БАС-МИ ЖАРАҚАТЫ
Ауруханада емделуді қажет ететін жарақаттар ішінде бас-ми жарақаты бірінші орынды алады. Омырау жасындағы балаларда бас сүйек пен мидың жарақаттары төсектен, диваннан, столдан, коляскадан, жерге құлау нәтижесінде туындайды. Құлағанда қорғану қимылы болмағандықтан жас бала басымен соғылып, бас-ми жарақатын алады. Мектеп жасына дейінгі балаларда жарақат терезеден, балконнан, төбеден, кейде аса биіктен құлау салдарынан болса, мектеп жасындағы балаларда қозғалмалы ойын немесе автожол қақтығысу кезінде туындайды.
Жалпы бас-ми жарақатын алушылардың жағдайының ауырлығы, клиникалық көрінісі, әсер ету күшіне, механизміне, ми мен бас сүйектерінің зақымдалуының ерекшетіктеріне ғана емес, ол баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне: мидың және бас сүйектерінің даму айырмашылықтарына, бас сүйек қуыстарының кеңістіктеріне, бас сүйек күмбездерінің тігістерінің әлсіз қосылуына, еңбектің болуына, қан тамырларымен бас сүйектерінің серпімділігіне, мидың функциялық және морфологиялық жетілмеуіне, мидың сыртқы қабатының сүйекке бекітілуіне, ми тінінің гидрофильділігіне байланысты. Жарақат қатты әсер етсе де, балалар ауыр жағдайдан тез шығып, неврологиялық көріністер кейде бірнеше сағат қана сақталады.
Қазіргі уақытта бас-ми жарақатының төмендегідей жіктелуі қолданылады (Л.Б. Лихтерман, Л. Х .Хитрин, 1973):
І. Бас сүйек пен мидың жабық жарақаты
А. Бас сүйектерiнің зақымдануынсыз
1) мидың шайқалуы
2) мидың соққы алуы
а) жеңiл;
б) орташа;
в) ауыр дәрежеде, сонымен қоса мидың диффузды аксональдық зақымдануы.
3) Мидың жаншылуы (себептерi және түрлерi)
а) гематома - жедел, жеделдеу, созылмалы;
эпидуральдық, субдуральдық, миiшiлiк, қарынша iшiлiк;
б) субдуральдық гидрома - жедел, жеделдеу, созылмалы;
в) субдуральдық қан құйылу
г) ми iсiнуi
д) пневмоцефалия
4) Бас сүйектен тыс зақымданумен бірлескен (сочетанное) жарақат.
Б. Бас сүйегінiң зақымдануымен жүретiн жарақаттар:
1) мидың соққы алуы
а) жеңiл
б) орташа
в) ауыр дәрежеде.
2) мидың жаншылуы (себебі және түрлері):
а) гематома - жедел, жеделдеу, созылмалы эпидуральдық, субдуральдық, миiшiлiк, қарыншаiшiлiк, жайылмалы;
б) субдуральдық гидрома - жедел, жеделдеу, созылмалы;
в) субарахноидальдық қан құйылуы;
г) ми iсiнуi;
д) пневмоцефалия;
е) батып сыну.
3) Бас сүйегінен тыс зақымданумен бірлескен жарақат (1,2)
ІІ. Ашық бас сүйек және ми жарақаты
а) өтпелі емес немесе сыртқы ми қабығының зақымдануынсыз (клиникалық түрі);
б) өтпелі немесе ми қабығының зақымдануымен
в) оқ-жарақат
Достарыңызбен бөлісу: |