Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Кіші жамбас ішіне шоғырланған (Дуглас кеңістігі



бет158/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Кіші жамбас ішіне шоғырланған (Дуглас кеңістігі) іріңдік. Ер балаларда қуық, тік ішек, ал қыз балаларда жатыр, тік ішек орналасқан кеңістікті Дуглас кеңістігі деп атайды. Дуглас кеңістігіне ірің, әр түрлі экссудат сұйықтықтары хирургиялық асқынулардың әсерінен түседі. Бұл көбінесе іріңдеп қабынған аппендициттен кейін пайда болатын шоғырланған іріңдік. Дуглас кеңістігінің абсцесі операциядан кейінгі 4-6 күндер аралығында жиі кездеседі. Аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, дене қызуы қатты көтеріледі, бала кіші дәретке отырғанда қуықтың тұсында, ал үлкен дәретке шыққанда көтен ішек айналасында шаншып білінген ауыру сезімі байқалады. Кейде нәжісі сұйық болып, баланың іші өтеді. Құрсақ қабырғасының ет қабаты қатаймайды, басып көргенде ол жұмсақ, ауырсыну сезімі саусақпен терең басқанда, қасаға тұсының сыздап ауырсынуымен білінеді. Іш пердесінің қабыну белгілеры мен ағзаның жалпы улану белгілері айқын байқалмайды.
Диагнозды анықтауға тік ішектің ішін сұқ саусақты сұғып тексеру тәсілі көп көмегін тигізеді. Бұл кезде, тік ішектің алдыңғы жағынан ауырсыну сезімін қоздыратын инфильтрат табылады. Инфильтраттың ортасы, саусаққа былқылдап, жұмсарып сезіледі.




Сурет V. 4. Дуглас кеңістігі абсцесін саусақпен тексеру әдісі

Ары қарай диагнозды толық анықтау үшін балаға наркоз беріп, арнайы тік ішек ішін көру аспабымен қарайды, ол кезде тік ішектің алдыңғы қабатының білеуленіп, ісініп, қызарыңқырап тұрғаны анықталады. Осы ауданды сол аппаратпен көре отырып, диаметрі 1,0 мм, ұшы доғалдау кесілген инемен теседі. Ине арқылы іріңнің шығуы, диагноздың анықталуына еш шүбә келтірмейтін дәлел болып табылады.


Емдеу. Тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы іріңдікке шаншылған инені суырмайды. Сол инені бойлай шырышты қабатын ұзынынан тіледі. Ішектің артқы қабаттарын Кохер қысқышының ұшын тығып тесіп, іріңдік ішіне түсіреді. Іріңдік ішек ішіне ашылып қысқышпен кеңейтілгеннен кейін, абасцес ішіне сұқ саусақ енгізіліп тексеріледі. Іріңнен тазартылған іріңдік қалтасы фурациллинмен жуылады. Содан кейін, 3 күн бойы, силикон түтікшесі қалдырылып іріңнің еркін шығуына жағдай жасалады. Көп жағдайда операциядан кейін бала тез айығады. Алайда, инфильтраттың кішірейіп, таралып кетуін, тік ішектің ішіне сұқ саусақ енгізіп зерттеп отыру қажет.




Сурет V. 5. Дуглас кеңістігі абсцесін емдеу әдісі

Егер тік ішектің алдына орналасқан инфильтрат әлі қатты болса, онда іріңдікті инемен шаншып зерттеу жүргізуге болмайды. Ол кезде балаға көп мөлшерде антибиотиктер, витаминдер, иммунопрепараттар беріледі. Ал тік ішекке күнде тазалағыш клизма, одан кейін түймедағының тұнбасымен микроклизма, тік ішек айналасына новокаинмен антибиотик қосып блокада жасалады. Осы айтылған консервативтік емдеу тәсілдері инфильтрат толық жойылып, таралып кеткенінше қолданыла береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет