Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет194/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

VII. ОНКОЛОГИЯ


Онкология туралы жалпы түсінік
Ағзадағы әр түрлі орналасымдағы белгілі бір тіндердің шамадан тыс өсуін ісік деп атайды. Ісік ауру ретінде өзіне тән қасиеттерімен әр науқастың ерекшелігіне және ісіктің себебіне байланысты пайда болады. Барлық ісіктер соған байланысты екі түрге бөлінеді; қатерлі және қатерсіз ісіктер.
Қатерсіз ісіктер атында көрсетілгендей жақсы болжамды ағыммен өтеді. Қатерсіз ісіктер даму барысында өзін қоршаған тіндерді қысып ығыстырады, көбінде олардың капсуласы болады, сонымен қатар метастаз бермейді, радикальды операциядан кейін рецидив бермейді, яғни қайталанбайды. Бұл ісіктерді гистологиялық тексеру кезінде өзгеріске ұшыраған жасушалардан табылады. Егер қатерсіз ісік өмірге аса қажет ағзада орналасса, онда науқастың денсаулығына, немесе өміріне қауіп тудыратын жағдайлар да сирек емес. Кей кезде эпителиальды клеткадан тұратын қатерсіз ісік қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Ісікке дер кезінде дұрыс диагноз қою үшін төмендегі тексерулерді жүргізу қажет:

  1. функциялық және зертханалық тексерулер:

  • сыртқы дем алу жағдайын бағалау (қалыпты жағдайда, күш түсіретін жүктеме кезінде, еріндерінің, терісінің түсі); көкірек қуысының және медиастинумның ісіктерінде өкпенің ісікпен немесе кистамен қысылуынан ентігу түрінде дем алудың бұзылуы, минуттық дем алыс көлемінің ұлғаюы анықталады.

  • жүректің функциялық жағдайы (тахикардия, экстрасистолия; алдыңғы және артқы медиастинумда орналасқан үлкен көлемді ісіктерде жүректің электрлік осінің солға ығысуы болады

  • зәрдегі катехоламиндердің белсенділігін анықтау; симпатикалық жүйке жүйесінің ісіктерінде катехоламиннің экскрециясы артады, бұл белгі жетілмеген ісіктерге тән

  1. рентгенологиялық тексерулер – ісіктердің көлемін, орналасуын және сипатын анықтау үшін

  • жалпы шолу рентгенографиясы және рентгеноскопиясы

  • суперэкспонизациялық рентгенография

  • өңешті, асқазанды, ішекті контрастық тексеру

  • томография

  • пневмомедиастинография

  • жасанды пневмоторакс

  • ангиокардиография

  • бронхография, ирригография, урография, цистография

  • компьютерная томография

  • магниттік резонанс.

Егер жалпы рентгенография патологиялық құрылымның көлемі және қоршаған тіндер жайлы жалпы мағлұмат берсе, томография оның қатар-қатар қабаттары бойынша суретін береді. Ең бағалы мәліметтерді компьютерлік томография береді. Ол ісіктің құрылымын, басқа тіндермен және ағзалармен байланысын, құрылымдағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
3) арнайы тексеру әдістері:

  • жүйке жүйесінің ісігіне күдіктенгенде сүйек қуысының пункциясы жақсы мағлұмат болады. Миелограмманы тексеруді жетілмеген ісіктерде және жүйелік ауруларда тағайындайды. Стернальдық пункция жалпы наркозбен төстің Кассирский инесімен 0,5-1 см тереңдікке енгізіліп жасалады, ал кішкентай балаларда (5 жасқа дейін) мықын сүйектің «қанатын» пункциялайды. Қан құрғақ шприцке 0,2-0,3 мл көлемде алынып, жағынды жасалады.

  • биопсия – эксцизиондық биопсияда лимфа түйіндерінің капсуласы зақымданусыз алынады.

4) эндоскопиялық тексеру әдістері:

  • бронхография

  • бронхоскопия

  • эзофагоскопия

  • урография

  • цистоскопия

  • цистография және басқалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет