Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Бас сүйек пен мидың ашық жарақаты. Бастың жұмсақ тіндерінің зақымдануының бас сүйек сынықтарының проекциясына сәйкес келетін жарақаттарын ашық бас-ми жарақаттары деп атайды. Сонымен қатар, ашық бас-ми жарақатына мұрын, құлақ және ауыз қуысынан қан немесе ликвор ағуымен жүретін жарақаттар да жатады.
Клиникасы. Балалар ауруханаға көбінесе гемипарез немесе паралич, бұлшық ет тонусының өзгерістерімен, рефлекстердің тежелуімен, анизокориямен, гипертермиямен, жүрек, тыныс алу қызметінің бұзылуымен, сопор немесе кома жағдайында жеткiзi-ледi. Аталған клиникалық көріністер, бас сүйектерінің және мидың зақымдану дәрежесiне, алынған жарақаттың ауырлығына, науқас-тың жасына байланысты болады. Кейде ошақтық неврологиялық көрініссіз өтетін ашық бас-ми жарақаттары кездесуі мүмкін.
Емі.Барлық ашық бас-ми жарақатында операция жасалады. Жараға бiрiншiлiк хирургиялық өңдеу жасалып, миға енген сүйектің сынықтары алынып тасталынады. Егер сүйектiң сынған бөлiктерi iрi болса және мидың iсiнуi болмаса, онда сүйек сынықтары орнына келтіріліп ақау жабылады. Медикаментоздық ем ми зақымдануының ауырлығына байланысты жүргізіледі.
Ашық бас сүйек жарақатында ауруханадағы ем мерзiмi 4-10 аптаға дейін созылады. Кейіннен бас-ми жарақатын алған науқастар неврологтардың бақылауында болуы тиіс.