Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Ішек өтімсіздігінің жабысқақты түрі



бет55/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Ішек өтімсіздігінің жабысқақты түрі.
Ішек жабысқақтығы іш пердесінің немесе іш қуысының кез келген қабынуында және де жарақатында байқалады. Кез келген лапаротомия, тіпті қандай асептикалық жағдайда жасалғанның өзінде, жабысу үрдісімен қатарласа жүруі мүмкін, өйткені ішектің серозды қабаты тампонмен, операциялық құралдармен жарақаттанады. Зерттеушілер В.С.Топузов, 1970, Ю.Ф.Исаков және т.б. зияткерлер бойынша 87,6% науқаста жабысқақ ішек өтімсіздігінің бұзылуының негізгі себебі аппендициттің асқыну түрлеріне байланысты.
Пайда болу уақытына байланысты, жабысқақ ішек өтімсіздігінің бұзылуының екі түрі кездеседі: ерте болатын жабысқақ ішек өтімсіздігі (Г.А.Баиров мәліметі бойынша операциядан кейін 3-4 жұманың ішінде пайда болған кезде) және кеш болатын жабысқақ ішек өтімсіздігі - 1 айдан кейін болатын түрі. Ерте болатын жабысқақ ішек өтімсіздігінің бұзылуына себеп болатын жағдайлар мыналар: ішек қозғалысының азаюы (парез), қабыну инфильтраты, абсцестер, ішек қабырғасының біріне бірі жабысып байланып қалуы. Кеш болатын ішек өтімсіздігінің бұзылуы жабысу үрдісі толық жетіліп, бау тәріздес жабысқақ пайда болғанда болады.
Ішек өтімсіздігінің жабысқақ түрін екіге бөлу себебі - бұл дерт әр түрлі, өзіндік клиникалык ерекшеліктерімен және, сонымен қатар, оларды емдеу тәсілдері де өзгеше.
Клиникалык белгілері. Жабысқақ ішек өтімсіздігінің ерте түрінде ішек өтімсіздігінің бұзылу белгілері нашар байкалады және де біртіндеп анықталады. Оның себебі, науқастың жалпы жағдайының ауырлығында. Ішек қозғалысының парезі болғандықтан, алғашында іш ауырсынуы аз болады. Біртіндеп іш ауырсынуы ұстама түріне ауысады, бүріп ауырады. Құсуы жиіленеді және көп болады. Іштің көлемі үлкейіп, қампияды, асимметрия байқалады. Кей уакытта құрсақ қуысының қабырғасы аркылы ішек қозғалысы байқалады (Ваал белгісі), тыңдаған кезде ішек қозғалысының күшейе түскендігі байқалады. Ішті сипап қараған кезде ауырсыну анықталады. Нәжісі болмауы мүмкін, тік ішектен аздап газ шығады.
Іш қуысының жалпы рентгендік тексерілуінде – көлденең (горизонтальдық) су деңгейлері және Клойбер тостағаншалары анықталады.
Жабысқақ ішек өтімсіздігінің кеш түрінде - науқастың іші қатты бұрап, ауырсыну ұстамасы болады. Іш ауырсынуы өте жиі және қатты болады. Сырқаттанған бала барарға жер таба алмай жылай береді, өзіне ұнамды, қалыпты жағдайды талап етеді. Құрсақ қуысы асимметриялы, ішектің қабынып кеңеюінен іштің жоғарғы бөлігі қампияды. Көзге ішек перистальтикасы анық көрінеді. Ішті сипап қараған кезде ауырсыну арта түседі. Кеш жабысқақ ішек өтімсіздігінде баланың жалпы жағдайы күрт нашарлайды.


Сурет ІІІ.18. Құрсақ қуысының контрасты рентгенограммасында Клойбер тостағаншалары көрінеді және контрасттық зат ащы ішекте 8 сағат бойы сақталған

Жалпы рентген суретінде көлденең сұйықтық деңгейлері және шамалы мөлшердегі газ құрсақ қуысының төменгі бөлігінде анықталады.


Емдеу тәсілдері. Жабысқақ ішек өтімсіздігінің бұзылуының ерте түрін емдеуді, әрқашан консервативтік емнен бастайды. Ол емнің мақсаты - ішек жұмысын күшейтіп, оның қозғалысын жандандырып, ішектің пассажын оңалту.
Кешенді консервативтік емді қолдану өте маңызды іс: асқазанды босату (зонд қою, асқазанды жиі жуып отыру), паранефральды, пресакральды новокаин жіберу, қан тамыры аркылы дәрі жіберіп ішектің жүмысын күшейту (1 мл 10%-NаСІ 1 жасқа, венаға, 0,1 мл 0,05% -0,1 мл прозерин 1 жасқа шаққанда); қан тамыры арқылы гомеостазды орнына келтіру (тұзды ертінділер, реополиглюкин, т.б.) Сонымен қатар, ішек жұмысы қалыптасуы үшін, тік ішек арқылы гипертониялық ерітінділермен клизмалар жасалынады. Осы кешенді консервативтік ем барий ертіндісімен ішектің пассажын анықтаумен қатар жүргізіледі.
Егер консервативтік ем оң өзгерістер беріп, науқастың жағдайы жақсарып (уланудың азаюы, гемодинамикалық көрсеткіштердің жақсаруы), тік ішектен нәжісі шығып, газ өтсе), консервативтік емді ары қарай жүргізе беру керек және ұдайы (динамикалық) бақылаудың уакытын 24-36 сағатқа дейін созуға болады. Егер баланың жағдайы 8-12 сағаттың ішінде оңалмаса, операциялық ем қолдану керек.
Жабысқақ ішек өтімсіздігінің кеш түрінде консервативтік ем операцияға дайындықпен қатар жүргізіледі. Оның уақыты 2-4 сағаттан аспауы қажет.
Операция жасағанда құрсақ қуысын орталық лапаратомия әдісімен ашады. Құрсақ қуысын ашқаннан кейін ішекті толық сараптап тексереді. Ішекті қысып тұрған жабысқақтарды толық кесу арқылы ішек босатылып, оның тіршілік қызметі анықталады. Егер некроз болатын болса, ішек сау жерінен кесіліп алынады да, анастомоз салынады. Кей уақытта, ішекте өзгерістер болмаса, лапаратомдық жара қайтадан толық тігіледі. Кейбір зерттеушілер, жабысқақ ауруы қайталанбас үшін, операцияның аяғында іш қуысына фибринолизин ерітіндісін немесе гидрокортизон ерітіндісін (1-2 мг баланың 1 кг салмағына шаққанда) 10 мл 0,25 % новокаинмен жіберуді ұсынады.
Операциядан кейін кешенді ем қолданылады. Ішектің жұмысын арттыру үшін (4-5 күндей) перидуральдық жансыздандыру әдісі қолданылады, антибиотиктер, гормондар қолданылады.
2-ші күннен бастап физиотерапия қолданған жөн (УВЧ немесе электрофорез 3% К1). Егер операция ішек резекциясымен аяқталмаса, екінші күннен бастап сұйык тамақ беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет