Салыстырмалы тығыздығы. Зәрдің құрамында суда еріген тұздар мен тығыз заттар ерітіндісі кездеседі. Олар судан ауыр. Сондықтан зәрдің салыстырмалы тығыздығы судан жоғары болады. Дені сау балаларда ол жасына, қабыдаған тағам ерекшеліктріне, ішкен сұйықтығына байланысты. Зәр тығызды нәрестелерде 1006-1018 кейін 1003-1005-ге дейін түседі, 2 - 5 жастағы балаларда 1009 –1016. Салыстырмалы тығыздық, әдетте сұйықтық ағзада аз мөлшерде болғанда немесе қалдығанда және аз уақыт ішінде көп мөлшерде сұйықтық жоғалту кезінде 1020 – 1030 және одан жоғары болады (гиперстенурия). Бұл рационда сұйықтық мөлшерінің аз болуы, көп терлегенде, құсу, зәрде көп мөлшерде ақуыз бен қанттың болуына байланысты.
Пиелонефрит, бүйрек поликистозы, қантсыз диабет сияқты дерттермен сырқаттанғанда айқын рН зәр тығыздығының төмендеуі тәуліктік сұйықтық алмасуының өзгеріс диапазонының төмендеумен бірге жүреді, 1,010, ол изогипостенурия деп аталады. Бұл бүйректің концентрациялық әсерінің төмендеуін көррсетеді. Иісі. Дені сау баланың зәрінің әлсіз иісі болады. Бұл оның құрамында май қышқылдары және басқа да анықталмаған (идентификацияланбаған) субстанциялардың болуымен байланысты. Бұл иіс, зәрдің ұзақ уақыт тұрған кезінде аммиак иісіне ауысады. Қант диабетінде, ацетон қоспасының болуынан, шіріген алма иісіне ұқсас болып келеді.