Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ІШЕК ӨТІМСІЗДІГІ



бет53/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ІШЕК ӨТІМСІЗДІГІ


Ішек инвагинациясы.
Ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне кіріп кетуін «ішек инвагинациясы ауруы» деп атайды. Бұл кезде ішектің ену аймағында үш цилиндр пайда болады: сырткы (қынабы) және екі ішкі (инвагинаты). Инвагинаттың жоғарғы жағын басы деп атайды (ішкі цилиндрдің ортаңғы цилиндрге енген жері).
Ішектің ену көлемінің артуы оның ену кезіндегі сыртқы цилиндрдің айналуынан, сонымен катар инвагинаттың басы шажырқайды тартады да, ол сыртқы және ішкі цилиндрдің арасында қысылып қалады.
Кейде «қосалқы» инвагинациялар кезедеседі. Бұл жағдайда инвагинат құрамына төменгі ішек бөлігі еніп, бес цилиндрден тұрады. Бірен-саран мәліметтер бойынша көптеген инвагинациялар да кездеседі, ол ішектің әр бөлігінде бір уакытта болуы мүмкін.
Иивагинация дерті барлық ішек өтімсіздіктерінің бұзылу түрлерінің ішінде 50% жиілікте кездеседі (Рошаль Л.М.,1970). Жас сәбилерде, 3-9 ай аралығында инвагинация жиі (80%) кездеседі. Үш айға дейінгі балаларда инвагинация дерті өте сирек кездеседі. Бір жастан асқан сәбилерде ол сырқат 10-15% жиілікте кездеседі (Биезинъ А.П., 1964, Терновский С.Д., 1965).
Емшек жасындағы сәбилерде инвагинацияның өте жиі болатын
себептерінің бірі - ішектің етті қабатының дұрыс қозғалыста
болмағандығы, яғни шеңберлік және ұзын талшық еттерінің
қозғалысының бұзылуынан (Кобакова Е.М.,1968). Жас
нәрестелердің ішек құрылысының бұл ерекшеліктері, кейбір
патологиялық әрекеттерде және тамақтану кестесін бұзған уақыттарда, инвагинацияға әкеліп соғады.
Е.М.Кобакова (1968), Г.Г. Регацкийлердің (1969) тұжырымы бойынша, нәрестеге берілген '"қосымша" немесе "жаңа" тамақ ішектің қозғалысын бұзып, инвагинацияға әкеледі.
Инвагинация ауруының тағы бір себептерінің бірі - ішектің қабыну инфекциялары (колит, диспепсия, т.б.). Бір жастан асқан балалардың көбінде механикалық себептерден туындаған инваганация байқалады (полип, дивертикул, ішек ісіктері, мезаденит, ішек қуысының тарылуы, т.б.)
Инвагинация, ішектің кез келген бөлігінде кездесе беруі мүмкін. Аш ішектің, немесе тоқ ішектің жекелей бір бөлігінің екінші бір бөлігіне енуі сирек кездеседі. Ал байқалып қалған кездің өзінде инвагинацияның бұл түрлері бір жастан асқан балаларда болады.
Ішек инвагинациясы оң жақ мықын аймағында (илеоцекальды бұрышында) Өте жиі (90 %-тен жоғары) орын алады. өйткені ол емшек жасындағы сәбилердің сол аймақтағы ішектерінің анатомиялык ерекшеліктеріне байланысты: соқыр ішектің өте жоғары қозғалысы, жалпы шажырқайдың болуы, баугиниев қақпасының толық жетілмеуі, ащы ішек диаметрінің «ампуласына» келмегендігі .
Инвагинация түрлері. Көпшілігінде күнделікті жұмыс үшін И.Фельдманның жіктемесі колданылады:

  1. Соқыр ішек-тоқ ішек инвагинациясы (52,7 %) - инвагинаттың басы, соқыр ішектің күмбезі болады да, ащы ішектің шеті және аппендикс инвагинация цилидрінің арасына кіреді.



Сурет ІІІ. 9. соқыр ішек-тоқ ішек инвагинациясы



  1. Аш ішек-тоқ ішек инвагинациясы (41 %) — аш ішектің аш ішекке енуі, содан кейін барып мықын клапаны арқылы, тоқ ішекке енуі. Егер, аш ішек ары қарай кірсе, инвагинат цилиндріне соқыр ішек және тоқ ішектің төменгі бөліктері де қабаттаса енуі мүмкін (қосалқы инвагинация немесе «күрделі» ащы-тоқ ішек инвагинациясы деп аталады.



Сурет ІІІ. 10. Ащы ішек-тоқ ішек инвагинациясы



  1. Ащы ішек-ащы ішек инвагинациясы (3,5 %) - ащы ішектің ащы ішекке енуі.





Сурет ІІІ. 11. Ащы ішек-ащы ішек инвагинациясы



  1. Тоқ ішек-тоқ ішек инвагинациясы - тоқ ішектің тоқ ішекке енуі.



Сурет ІІІ. 12. Тоқ ішек-тоқ ішек инвагинациясы



  1. Сирек кездесетін инвагинациялар: аппендикстің жеке кіріп кетуі, ретроградты инвагинация (ішектің төменгі жақ бөлігінің жоғарғы бөлігіне кіріп кетуі), көп түрлі инвагинация, күрделі инвагинация.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет