Морфологиялық зерттеулер. Бүйрек тінінің биопсиясы. Тері арқылы, ашық және жартылай ашық биопсия әдістері бар. Биопсия әдістерін таңдау баланың жасына, жеке ерекшеліктеріне, аурудың сипатына және т.б. байланысты. Материал қажетті шамада алынып жарық оптикалық, иммунофлюоресценттік және электронды-микроскопиялық зерттеулерден және арнайы өңдеуден өтеді. Ол басқа әдістермен зерттеп бүйректің жағдайы туралы керекті және толық ақпарат ала алмағанда ғана қолданылады. Тірі тінді тексеру - морфологиялық өзгерістердің сипатын анықтауға, зақымдану дәрежесін нақтылауға, бүйректегі өзгерістердің патогенезі туралы толық және дұрыс мәлімет алуға, нақты диагноз қоюға және дұрыс ажыратпалы диагноз жүргізуге, емдеу шараларының нәтижелілігін анықтауға және дұрыс болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүйрек патологиясына қүдіктенгенде науқастарды тексеру схемасы Науқас анамнезін жинау (шағымдары, инфекциялық индекс, тоңазу, жарақат, вакцинация және т.б.).
Отбасылық анамнез жинау (туа біткен және тұқым қуалайтын ақаудың барын анықтау).
Науқасты қарау (бозару, ісіну, ауыздан иіс шығу, геморрагия, терінің рахиттік өзгерістері, бой өсудің тежелуі және т.б.).
Артериялық қан қысымын өлшеу және ЖЖЖ тексеру.
Баланың арқасына жатқызып, аяғын бүгіп пальпациялау (бүйректің көлемі мен флюктуациясын анықтау).
Бел аймағын соққылау (ауырсыну сезімін анықтау, олардың сипатымен иррадииациясы).
Мықын үсті аймағын пальпациялау және соққылау (ауырсыну синдромын анықтау).
Диурезді тексеру (жалпы диурез, тәулік ішіндегі кемістіктері, жиі зәр шығару, зәр ұстамау және т.б.).
Зәрдің жалпы таңдамасы(бояуы, реакциясы, салыстырмалы тығыздығы, ақуыз, эритроциттері, лейкоциттері, цилиндрлері, тұздары).
Зәр тұнбасын сандық тексеу әдістері (Каковский-Аддис бойынша пішінді (формалық) элементтерді санау, Нечипоренко мен Амбурже сынамасы).
Зимницкий бойынша еркін сынама (ерте жастағы балаларда).
Бактериурияға зәрді тексеру (микрофлораның сипатын антибиограммамен анықтау және белсенді лейкоциттер).
Қанның жалпы талдамасы, эритроциттердің тұну жылдамдығы.
Қанның спектрін ақуызы және липидті тексеру.
Электролиттік тексеру және ҚСТ.
Қалдық азотты, мочевинаны, креатининді және қандағы холестеринді, шумақшалық инфильтрацияны (сіңірме), арнаша реабсорбцияны және секрецияны анықтау).
Қорытынды рентгенограмма мен экскреторлық урография.
Радиоизотопттық ренография.
Күрделі урологиялық, гистоморфологиялық және т.б. тексерулер қиын диагностикаланатын ауруларда жүргізіледі.