады. Ауырсыну кейде ұрық бауы ( семенной канатик ) арқылы мықын аймағына беріледі.
Пальпация кезінде аталық безі ұлғайған, ауырсынады, тығыз, теріге жабысқан.
Аурудың кеш кезеңдерінде аталық безінде босаңдау ошақтар анықталуы мүмкін, үрпі жолы тығыздалады.
Диагноз.Диагноз қою қиындық тудырмайды. Орхитті босану кезіндегі ұма жарақатынан (қан құйылу тән), аталық бездің айналуынан (аурудың жедел басталуы, кенет ауырсынуы тән), аталық бездің жедел қабыну кистасынан және туа пайда болған сифилистен ажырату керек.
Емдеу. Орхиттің емі консервативтік. Жарақатты орхиттің емі тыныштық, суық тамақ тағайындаудан басталады. Кейіннен сорғыш препараттар тағайындалады (бұлшық етке лидаза, алоэ).
Орхиттің басқа түрлерін кең спектрлік антибиотиктермен, үрпі жолын жансыздандыру блокадасымен емдейді. Аурудың өршу кезеңінде – суық, аурудың тынышталуында – жылу, майлы компрестер, тыныштық тағайындалады.
Сонымен қатар, науқасқа суспензория тағу, сорғыш заттар – лидаза, йодты калимен ионофорез беріледі.
Аталық бездің іріңдеуінде абсцесті ашып, жараны дренаждайды. Егер үрдіс созылмалы түрге ауысса, ұзақ уақыттық сору терапиясы жүргізіледі. Егер бұл ем нәтижесіз болса, онда аталық безін алып тастайды.