Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет206/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Бас сүйектерінің сынықтары. Олардың төмендегі түрлері болады: бас күмбезi сүйектерінің сынуы, бас негiзiнің сынуы және күмбез бен бас негiзінiң қоса сынуы. Балаларда бас сүйек күмбезiнiң сынықтарының келесi түрлерін ажыратады:

  • сызықтық (шытынау)

  • батып сыну

  • жарықшақтанып сыну

  • бас сүйек тiгiстерiнiң ажырауы.

Бас сүйегі күмбездің сызықты сынықтары, негізінен омырау жасындағы балаларда, және негізінен төбе, маңдай, сирегірек - самай, шүйде сүйектерінде кездеседі. Кейде мұндай шытынаулар бірнеше сүйектерде бірден болуы мүмкін. Бас сүйегінің рентгенограммасын оқығанда, шытынаулардың қан тамырлар жүлгесімен қиылысуына өтуіне көңіл бөлу қажет. Оның себебі, бас сүйек ішілік қан тамырлары зақымдалып, эпидуральдық гематомалар туындауы мүмкін. Тіндерге қанның сіңуінің нәтижесінде, гематоманың шеттері көтеріліп, тығыздалынып, бас сүйек сынуының көрінісін береді. Бір жасқа дейінгі балаларда сүйектің серпімділік қасиетінің жоғары болуына байланысты ішке қарай майысқан, доп тәріздес, сынулар кездеседі. Апоневроз асты гематомалары түзілмейді. Ересек балаларда көбінесе импрессиондық немесе депрессиондық сынықтар жиі кездеседі.
Емі. Бас сүйегі ішке қарай ығыса сынғанда науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болуына қарамастан, ми жаншылуын және басқада асқынулардың алдын алу үшін, ертерек операция жасалуы керек. Сынған сүйек бөлшектері ішке қарай 0,5 см артық ығысса - шұғыл, ал одан аспаса, операция 3-4 күннен кейін жасалады.




Сурет V.20. бас сүйектің сынығы

Бас қаңқа сүйегінің негізі сынғанда мидың зақымдануы әсерінен, науқастың жағдайы ауыр болады. Мидың зақымдалуының клиникалық көрінісімен қатар, құлақтан, мұрыннан, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан қан, немесе ликвор (сұйықтық) кетуі мүмкін. Бас сүйегінің алдыңғы шұңқырының сынуы кезінде көз ұясындағы жұмсақ тіндерге қан ұйылынуы нәтижесінде «көзілдірік» белгісіндей көгеру пайда болуы, ал самай сүйегінің пирамидасы сынғанда, құлақтан қан аралас ликвор кетуі мүмкін.


Емі. Бас сүйегінің қаңқа негiзi сынғанда консервативтiк ем жұргізіледі. Бас күмбезi сүйектері сынған кезде ауруханаға жатқызылу (госпитализация) мерзiмi 3 апта, ал оның негiзi сынғанда - 4-6 аптаға созылады. Балалар дене шынықтыру сабағынан 6-8 айға дейiн босатылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет