Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет203/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Эпидуральдық гематома деп мидың жалпы және жергiлiктi қысылуын тудыратын, бас сүйектiң iшкi беткейі мен мидың қатты қабығының арасына жиналған қанды айтады. Эпидуральдық гематоманың себебі - a.meningae media және оның алдыңғы артқы тармақтарының, веналардың, синустардың, сүйекішілік (диплоэтическая) тамырларының зақымдануы. Клиникалық көрініс беретін эпидуральдық гематоманың көлемі 30-80 мл аралығында болады. Олар маңдай-самай (алдыңғы), самай-төбе (ортаңғы) және самай-төбе-шүйде (артқы) аймақтарында орналасуы мүмкін.
Клиникасы және диагностикасы. Эпидуральдық гематоманың клиникасында 4 кезең анықалады.
І-ші кезең «аккомодация кезеңі» - dura mater encephali үстінде жиналған қан ликвор жүретін кеңістікті жартылай жаншиды. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Алайда, ол әлсіздікке, басының ауыратындығына, үнемі ұйқысы келіп тұратындағына шағым жасайды. Мұндай жағдай, мидың компенсаторлық мүмкіншіліктерінің толық жойылуына дейін сақталады.
ІІ кезең - веналық (көк тамырлық) тоқырау (венозный застой), немесе ерте пайда болатын клиникалық көріністер кезеңі. Қан құйылудың жалғасуынан гематома ұлғайып, мидың қысылуының нәтижесінде веналық қан айналымы бұзылады. Аталаған веналық тоқырау әсерінен мидың ісінуі пайда болады да, қан айналымының бұзылыстарын одан әрі ұлғайтады. Екінші кезеңнің клиникасы баланың мазасыздануымен, бас ауыруының күшеюімен, бас айналуымен және көп құсумен сипатталады. Бала, алғашқыда сұрақтарға баяу, дұрыс жауап береді, кейіннен уақытты, тұрған жерін, бағыт-бағдарды анықтай алмай, біртіндеп есін жоғалтады. Мазасыздану қозуға ауысып, кома туындайды. Ошақтық неврологиялық белгілер: анизокория, қарашықтың жарыққа реакциясының төмендеуі, біртіндеп кеңеюі, қарама қарсы жақта VІІ жүйке тамырларының парезі, гемипарез пайда болады.
ІІІ кезең – гематома көлемінің ұлғаюымен және ми жаншылуының (компрессиясының) үдеуімен, анемия белгілерімен сипатталады. Баланың жағдайы сопордан біртіндеп комаға ауысады. Анизокория, қарашықтың жарыққа сезімталдығы жойылып, қарама-қарсы жақта гемиплегия, патологиялық рефлекстер пайда болып, тыныс алуы бұзылып, брадикардия туындайды.
ІУ кезең – ми дислокациясының кезеңі. Бұл кезеңде көз қарашығы кеңейіп, жұтыну, жөтелу мүмкіншіліктері жоғалып, қан қысымы төмендеп, пульс жиіленіп, ритмі бұзылып, тыныс алуы ретсізденіп, Чейн-Стокс типтес тыныс пайда болуы мүмкін.
Емі. Эпидуральдық гематомада шұғыл операция жасалуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет