Гемосорбция әдісі. Бұл әдіс іріңді инфекциялық эндо- және экзотоксемияны емдеуді жетілдіру. Ғылыми басылымдар деректеріне қарағандадетоксикациялық ем 1970-1971 жылдары академик Ю.М.Лопухиннің жетекшілігімен жүргізілді. Кейбір кезде сорбциялық (сіңірулік) детоксикациялық ем ретінде гемокарбоперфузия қолданылады (Николаев В.Г., Стрелков В.В., 1979). Ю.М.Лопухин және оның әріптестері, гемокарбосорбцияның оң нәтижелі жақтарын, басқа ауруларды да емдеуге қолдануда, жаңа тұжырымдарға келді. Гемосорбцияны жедел гематогендік остеомиелитте, деструктивті пневмонияда, перитонитте, септикопиемияда, септикалық шокта, постреанимациялық шокта, экзогендік улануда қолданған дұрыс. Гемосорбцияны қолданудың бала жасына байланысты шегі жоқ.
Бір рет қолданылатын гемосорбция жасау мақсатындағы бағаналалы шыны флакондарды адсорбенттерімен қолданған жөн. Баланың жасына байланысты, бағаналарды немесе шыны флакондарды адсорбенттерімен пайдаланады. Оның жасына байланысты бағаналар әр түрлі болады: жаңа туған нәрестелер үшін 50-100 мл, 1-ден 5 жасқа дейінгі балаға 100-200 мл, 6 жастан жоғары – 400-500 мл. ТМД елдерінде көбінесе сорбент (сіңіруші) ретінде белсендірілген (активтелген( көмір қолданылады. Ауруға, экстрокорпоральдық жүйені қосу алдында оны қанмен немесе оның компоненттерімен толтырады. Қандай трансфузиялық зат алу үшін аурудың гемодинамикасына, гомеостазына қарайды. Гемосорбция жасау үшін венаны қолданады. Перфузия жасау жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 10-20 мл/мин, ал үлкен жастағы балаларда -80-100 мл/мин. Гемосорбция жасауда перфузия көлемі ОЦК-ның 2-ден 4-ке дейін бөлігін құрайды.
Асқынуы: техникалық асқынулар – колонка тромбозы және гемодинамикалық асқынулар – артериялық гипотензия, тахикардия, катехоламиндердің денеге таралып улануы.
Ультрафиолетті сәулемен қанды өңдеу – аутоқанды ультрафиолеттік сәулемен өңдеу педиатриялық тәжірибеде қолданылатын квантотерапияның бір түрі. Осы әдістің биологиялық әсерініңнегізі: перифериялық қан айналымын жақсарту, тамырларды кеңейту, микроциркуляцияны арттыру, қанның реологиялық қасиетін көбейту және гемоглобиннің оттегімен қосылуын арттыру болып табылады. Микроциркуляцияны жақсарту, ағзадағы токсиндердің шығуын күшейтеді. Сонымен қатар, қанды ультрафиолетті сәулемен өңдеу ағзаның иммунитетін арттыруға көп көмектеседі. Ол қандағы В-лимфоциттер санын көбейтеді, қандағы иммуноглобулиндердің концентрациясын арттырады.
Қолдану шарасы: интоксикация, перифериялық қан айналудың бұзылысы, созылмалы іріңді септикалық үрдістер.
Әдісті қолдану, орталық веналарды катетеризациялау әдісімен жүргізіледі. Жалпы салмағына шаққанда, 2 мм/кг. Әр өңдеуді 24-48 сағатта қайталап отырады. Кей кезде қанды ультрафиолеттік өңдеуді гемосорбциямен қосарлай қолданады.
Иммунотерапия. Ағзадағы иммундық жүйеге медикаменттер арқылы әсер етуді байқап және негіздеп жүргізу қажет. Иммунитетке әсер ететін дәрі-дәрмекті, тек өте ауыр жағдайда жатқан науқастарға қолдану керек.
Г.А. Кутубидзенің (1983г) мәліметі бойынша іріңді инфекцияда иммунитеттің Т-В жүйесі күйзеліске ұшырайды және лейкоциттің интерферондық реакциясы төмендейді. Созылмалы іріңді инфекцияларда G, A, M иммуноглобуллиндердің концентрациясы көбейіп, Т-В лимфациттердің саны азаяды.
Баланың жағдайы ауыр жағдайда және неғұрлым оның оның жасы кіші болса, иммунологиялық реактивтің күйзелуі жоғары дәрежеде болады.
JgA және JgM концентрацияларының артуы, T-B-лимфоциттердің санының көбеюі аурудың жазылу мүмкіндігі күшті екенін көрсетеді.
Иммунотерапия жүргізу үшін, ағзадағы иммундық жүйенің көрсеткіштерін алдын ала білу міндет. Сонымен қатар, патогендік флораны анық білу қажет. Ауру балаға қалай болса солай, антистафилококктық гипериммундық плазма қолданылмайды. Тек іріңді инфекцияны сол микроб қоздырған кезде ғана қолданады. Осындай бағыттағы емді, басқа иммунды дәрілерді қолданған кезде де еске сақтап отыру керек (гамма-глобулин, бактериофаг).
Егер іріңді инфекцияның жедел сатысында баланың жағдайы ауыр болса, генерализацияның (жаппай таралудың) белгісі болса, ауруға бәсең (пассивті) иммунизацияны жүргізу қажет. Ондай иммунизауияның негізін құрайтын дәрілер: антимикробтық гипериммундық плазма, гамма-глобулин болып табылады. Негізінде, қазіргі кезде, 2-5 рет гипериммундық дәріні қолданған дұрыс деп есептейді. Егер, гипериммундық дәрілердің дозасы жоғары және ұзақ қолданса, ағзада антиденелердің пайда болуы төмендеп, теріс әсер етуі мүмкін. Егер ауру балада Т-В-лимфациттің мөлшері азайса, гипериммундық плазма және левомизол, Т-активин қолдану керек. Левомизол тәулігіне 2,5мг/кг салмаққа күніне 1 рет, күн ара 3-5 рет қолданылады.
Лазеротерапия. Іріңді инфекция кезінде жараны жетілдіру үшін гелий-неонды лазер сәулесін қолданады. Ол үшін гелий-неонды лазер ЛГ-75, ОКГ-12, ЛГ-1 қондырғылары қолданылады. Ол қондырғылар полярленген монохроматикалық қызыл жарық шығарады, толқын ұзындығы 632,8 НМ. Сәулелендіру экспозициясы 1 минуттан 10 минутқа дейін жүргізіледі. Сәулелендіру қуаты 100-150 м Вт/см2. Жалпы 5-тен 30-ға дейін сеанс қолданылады.
Лазердің әсер ету механизмі әр қилы болады: іріңді қабыну ошағында тотығу-тұрақтану үрдістері күшейіп, тіндерде оттегімен қамтамасыз ету үрдісі артады, сонымен қоса қан тамырларының өткізгіштігі үстемеленеді, жергілікті ошақта пролиферациялық үрдіс күшейеді, ағзаның қорғану қасиеті жоғарлайды.