Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ПАРАНЕФРИТ Паранефрит ауруы-бүйрек айналасының іріңдеп қабынуы



бет159/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

ПАРАНЕФРИТ


Паранефрит ауруы-бүйрек айналасының іріңдеп қабынуы. Үлкен адамдарға қарағанда, балаларда салыстырмалы түрде, сирегірек кездесетін аурулардың қатарына жатады. Паранефриттің сирек болуына балалардың бүйрек майының аз мөлшерде болуы әсер етді. Ірің жиналу ауданына қарап, паранефриттің бүйректің алдында, жоғарғы жағында, артында және төменгі жағында орналасқан түрлеріне бөледі. Сонымен қатар, аурудың созылу уақытына қарап, жедел және созылмалы паранефрит деп те екіге бөледі. Паранефриттің негізгі қоздырушылары стафилококк, ішек таяқшалары болып есептеледі. Бүйрек маңына, ірің қоздырушы микроағза, көбінесе қан арқылы, кез келген іріңдік ошағынан түседі (баспа бездің іріңдеуі, остеомиелит ауруы, терідегі іріңдік жаралар) т.б. Іріңдік микробтары, сонымен қатар, тоқ ішектен және сүйектің өзінен лимфа тамырлары арқылы да түсуі мүмкін.
Қабыну үрдісі ісіну, іріңдікке айналу, бүйрек майының іріңнен ыдырауы кезеңдерінен өтеді. Ірің, іш пердесінің арты арқылы, арқа еттеріне тарайды, оны Пти үшбұрышы мен Грюнфельдің ромбы аудандарының бұлтиғанынан аңғаруға болады. Сонымен қатар, ірің іш пердесінің артындағы ұлпа тіндерді итере отырып, көкеттің астындағы кеңістікке, одан әрі іш құрсағына жайылып перитонит ауруын қоздыруы мүмкін.
Аурудың клиникасы жедел басталады, ағзаның жалпы улану белгілеры ерекше білінеді. Баланың дене температурасы қатты көтеріліп, безгек секілді қалтырап, бей-жай болып, аяқ-қолдың бұлшық еттері сыздап ауыра бастайды. Кейінірек осы айтылған клиникалық белгілерге бел төңірегінде жанға батып, сыздайтын ауру сезімі пайда болады. Арқа еттерінің қатаюы байқалып, жамбас буыны деңгейінде аяқ ішке қарай тартылып, бүгіліп қалады.
Диагнозды, аурудың алғашқы кезеңдерінде анықтау өте қиын. Бұл кезде, паранефрит ауруынан гөрі әртүрлі жұқпалы аурулардың диагнозы қойылады. Олардың қатарына сүзек, өкпенің қабынуы, құрт ауруларын жатқызуға болады. Тек бел арқада қатты қозған ауру сезімі басталғаннан кейін, белдің қисайып сколиоз болып майысып кеткеннен кейін, жамбас буынынан аяқ ішке қарай бүгілгенінен кейін, бел арқаның еттері қатайып, іріңдік бар жағының білеуленіп ісінгенінен кейін барып қана диагноз нақты анықтала бастайды. Қанның талдамасында өте жоғары деңгейде ЭТЖ, нейтрофильді лейкоцитоз, улану белгісі бар нейтрофилдер табылады. Зәрдің талдамасында аз да болса ақуыздың бары анықталады. Бүйректің ауруынан пайда болған паранефрит кезінде зәрден ақуыз да, лейкоциттер де көптеп байқалады. Құрсақ қуысының жалпылай түсірілген рентген суретінде арқа-бел еттерінің контуры қалыптағыдай бұлдырап көрінеді және сколиоз анықталады. Егер паранефрит ауруы гематогендік түрде пайда болған болса, онда бүйректің функциясы хромоцистоскопия және венаға контрастты зат жіберіп жасалған урограмма кезінде өзгеріске ұшырамайды.
Емдеу антибиотиктерді үлкен дозада пайдалану арқылы басталады. Антибиотиктерді пайдалану, микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау арқылы іске асырылғанша, кешенді қолданылады. Микроағзаларға қарсы қолданылатын дәрілердің қатарына антибиотиктерден басқа дәрілер – нитрофурандар, невиграмон, ағзадан ұзақ уақыт шығатын сульфаниламидтер, трихопол дәрілері де пайдаланылады. Антибактериальдық дәрілермен бірге АТФ, ККБ, жүрек гликозидтері енгізіледі. Егер де қарқынды жүргізілген емдеу тәсілдері баланың жағдайын жақсарта алмаса, онда бүйрек айналасы жалпы наркоз беру арқылы кең тілініп, ашылып, іріңнен тазартылады. Бүйрек айналасындағы іріңдіктің іші саусақпен кеңейтіліп, оған ұзынынан жартылай тілінген 2-3 силикон түтікше қалдырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет