Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет116/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

СЫРТҚЫ ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫНЫҢ
ДАМУ АҚАУЛАРЫ МЕН АУРУЛАРЫ


Үрпінің қақпақшалары
Үрпі қақпақшасы дерті инфравезикальдық обструкциялардың қатарына жатады. Бұл аурудың пайда болуын эмбриональдық /урогенитальдық/ даму кезінде Мюллер жылғасының немесе урогенитальдық мембрананың толық инволюцияға түспеу салдарымен байланыстырады. Ауру 1:10000 қатынасындай жиілікте кездеседі. Көбінесе ер балаларда кездеседі, ал қыздарда өте сирек болады.
Аурудың үш түрі бар:
1)"қарлығаштың ұясы" тәрізді қақпақша - ұрық түбіртегінің төменгі полюсінен басталады /ең жиі кездесетін түрі/
2) қақпақша ұрык түбіртегінің жоғарғы полюсінен басталып, қуыкқа карай кетіп жатады.
3) қакпақша көлденең жатқан көкет тәрізді, ұрық түбіртегінің не үстінде, не астыңда жатады.
Үрпіде қақпақшалардың болуы салдарынан, куықта зәр іркіліп қалады да, соның нәтижесінде қуыктың созылмалы қабынуы дамиды. Ол өз кезегінде, қуық қабырғаларында жалған қалталардың пайда болуына, жүре пайда болған сағалар жетіспеушілігіне, сөйтіп қуық-несепағар рефлюксінің дамуына, бүйректің созылмалы қабынуына әкеп соғады. Егер үрпінің тығындалып қалуы (обструкция) өте қатты білінетін болса, нәрестенің өмірге келген бірінші аптасында, ал кейде алғашқы күндерінде-ақ өте ауыр бүйрек жетімсіздігіне душар етеді, соның салдарынан бала бала шетінеп те кетуі мүмкін.
Диагноз қою. Диагнозды, несеп шығару кезінде жасалған цистоуретрографияның мәліметіне карап қояды. Онда үрпінің жоғарғы бөлігінің шектен тыс үлкейіп, одан төменгі бөлігінің тым тарылып кеткені көрінеді. Қуықта әрқашан зәр болады, өте жиі қуық-несепағар рефлюксі кездеседі.
Қуықка үрпі арқылы түтік (катетер) кіргізу қиындыққа түспейді, себебі түтікті кіргізген кезде қақпақшалардың желбезегі үрпінің қабырғаларына жабысып калады. Үрпі аркылы түтік кіргізу, мембрана (диафрагма) тәрізді қақпақша (2-ші түрі) болса, өте қиынға түседі. Тіпті кейде түтікті кіргізу мүмкін болмай қалады.
Диагноз қоюға уретроскопия жақсы көмектеседі, онда қақпақшалардың желбезегі анық көрінеді. Үрпідегі обструкцияның каншалықты ауыр екендігі, оның қай сатыда тұрғанын және қуық функциясының қаншалық өзгергенін анықтау үшін, урофлоуметрия және цистотонометрия жасаудың маңызы зор.
Емдеу жолдары. Резектоскоптың көмегімен үрпі арқылы немесе шат арқылы барып қақпақшаларды кесіп алып тастайды .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет