Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ОМЫРТҚА ЖӘНЕ ЖАМБАС СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ



бет173/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

ОМЫРТҚА ЖӘНЕ ЖАМБАС СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ

Омыртқаның зақымдануы көбінесе биіктіктен (ағаштан, шатырдан, әткеншектен) құлағанда, суға сүңгігенде, дене шынықтыру кезінде туындайды. Бұл сынықтардың ішінде жаншылған, қысылған омыртқа сынықтары күрделі зақымданулар қатарына жатады. Дұрыс емделмеген жағдайларда мұндай сынық омыртқаның ассептикалық некрозына, кифосколиозге әкеп соғады. Омыртқа сынығы кезінде, кейде жұлын, жұлын түбірлері зақымдалуы мүмкін.


Омыртқа сынуының келесі түрлерін ажыратады: денесінің сынығы, доғаның, өскінділердің сынуы.


Сурет VI. 21. Омыртқа сынықтары


Омыртқаның жота өсіндісінің сынығы өсіндіге тура тиген соққыдан пайда болады. Клиникалық көрінісі: зақымдану таған жердің ауырсынуы және ісінуі, өсіндіге басқанда, алдыға қарай еңкейгенде, артқа қарай шалқайғанда аруырсынудың күшеюі байқалады. Рентгенограммада – сынық белгісі анықталады.
Емі. Сынған жерге - 1% 5 мл новокаин енгізіледі де баланы қатты төсекке жатқызады. Емдеу барысында анальгетиктер, ЛФК, физиоем тағайындалады.
Омыртқа денесінің жаншылған сынығы. Мұндай сынықтар аяққа тік немесе бөксеге құлағанда, белді өте тез бүккенде, баспен төмен құлағанда туындайды. Баспен төмен құлағанда, негізінде мойын омыртқалары мен жоғарғы кеуде омыртқалары, ал аяққа тік құлағанда бел және төменгі кеуде омыртқалары сынады.
Клиникасы және диагностикасы. Клиникалық белгілері: зақымданған омыртқалар аймағында ауырсыну, омыртқа бойындағы бұлшық еттердің түйілуі, іштің ауырсынуы, омыртқа бойына күш түскенде ауырсынудың күшеюі болып табылады. Неврологиялық белгілер қол-аяқтың парездері, жансыздану, зәр шығару ағзаларының функциясының бұзылуы көбінесе омыртқа денесі ығысып сынғанда және спондилолистезде кездеседі. Оның себебі мұндай зақымдану кезінде жұлын және түбірлер зақымданады.
Диагноз клиникалық көрініспен спондилограммадағы өзгерістерге байланысты қойылады.


Сурет VI. 22. Омыртқа сынықтары


Емі. Емнің басты мақсаты - омыртқа бағанасының алдынғы жағына түсетін салмақты азайтып, оның жылжып кетуіне мүмкіншілік бермеу болып табылады. Мұндай жағдайда, сынған омыртқаның деформациясы азайып, омыртқаның ығысып, жұлынның зақымдалу қауіпі азаяды. Осы мақсатқа жету үшін - науқасты қатты төсекке жатқызып, төменгі кеуде омыртқалары сынғанда екі қолтығынан жоғары тартып, төсек басын 20–30 см көтеріп қояды.
Мойын немесе Th1-4 кеуде омыртқалары зақымданғанда Глиссон үзенгісімен басты жоғарыға қарай тартып, сынған омыртқа өсінділерінің астына құм салынған қапшықтар қойылып, реклинация жасалады. Алғашқы күннен бастап ЛФК, физиоемдер жүргізіледі.
Омыртқа денесінің биіктігі, сыну салдарынан жартысынан артық кішірейсе, немесе 2-3 омыртқа жарақаттанса, гипстен корсет 6-12 айға салынып, 1,5 – 2 жылға дейін диспансерлік бақылауға алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет