Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ІРІҢДІ – ҚАБЫНУ АУРУЛАРДЫҢ ИММУНДЫҚ ТЕРАПИЯСЫ



бет162/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

ІРІҢДІ – ҚАБЫНУ АУРУЛАРДЫҢ ИММУНДЫҚ ТЕРАПИЯСЫ


Иммунитетті туа біткен және жүре пайда болған деп бөледі. Туа біткен иммунитетке барьерлік жүйе мен белгісіз иммундық қорғаныстың механизмі жатады. Олар микробтардың адам ағзасына енуі мен олардың көбеюіне кедергі жасайды. Түрлік иммунитетте болады. Ол кей жануар түрлерінің әртүрлі патогендік микробтық қоздырғыштарға сезімталдығының болмауымен сипатталады. Бірақ бізге белгілісі - адамның иммундық мүмкіндігінің төмендігі, патогендік емес немесе шартты патогендік микробтарға байланысты екендігі. Жүре пайда болған иммунитет, жасанды иммунизациядан кейін немесе ауырғаннан кейінгі микробтық қоздырғыштың бір түріне сезімталдықтың пайда болуы «Қорғаныстың белгілі емес спецификалық факторы» - қорғаныстың арнайы емес факторларының кең тараған әдісі ретінде перифериялық қандағы нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігін зерттеу. Осы мақсатта фагоцитоз пайызын анықтайды. Микроағзалардан тұратын клеткалар саны 100- нейтрофильдерден; дені сау балада - фагоцитоз 50-80% фагоцитарлық индекс (орташа алғанда, фагоцитарлық нейтрофилдегі микробтар дені сау болада 3-5 болады) пайызы (1,5 сағаттың тест – культурамен бірге инкубациялық нейтрофилдер – дені сау балада 40-60); фагоцитоз үрдісінің көрсеткіші (аяқталмаған фагоцитоздың аяқталған фагоцитозға қатысы, дені сау балада 1,2-1,3). Адамның денсаулығы қалыптаса ьастағанда нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігі артады, аяқталған фагоцитоздың көрсеткіші 1,5 және одан да жоғарылайды. Бұл аурудан айығудың жағымды болжамдық белгісі болып есептеледі.
Қаннан сарысу шығуы мен жұмсақ қабатқа бактериялық әсердің негізі - лизоцим (нейтрофилдердің қиыршық ферменті). Жас шамасына қарай, лизоцим 5,4 мкг/мл-ден – 2,2-3,5 дейін (12,25 жас шамаларында) төмендейді (Луда А.П. и др. 1971). Іріңдеу басталғанда лизоцим мөлшері жоғарлайды, ал жағдайының жақсаруына байланысты ақырындап қалыпты сандарға келеді. Бірақ, оның бұл толық қалыпқа келуікелуі клиникалық тұрғыдан адам денсаулығы дұрысталғанда да мүмкін емес. Лизоцимнің тапшылығы іріңдеу үрдісінд мейлінше ауырлатады, және кейде қосымша терапияны (лизоцим препараттарына парентеральды жіберуді) қажет етеді. Антимикробтың спектр В- лизинге грамм жағынды микробтар ғана кіреді. Бірақ көптеген зияткерлердің бағалауынша, қан сарысуының В- лизисінің анықтамасы маңызды болжамдық тест. Көрсеткіш лизистік пайыз тест культурадағы сендік (сенная) таяқшаларынан инкубациядан кейінгі жағдайында көрінеді. Сарысудың В- лизиндері дені сау адамдарда 29,6 %-51% жетеді де (1- жастағы және оған дейінгілерде), ал 12-14 жастарда 30-37% дейін кемиді. Іріңді инфекция кезінде қан сарысуының В – литикалық белсенділігі 60-80% -ке көбейеді. В – лизиндердің ұзақ уақытқа жоғары жағдайда болуы, кей жағдайдағы тез өсуі немесе кемуі жағымсыз болжамдық белгісі. (Сергеев В.М. и др. 1986г.)
Қорғанудың спецификалық (өзіндік) факторлары. Адам ағзасына кез келген антигеннің түсуі иммундық реакцияны туындатады. Ол жасушалық және гуморальдық компоненттерден тұрады. Олар: Т- және В- лимфоциттер деп аталады. Т- клеткалық, В- клеткалық гуморальдық В.А,Р,Е,G,M- иммуноглобуминдерді синтездейді. Олар спецификалық антидене қасиетіне ие. Ауырған адамның иммундық жағдайын тексеру барысында Т,В- лимфоциттердің көрсеткіші маңызды, бірақ қалыпты қатынас жағдайында иммундық дәрежесінің көрсеткішінің бұзылуы да болады. Иммундық глобуминдердің молекулалары антигендік дегерминаттарды жасушалар деп есептеуінен қорғаныстың гуморальдық иммунитетін қамтамасыз етеді. Ол инфекциямен күресуде ең маңызды роль атқарады. Иммундық глобулиндердің негізгі класына, қандағы сарысуда 70-80%-ті құрайтын JgG, негізгі антитоксиндер және микробқа қарсы антидене де иммундық глобулиндер класына жатады. Инфекциядан сақтануда JgG-нің ролі айтарлықтай. Иммунның іске асу барысында JgG синтез JgМ синтезімен байланысты жүреді. (ерте сатыдағы иммуноглобуминдердің филогенетикалық және антогенетикалық түрлерінде). Иммуноглобумин М антидененің басталу жағдайы. JgМ – көлемі, қандағы сарысудың бактерицидтік белсенділігіне байланысты. JgМ – аглютинирлік преципитирлік гемолиздік, оконсирлеуші белсенділіктерінің айқын көрінісі. JgМ грамтеріс микроағза қарсы антиденелер мен ағзаларға қарсы антиденелерден тұрады. Иммуноглобулиндегі А класы секреторлық иммуноглобулин деп есептеліп және жергілікті (белгілі бір ағзаның) иммунитетін көтеруге көмектеседі. JgА синтезі арнайы жұмсақ тіндердің плазмасының жасушаларындаа жүреді. Осы класты иммунлық глобулиндердің белгілі бір бөлігі қанға түседі (қансарысуы JgА), ал көп бөлігі секреторлық компоненттердің көмегімен эпителийге жабысады. JgА секреторлық жетіспеушілгі жұмсақ тіндердің инфекцияға қарсы тұру қабілетін төмендеуіне және ОВВН, пневмония, ішектер инфекциясына әкеледі. Алғашқы антигендік экспозиция кезінде әуелі синтезге ұшырайтын JgМ (3-4 күннен кейін). Содан кейін ақырындап JgМ деңгейі өсуі де 3 аптадан кейін шекті (максимум) дәрежесіне жетеді. Бірнеше аптадан кейін JgМ, JgG антиденемен ауысады. Ол өзінің ерекшелігімен өзгешеленеді де, кейінірек түзіледі. Екінші иммундық жауапта JgG синтезі жедел жүреді де жоғары нәтиже береді. Аурулардың жағдайы өте қатты ауыр ауырлықта 1-2 сатыда JgG-ның тез түсуіне байланысты болады. Кутубидтің айтуына қарағанда, іріңді инфекцияның хирургиялық басы Т-мен В-иммунитеттің жүйенің және интерферондық лейкоциттердің реакциясы болып табылады. А,М-Jg реакциясының концентрациясы көбейеді. Іріңді инфекцияның асқынған кезінде G,A,M.- Jg реакциясының концентрациясының Т-ның азайып В- лимфоцит көбейеді. JgА, JgМ концентрациясының өсу тенденциясы Т,В – лимфоциттерінің көтерілуіне әкеледі. Лимфоциттердің интерферонды мейілінше күшеюі аурудың жағдайының дұрысталып келе жатқандығының көрінісі. JgG-ң жоғары көрсеткішінің сақталуы, ал Т,В- иммунитет жүйесінің, лимфоциттердің интерферондық реакциясы – бұл жағымсыз белгілер деп есептеледі. (Кокалин Л.М., 1973). Клиникалық иммунологияның коррекциялы аурулар мінездемелер арасындағы созылған, толқын тәріздес және JgG концентрациясы клиникалық жойылу барысындағы өткір жағымды жағылу – түзелу барысында аурудың соңында JgG мен JgМ-нің қалыпты жағдайға келетіндігі. Созылмалы жағдайда JgG мен JgМ жоғары деңгейде болады. толқын тәріздес жағдайында JgG мен М- өсе түседі. Иммундық жүйеге медикаментозды әсерінде өте байқампаздық қажет. Иммунитетке әсер етуші құралдарды өте ауыр жағдайдағы ауруларға қолданылады. Қазір қарастырғанымыз спецификалы иммунды терапияның кейбір тұстары, яғни нақты қоздырғышқа бағытталған немесе Т- жүйесінің иммундық жауабы препараттар, осы мақсат үшін қолданылған (Т- активин, левамизол, спленин т.б.) әрине, иммундық терапия жүргізу дәрілерді қолданудан бұрын тексеру жүргізу керек. Ең әуелі патогендік флора нақты түрде анықталуы қажет. Науқастың ауыр жағдайында барлық балаларға антистафилококты гипериммундық плазмалы қолдануға болмайды. Ауыр жағдайдағы жеткізуші іріңді үрдісс. Әңгіме микробтар ассоциациясы туралы. Бұл гамма – глобулин, анатоксин, бактериафакты қолдануға жатады. Аурудың ең қиын сәтінде, антибактериальдық препараттардың қолдану кезінде адам ағзасы инфекциямен күресе (алады) алмайды, яғни инфекция генерализациясы жүреді. Сондықтан, тез арада бәсең (пассивті) имммунизация жасау керек. Оның негізгі гипериммунды препараттарды көптеген антиденелерді нақты қоздырғышқа арнайды (антимикробты гипериммунды плазмалар, *- глоб.) бәсең иммунотерапияның иммуногенезге, егер ұзақ уақыт дәрі – дәрмек көп дозада қолданса кері әсері болады. Гипериммундық препараттарды көптеп қолданғанда дененің температурасы кенеттен қалыпқа келеді. Ұзаққа созылған ауру асқынуы мүмкін.
Қазіргі кезде оптимальды терапия: 2-5 рет гипериммунды дәрілердің мөлшерімен жіберіледі. Антиденеде пайда болуының төмендеуі үлкен дозалы арнайы емес **- глобулинді қолдануға әкеп соғатынын айта кеткен жөн болар. Гипериммундық дәрілерді қолдану көрсеткіші. В- лимфоциттердің деңгейінің төмендеуі, Т- лимфоциті азайғанда лейкоцитарлық масса және левомизол енгізеді.
Ауыр жағдайдың алғашқы күні JgG-ның толық молекуласы бар дәрі, одан соң токсимин енгізеді. Айқын интоксинацияда Т- активін изотринозды әсері аз, сондықтан изотринозин интон, азайғанда және асқазан –ішек функциясына қалыптасқанда тағайындайды. Левомизолдың оң әсері тимомимтикалық әсерге жасушалық иммунитеттеумен байланысты. Оны қолдану ауру ағымын жеңілдетеді және ауру ұзақтығын қысқартады. Левомизолды бәсеңиммунотерапиямен жедел іріңді үрдісте антибактериальдық емнің уақытын азайтуға болады (2,5 мг/ кг тәуліктік доза. 1 рет күніне 3-5 рет). Ультрадыбысты, рентген, лазерлі қанға әсер ету оң ықпал жасайды. 3 жасқа дейінгі балада ірің септикалық аурулар (Т,В – лимфоциттер өзгерісімен және олардың субпопуляциясы) кезінде тимус аймағына ультрадыбыс пайдалануға болады. Ол F супрессорлардың азаюына, Т- хелпердің көбеюіне әкеледі. Иммунитеттің арнайы емес реттегіштеріне пиримидинді негіздер жатады. Метилурацил жасқа қарай қолданылады, 2-3 аптадай.
Лимфоциттер деңгейі азайғанда лейкоцитарлы масса және жаңа қан құйылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет