Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің



бет113/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің
даму ақаулары мен аурулары
Қуық экстрофиясы.
Қуық экстрофиясы - куықтың және құрсақтың алдыңғы қабырғаларының іштен жоқ болып тууы. А П.Пугачевтің мәліметі бойынша (1986) бұл кесел 40-50 мың жаңа туған нәрестелердің біреуінде кездеседі. Қыздарға қарағанда ұлдарда екі есе жиі кездеседі. Экстрофия көбінесе тотальдық эписпадиямен /үрпінің үстіңгі қабырғасы мен тасамайдың үстіңгі бетінің жоқ болып тууы) қатар жүреді.
Эмбриональдық даму кезеңінің 5 аптасында куыктың Льето үшбұрышы мезодермальдық тіннен, ал күмбезі- энтодермальдық тіннен (клоакадан жіктеліп шығады), ал несепағары - Вольф жылғасынан пайда болып, үшеуі бір-бірімен түйісе келе бүтін қуық пайда болады (А.Гопадо,1971).
Белгілі бір (экзогендік немесе эндогендік) зиянды факторлардың әсерінен, қуықтың күмбезі клоакадан жіктеліп шықпастан, тек Льето үшбұрышы мен несепағар қана пайда болып калса, қуықтың алдыңғы қабырғасы ашык күйінде қалады. Ал қуыктың алдыңғы бетінің ашық қалуы, құрсақтың алдыңғы қабырғасындағы эмбриональдық жарыққа байланысты, бұрыннан бар тесіктің төменгі бөлігінің (қуықтың ашық жатқан жерінің) жабылмай қалуына себепші болады. Сол себептен қуық экстрофиясы дамиды.
Клиникалық сипаты: кіндіктен төмен, құрсақтың алдыңғы бетіңде орналасқан дөңгелек тесіктен, яғни ақаудан қып-қызыл болып, қуыктың артқы қабырғасының шырышты қабаты томпайып сыртқа шығып тұрады. Кіндік, экстрофияға ұшыраған қуықтың үстіңгі ернеуіне жақын жерде орналасады, бірақ көбінесе болмайды. Қуықтың көрініп тұрған шырышты кабығы канағыш, ауырғыш, жылдам жараланғыш болады. Уакыт өте келе куықтың шырышты қабығы кейбір жерінде метаплазияға ұшыраса, кейбір тұсында тыртықтанады, оның көлемі кішірейеді, бетіне сүйел тәрізді, яғни папиломатозды өскіндер каптайды. Несепағардың сағалары қуық үшбұрышының төменгі бөлігіне келіп ашылады, ұшы конус тәрізденіп шошайып шығып тұрады немесе әбден түрпідей болып кеткен, шырышты қабаттың қатпарларының арасында көрінбей жатады. Үнемі сыртқа ағып тұратын зәр, экстрофияға ұшыраған қуыктың төңірегін, шап аймағының терілерін тітіркендіріп, күйдіріп жараға айналдырады.
Экстрофияға ұшыраған қуықтың ені бала тыныш жатқанда әр түрлі болып келеді (3-8см). Қасаға сүйектері дамымай қалғандықтан шаты айрылып екі жақта жатады. Қасаға сүйектерінің арасы 4-7 см-дей болады. Бала үйрек тәрізді екі жағына теңселе басып жүреді.
Көп жағдайда экстрофиямсн бірге шап жарығы, крипторхизм, тік ішектің шырышты қабатының түсіп кетуі, жоғарғы және төменгі зәр жолдарының кемістіктері, қыздардың кынабының, жатырдың косарлануы тәрізді кемістіктермен қабаттаса кездесіп отырады.
Қуық экстрофиясында несепағардың тікелей сыртқы ортаға ашылуы, инфекцияның жоғарғы зәр шығару жолдарына тез таралуына, сөйтіп пиелонефриттің дамуына әкеліп соқтырады. Сондықтан, мұндай науқастар жылдам тексеріліп, тез арада операция жасау қажет. Көпшілік урологтардың пікірі бойынша, операция мерзімі туған сәтінен бастап 1 жасқа дейінгі аралықта (С.Д.Терновский, 1953, Г.А.Баиров, 1961) жасалуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет