ПАТОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫҚТАР
Паталогиялық сынықтар - бұл сүйек ауруымен ауыратың балаларда аздаған жарақаттаушы күш әсер еткенде пайда болатын сынықтар. Мұндай сынықтар фиброздық остиодисплазияда, рахитте, цингада, остеомелитте, туберкулез ауруларында туындайды.
Сүйектенудің дамуының жеткіліксіздігі – этиологиясы белгісіз, туа пайда болған сүйек сынғыштығы. Сүйек омырау жасындағы балаларды орағанда, аяқ-қолын жазғанда, ересек балаларда - отырғанда, аяғына тұрғанда азғана күштің әсерінен сынып кетеді.
Клиникалық көрінісі: сынған жерде ауырсыну, сүйек сынықтарының жылжымалылығы, сықыр, деформация, ісіну байқалады.
Бұл аурудың жатыр ішілік және кеш пайда болатын түрлерін ажыратады. Сүйек дамуының жеткіліксіздігінің белгілеріне аяқтың қисаюы, бұлшық еттің солуы, көгілдір склера және тістің «кәріптас»(«янтарь») тәрізділігі жатады. Жаңа туған нәрестелерде аяқтарының қисықтығы, томпайған сүйек тіндерінің жатыр ішінде сынып біткен жерлері байқалады. Мұндай «шыны тәріздес» сынықтар саны өте көп болуы мүмкін. Сүйек дамуының жеткіліксіздігіне қарамастан, сынықтар тез бітеді. Омырау жасындағы балаларда бас сүйектері өте жұмсақ болғандықтан есейгенде бастың деформациясы туындайды.
Рентгенограммада - сүйектердің нәзік, жұқарғандығы мен қатар, біткен сынықтардың орны да көрінеді.
Емі: Бұл ауру сынықтарының негізгі емі - репозиция және фиксация. Гипстен лонгетаны, сүйектен тартуды сынық толық біткенге дейін ұстайды. Жергілікті еммен қатар, УФО, поливитамин, витамин «Д», балық майы, кальций препараттары, неробол, тиреокальцитонин беріледі. Қисайған аяқ-қолды түзету үшін кейде операция жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |