Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Аневризмалық сүйек ісіктері және остеобластокластомада да



бет210/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Аневризмалық сүйек ісіктері және остеобластокластомада да патологиялық сүйек сынықтары туындауы мүмкін. Аздаған сыртқы әсердің салдарынан аневризмалық сүйек ісігі немесе остеобластома орналасқан жерде (иық сүйегі мен жіліншік сүйектерінің жоғарғы метафиздерінде, сан сүйегінің жоғарғы және төменгі метафиздерінде) ісіну, ауырсыну, көгеру, деформация, қимыл-қозғалыстың шектелуі байқалады.
Аневризмалық сүйек ісігі – метафиздегі қан микроциркуляция-сының бұзылуынан пайда болатын дисплазиялық үрдіс. Бұл үрдіс кезінде аневризмалық ісіктің әсерінен, сүйекішілік қысымы 400-500 мм су бағанасына дейін көтеріліп, сүйек қыртысы жұқарып, сүйек шар тәріздес болып созылғандықтан, аз ғана күштің әсерінен сынық туындайды. Бала өсе келе, патология диафизге қарай көшеді де, сүйекішілік қысым төмендейді.
Остеобластокластома – сүйек тінінің өсу үрдістерінің бұзылуынан пайда болатын ісік. Бұл ісіктің аневризмалық ісіктен айырмашылығы, өсу қыртысымен эпифизді жарақаттамайды, ауырсынуды тудырмайды, буында сарысу жиналмайды.
Емі. Аневризмалық ісіктерде пайда болатын сынықтар ығысусыз болатындықтан, жарақаттанған қолға немесе аяққа гипстен лонгета салынады. Иммобилизация мерзімі жай сынықтарға қарағанда 2-3 апта ұзағырақ болады.
Остеобластокластоманың салдарынан туындайтын сынықтарды да консервативтік тәсілдермен емдейді. Ісіктер өте үлкен болған жағдайда – операция жасауы қажет. Жарақаттанған сүйек бөлігі кесіп алынады да оның орны ауто-, гомо-, гетеротрансплантатпен толтырылады. Операциядан кейін, сынған сүйек10-12 айдан кейін бітеді.
Патологиялық сыну созылмалы остеомиелит кезінде сан, иық, балтыр сүйектерінде туындауы мүмкін.
Сынған жер ауырсынып, ісінеді, сынған жерді басқанда ауырсынудың күшеюімен қатар, патологиялық сүйек қозғалысы, деформация анықталады. Рентгенограммада остеомиелитке және де сыныққа тән өзгерістер көрінеді.
Емі. Ығысуы бар сынықтарда жабық репозиция жасалып гипстен лонгета салынады, ал сан сүйегі сынғанда – қанқадан тарту әдісі қолданылады. Иммобилизация уақыты клиникалық көрініспен, рентгенографиядағы деректерге байланысты анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет