Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


БАЛАЛАРДАҒЫ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫ МЕН ШЫҒУЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет165/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

БАЛАЛАРДАҒЫ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫ МЕН ШЫҒУЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Балалардың сүйек жүйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бала жасына сай келетін сынық түрілері болады. Кіші жастағы балалардың көп қозғалуына, құлауына байланысты жарақаттар да көп, бірақ та сүйек сынығы аз кездеседі. Себебі, бала салмағының аз болуы, жұмсақ тіндердің жақсы дамуы, жарақаттаушы күшті азайтады. Балалардың сүйектері жұқа, нәзік, бірақ серпілмелі (эластичный) болып келеді, сондықтан да ересектерге қарағанда оларда сынықтар сирек кездеседі. Серпімділік сүйектегі минералды тұздар аз болуымен, сүйек үсті қабатының (надкостница) қалың болуымен және қанмен жақсы қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі.
Балаларда түтікті сүйектердің метаэпифиздерінің анатомиялық ерекшеліктері бар. Оларда метафизбен эпифиздің арасындағы шеміршектен тұратын өсу қабаты болады. Сол себепте сүйекке түскен зақымдаушы күштің әсері азаяды. Бала жасында аталған ерекшеліктерге байланысты мынадай сынықтар кездеседі: сүйек қабаты астының сынығы, эпифизиолиздер, остеоэпифизеолиз және апофизиолиздер.
Балаларда «жас тал» тәріздес сыну, көбінесе білек сүйектерінің диафиздері сынған кезінде кездеседі.

  • Сүйек қабаты астының сынығы – көбіне зақымдаушы күш сүйек бойымен әсер еткен кезде пайда болады. Бұл кезде сүйек үсті қабаты зақымдалмайды, сынық ығысусыз немесе аздап ығысумен өтуі мүмкін. Мұндай сынық білек және балтыр сүйектерінде кездеседі.

  • Эпифизиолиз эпифиздің метафизден өсу шеміршегі қабатының бойымен бөлінуі. Мұндай сынық балаларда және жасөспірімдерде кездеседі.

Эпифизеолиз көбіне эпифизге тура зақымдаушы күш түсуінен туындайды.
Эпифизиолиздің жиі кездесуіне бірде-бір себеп буын қапшығының байламдарының эпифизге бекітілуі болып табылады.
Апофиздер буыннан тыс орналасады да, бұлшық еттер мен байламдар бекитін орын болып табылады. Өсіну қабаты шеміршегі бойынша апофиз жұлынса оны апофизеолиз дейді. Мысалы иық сүйегінің ішкі және сыртқы айдаршықтарының ығысуы апофизиолизге жатады. Жарақат салдарынан буынның шығуы балаларда сирек кездеседі. Бұл буынды құрайтын сүйектердің және қапшығының, байлам аппараттарының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Аяқ-қол сүйектерінің сынуы буынның шығуына қарағанда 10 есе жиі кездеседі. Балаларда көбінесе шынтақ сүйегі мен кәріжілік шыбығының шынтақ буынында шығуы байқалады.
Клиникасы. Жалпы сынықтар белгілері: ауырсыну, қимылының бұзылуы, жарақаттанған жердің ісінуі, деформация, патологиялық қозғалыс. Алайда аталған белгілердің айқын болуы шарт емес. Олар сүйектің сынуы ығысумен бірге болған жағдайда ғана көрінеді. Алайда кез келген сүйектің бүтінділігінің бұзылуы ауырсыну арқылы жүреді.
Аяқ-қол сынған кезде деформация, қимылдатқан кезде ауырсынудың күшеюі байқалады. Сынған аймақта пальпацияны әрдайым сақтықпен жасау керек. Крепитация мен патологиялық қозғалысты анықтаудың қажеті жоқ, себебі олар қосымша жарақат тудыруы мүмкін.
«Жасыл шыбық» тәрізді сыну кезінде сыныққа тән көріністер болмауы мүмкін. Алайда пальпация кезінде белгілі бір шектелген аумақта ауырсыну сақталады. Бұндай жағдайда рентгенография сынықтың бар-жоқтығы туралы толық мәлімет береді.


Сурет VI. 1. «Жасыл шыбық» тәріздес сынық

Кейбір жағдайда, сынық кезінде пайда болған гематомаға байланысты, баланың ыстығы 370-380-қа дейін көтерілуі мүмкін.


Диагностикасы. Сүйек қабаты астының сынығында, эпифизеолизбен остеоэпифизеолиздің ығысусыз болған жағдайда, диагностика қиынға түседі. Жаңа туған нәрестелер мен омырау жасындағы балаларда да эпифизеолиздерге диагноз қою өте қиын. Себебі, эпифиз шеміршектен тұрады да рентгенде көрінбейді. Кіші жастағы балалардада эпифиз шеміршектен тұратындықтан рентгенде көрінбейді, ал сүйектелу ядросы нүкте тәріздес, сондықтан да, оның метафизге қарағанда жылжыған-жылжымағандығын анықтау мүмкін емес. Ал үлкен жастағы балаларда, ығысусыз эпифизеолизді анықтау жеңілірек, себебі рентгенограммада эпифиз метаэпифиздің бір бөлігін ала жүреді.
Үш жасқа дейінгі балаларда сүйек қабаты астының сынығын анықтау өте қиын. Себебі, анамнезі жеткіліксіз, дамыған тері асты май қабаты, пальпация кезінде сынықтың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан диагноз дұрыс қойылмайды да, нәтижесінде - кейін деформация, сынған мүшенің қызметінің бұзылуы байқалады.
Сыныққа тән ісіну, ауырсыну, аяқ-қол қызметінің бұзылуы, дене қызуының көтерілуі остеомиелитте де кездеседі. Сондықтан, оларды бір-бірінен ажырату үшін, рентгенография жасау қажет.
Сүйек сынықтарының бар-жоғын анықтау үшін, емнің нәтижелігін бақылау мақсатында, сүйектің абсолютті және салыстырмалы ұзындығын және буындағы қозғалыс көлемін анықтау қажет.
Балаларда сынықтарды емдеу жалпы травматологиядағы қабылданған ережелерге сәйкес жүргізіледі. Сүйек сынықтарын бір біріне сәйкес қойып (репозиция), сынған сүйек арасында қозғалысты болдырмау үшін гипстен лонгета, қаңқадан тарту (лейкопластырное, скелетное вытяжение) және операциялық тәсілдер қолданылады. Қолданылатын әдіс сүйек сынығының түріне, орналасқан жеріне, бала жасына байланысты. Басты орынды консервативтік ем-тәсілдері алады.


Сурет VI. 2. Гипстен таңғыш салу
С урет VI. 3. Қаңқадан тарту әдісі

Тұйық гипс таңғышын балаларда қолданбайды, себебі ісінудің нәтижесінде қан айналымы бұзылып, Фолькман контрактурасы, тіндердің өлімсіреуі туындауы мүмкін. Емдеу барысында белгілі бір уақыттан кейін (5-7, 15, 30 күн) рентгеногрфия жасау қажет. Себебі, ол сынған сүйектердің ығысуын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.


Қаңқадан тарту (скелетное вытяжение) әдісі көбінесе иық, балтыр, сан сүйегі сынған кезде қолданылады Жасы 5-ке дейінгі балаларда лейкопластырлық, ал одан үлкендерге қаңқадан тарту тәсілі қолданылады. Сынған сүйектің жабық репозициясы, қаңқадан тарту әдісі ауырған жерді жансыздандырғаннан кейін өткізіледі. Бұл үшін ауруханада наркоз беріледі, ал амбулаторияда сынық маңайындағы гематомаға 1% немесе 2% новокаин жіберіледі. Кей жағдайда қосымша промедол жасалуы мүмкін.
Сынықтарды емдеу кезінде, бала өскенде ығысулардың өздігінен түзелу мүмкіндігі есте болуы қажет. Мұндай жағдайда репозиция жасалмайтды, тек гипс салынады. Мұндай сынықтарға: сүйек бойымен 1-1,5 см, сүйек енінің жартысына дейін және 10-120 бұрыштық ығысулар жатады. Жастары 12-15-тегі балаларда сүйек ығысуларын болдырмауға тырысу қажет.


Сурет VI. 4. Илизаров аппаратымен емдеу әдісі

Жабық репозиция, гипс иммобилизациясы мен қанқадан тарту әдістері, буын ішіндегі немесе буын маңындағы ығысуы бар сынықтарда, әсіресе айналмалы ығысуы бар сынықтарда нәтиже бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда буын контрактурасы немесе варусты, вальгусты деформациялар пайда болады. Сондықтан да ығысуы бар буын ішіндегі немесе буын маңайындағы сынықтарда консервативтік ем нәтижесіз болса, операция жасалуы қажет.


Операция мынандай жағдайларда: нәтижесіз жабық репозиция, интерпозиция; ашық және дұрыс бітпеген немесе дұрыс бітпей жатқан сынықтарда жасалады.
Операция кезінде, сынған сүйек сынықтары ығыспау үшін Киршнер спицасы, штифтер, пластиналар және де басқа бекітпелер (фиксатор) қолданылады. Аталған фиксаторлар сүйек сынықтарын жылжытпаумен қатар, жұмсақ тіндердің жетілуіне, жараланған мүшенің тез сауығуына (реабилитациясына) мүмкіндік береді.
Металлоостеосинтез әсіресе сан сүйегі мен балтыр сүйектерінің винт тәрізді сынуларында жақсы нәтиже көрсетеді. Оны ересек балаларда қолданады. Бұл тәсіл, иммобилизация кезінде туатын асқынуларды (контрактура, гипотрофия т.б.) болдырмайды:
Жұмсақ тіндердің зақымдалуымен жүретін ашық сынықтарда және бірнеше жерде болатын сынықтарда Г.А. Илизаров остеосинтезін қолданған жөн. Аталған тәсіл, сүйек сынықтарын орнына келтіріп (репозиция) оларға жылжымайтын жағдай жасап, жарақаттанған жұмсақ тіндерді емдеуге мүмкіндік тудырады. Сынықтарды емдеу үшін Илизаров аппаратынан басқа аппараттарды да қолдануға болады.
Балаларда сүйек сынығының біту мерзімі ересектерге қарағанда қысқа болады. Сүйек сынығының біту мерзімі сынықтың түріне, ығысудың бар-жоқтығына, орналасқан жеріне байланысты (кесте VI. І). Ол мерзім рахитпен, гиповитаминозбен, туберкулезбен ауыратын балаларда ұзарады.
Иммобилизация уақыты жеткіліксіз болып, уақытынан ерте сынған жерге салмақ түсірілсе сынған сүйек орнынан жылжуы немесе қайта сынуы мүмкін.
Кесте VI. І.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет