Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет114/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Қуық қалталары,
Қуық қалталары, яғни дивертикулдары деп дорба тәрізденген қуықтың қосымша қуыстарын айтамыз. Шын және жалған қалталар болады.
Жалған қалталар бүкіл қуықтың бетіне орналасқан ұсақ-ұсақ амебалардың түрі сияқты шұңқырлардан тұрады. Зәрдің ағып шығуы ұзақ уақыт бойы бұзылғанда, қуықтың қайта-қайта жиырылып-жазыла беруіне байланысты, оның қабырғасындағы бұлшық еттер, яғни детрузордың еттері әбден ширыға келе, біртіндеп бір-бірінен бөлініп, талшықтанады. Ал қуықтың шырышты қабығы, қуықтағы қысымның көтерілуіне байланысты, талшықтанған еттердің арасында пайда болған қуыстарға шұңқыр жасап кіріп кетеді. Сол шұңқырлар біртіндеп жалған қалталарға айналады.
Шын қалталар (іштен туа біткен) әдетте куықтың арткы қабырғасында, урахустың бітелмей калған тесігінің тұсында орналасады. Содан кейін, қуық қалталары қуық күмбезі мен Льето үшбұрышының бір-біріне түйіскен шекарасында орналасады. Мұның себебі эмбриональдық даму кезінде, қуықтың энтодермальдық тіннен пайда болған күмбезі мезодермальдық тіннен пайда болған Льето үшбұрышымен түйіскен кезде, екеуінің шекарасыңда осал тұстар қалып калады да, кейіннен, қуыктың ішіндегі қысымның көтерілуіне байланысты (цистит болса, үрпісі тарылып қалса, тас байланса т.б), сол осал тұстан қуык қалтасы пайда болады. Қалтаның кабырғасы да куыктың қабырғасы тұратын қабаттардан тұрады. Қалталардың сиымдылығы бірнеше миллилитрден бастап 500 мл-ге дейін бола береді. Көбінесе бір, кейде бірнеше (2-3) қалталар кездеседі.
Клиникалық сипаты. Шын дивертикулдың клиникалық белгілері әдетте жұтаң болады, көбінесе қуық қабынуының белгілерімен білінеді. Қалтаға іркіліп қалған зэрдің зардабынан қуык созылмалы қабынуға шалдығады. Қуығында ірі дивертикулы бар ауруларда бірінің артынан бірі екі дүркін несеп шығару белгілері байкалады: ең бірінші несеп шығарғанда қуықтағы зәр шығады, содан кейін қалтадағы зәр шытады.
Қуық калталарының кабынуы (дивертикулиті) терминальды
пиуриямен белгілі болады, яғни несеп шығарып бола бергенде зәр соңынан ірің ағады.
Диагноз қою. Диагнозды қуықтың несептен босаған кезінде жасалған цистоуретрография мен цистоскопияның негізінде қояды. Цистографияны, науқасты бір жақ қырынан жаткызып қойып жасаған кезде, цистограммадағы қуықтың бір бүйірінен, көлемдері әр түрлі болып келетін, томпайып шығып түрған қосымша көлеңкелелерге қарап дивертикулдары бар екенін анықтайды. Әсіресе, бала қүшенген кезде контрастты зат қуықтың қалталарына нығыздалып тұрады да, қалта өте жақсы бейнеленеді. Жалған қалталардың бар екендігін қуық бетінің (контурының) бұйраланып өзгергенінен білеміз.
Цистоскопия кезінде шын қалталар болса, олардың кіреберістері әртүрлі дөнгелек және сопақ болып келетін тесіктер түрінде көрінеді. Олардың айналасындағы қуықтың шырышты қабаты сай-сай болып қыртыстанып жатады. Жалған қалталар болса, қуықтың қабырғаларынан қаптаған ұсақ-ұсақ ұялар (трабекулалар) көрінеді. Бірақ олардың шырышты қабығы, шын қалталардың шырышты кабығы сияқты сай-сай болып, қыртыстанып жатпайды.
Емдеу жолдары: қуық қабынуының белгілерімен білінетін және куықты жиі қабындыратын үлкен қалталар болса, оларды операция жасап алып тастаған жөн. Ал, жалған қалталар болса, онда жалған қалталардың пайда болуына бірден бір себепкер болып саналатын инфравезикальдық обструкция көзін, операция жасау аркылы жою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет