Оқулық мәтінін пайдалана отырып келесі сұрақтарға жауап бер



бет1/3
Дата20.11.2023
өлшемі47,38 Kb.
#191979
түріОқулық
  1   2   3
Байланысты:
жертану 2 практика


2 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Атмосфера географиялық қабықтың құрам-бөлігі ретінде (3сағ.).
Материалдар мен құралдар: географиялық атлас, дүние жүзінің кескін картасы, миллиметрлік қағаз, түрлі – түсті қарындаш.
Сұрақтар:

  1. Оқулық мәтінін пайдалана отырып келесі сұрақтарға жауап бер:

Атмосфера дегеніміз не?
Ол қандай заттардан тұрады?
Атмосфераның мөлшері қандай?
Атмосфера – Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты планетаның айналып қозғалуына қатынасады. Жалпы салмағы 5·1015 т шамасында болатын атмосфера əртүрлі газдардан, су тамшылары мен шаңтозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектеледі. Ал жоғары 185 шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан əрі қарай ауа өте сиреген күйде болады. Шамамен 100 км дейінгі биіктік аралығында ауа көлемі жөнінен мынадай газдардан тұрады: азот – 78%, оттегі – 21%, инертті газдар1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмір қышқыл газ – 0,03%-ды құрайды. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий жəне сутегі газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркəсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмір қышқыл газдың үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар (SO2 жəне СО жəне т.б.) да кездеседі. Шамамен 200-1000 км биіктікте ауа құрамында оттегі басым, ол ультракүлгін сəулелер əсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутегіден тұрады, сутегі зарядталған атомдар күйінде таралған. Атмосфера құрамындағы əрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот белок құрамына жəне нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді минералдық қорекпен қамтамасыз етеді. Оттегінсіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газынпайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатынасады. Ал шамамен 25-30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультракүлгін сəулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сəулелердің зиянды əсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады.
Атмосфераның құрлысы қандай?
Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы жəне т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, мезосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі (92-сурет). Тропосфера – атмосфераның ең төменгі жəне тығыз қабаты, мұнда ауаның 4/5 бөлігі шоғырланған. Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша əртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км, қоңыржай ендіктерде 10-12 км, ал экватор үстінде 15- 17 км-ге дейін созылады
Бұл қабатта атмосфера құрамындағы су буының барлығы дерлік шоғырланған, мұнда бұлттар мен тұмандар пайда болып, ауа райы қалыптасады. Тропосферада ауа температурасы шамамен əр 100 м сайын 0,60 С төмендейді. Тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте 550 С болса, экваторда бұл көрсеткіш 700 С жетеді. Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қалыңдығы 1-2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты – стратосфераға ауысады. Стратосфера шамамен 50-55 км биіктікке дейін созылып жатыр. Ауа құрамындағы озонның күн радиациясын бойына сіңіруіне байланысты бұл қабатта температура биіктікке қарай биіктеген сайын артады. Шамамен, 25 км биіктіктен соң ауа температурасы күрт жоғарылай бастап, 50 км биіктікте максимум шамасына (10 С) жетеді. Стратосферада су буы жоқтың қасы. Шамамен, 15-70 км биіктікте оттегінің біраз бөлігі ультракүлгін сəулелер əсерінен атомдарға ыдырайды. Бос атомдар құрылымын сақтап қалған оттегі молекулаларын қосылып, озонның үш атомды молекулалары (О3 ) түзіледі. Стратосферада бұл процеспен қатар керісінше реакциялар, яғни озонның қайтадан ыдырауы қоса жүреді (93-сурет). 93-сурет. Стратосфералық озон қабатындағы тізбекті өзгерістер Озон қабығы негізінен 25-30 км биіктікте шоғырланады, бұл қабатты «озон қабаты» деп те атайды. Қазіргі кезде озон қабатының жұқаруы маңызды ғаламдық экологиялық проблемаға айналып отыр. Стратосфераның үстінде мезосфера жатыр, осы екі қабаттың аралығында 50 км биіктікте стратопауза орналасқан. Мезосфера қабаты шамамен 80-85 км биіктікке дейінгі аралықты алып жатыр. Мұнда ауаның тығыздығы жер бетімен салыстырғанда, 200 есе төмен болады, ал температура қайтадан биіктеген сайын төмендейді. Мезосфераның жоғарғы шекарасында ауа температурасы -900 С шамасында болады, мұнда мұз кристалдарынан тұратын айрықша күміс бұлттар байқалады. Ғалымдардың пайымдауынша, тропосфера, стратосфера жəне мезосферадағы ауа атмосфераның бүкіл массасының 99,5%-ын құрайды. Мезосфера мен оның үстінде жатқан термосфера аралығын мезопауза бөліп жатыр. Атмосфераның ең жоғарғы қабатында өте жоғары температуралар (1000-15000 С) байқалады, сондықтан бұл қабатты термосфера деп атайды. Термосфера өз кезегінде зарядталған бөлшектерден (иондар) тұратын ионосфера мен «сыртқы атмосфера» деп аталатын 188 экзосфераға жіктеледі. Термосферада газдардың температурасы өте жоғары болғанымен, ауаның сиректігіне байланысты осында орналасатын Жердің жасанды серіктеріне қызып кету қаупі төнбейді. Ионосферадағы иондалу Күннен келетін ультракүлгін радиация əсерінен жүреді. Ионосферада ғарыштық бөлшектердің ауа бөлшектеріне соқтығысуынан айрықша жарқырау пайда болады. Жоғары ендіктерде байқалатын бұл электрлік құбылыстар полярлық шұғыла деп аталады. Экзосферада өте жоғары жылдамдықпен қозғалатын жеңіл газдардың бөлшектері ғарыш кеңістігіне шашырап кетеді. Соңғы кезге дейін экзосфера, сонымен бірге жалпы Жер атмосферасы 2000-3000 км биіктіктен соң таусылады деген ұғым бар болатын. Қазіргі заманғы ғарыш зерттеулері эксзосферадан шашыраған сутегі Жердің айналасында шамамен 20 000 км биіктікке дейін созылатын жер тəжі деп аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр. Қазіргі кезде ғарыштық техниканың көмегімен атмосфера қабаттары қарқынды түрде зерттеліп жатқанымен, оның жоғары қабаттарының адамзатқа түсініксіз құпиялары əлі де болса жетерлік.
Онда қандай табиғат құбылыстары болады?

Атмосфера қабаттарының негізгі ерекшеліктерін көрсет және олардың сипаттамасын бер?



  1. Атмосфера қалай жылынады? Оның жылынуында не басты рол атқарады: күн радиациясы немесе жылуы, жер бетінен түсетін жылу.

Жаңа жауған қар күн радиациясының 90%-ға жуығын шағылдырса, құм – 35-40%-ын, өсімдік жамылғысы – 10-25%,-ын ал ылғал топырақ 5%-ын ғана кері қайтарады. Шағылу есебінен күн радиациясының 15-30%-ға жуығы əлем кеңістігіне сіңіп, сейіліп кетеді. Атмосферада күн сəулелерін озон, көмір қышқыл газ бен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін радиацияның 15-20%-ы жұтылады. Осылайша Күннің сəулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сəулеленуіне жұмсалғаннан қалған бөлігін радиациялық баланс немесе қалдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері экватордан (жылына 3066·102 Дж/см2 ) полюстерге (294·102 Дж/см2 ) қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мəнге ие, ал экватордан шамамен 400 ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады (

  1. Жер бетіндегі ауа температурасының әркелкі таралуын анықтайтын факторлардың рөлін нақты бір мысалмен көрсет:

А) Ауа температурасының географиялық ендік пен күн радиациясына тәуелділігі Тəулік ішінде ауа температурасы өзгеріп отырады, ең төмен температура таң алдында, ең жоғары температура түстен кейінгі сағат 14-15 шамасында байқалады. Тəуліктік орташа температураны анықтау үшін тəулік ішінде байқалған бірнеше температуралық көрсеткіштің орташа арифметикалық шамасын алу қажет. Тəулік ішіндегі байқалатын ең жоғары жəне ең төменгі температуралар айырмасы тəуліктік аиплитуда деп аталады. Тəуліктік амплитуда өзгерісі бірнеше факторларға байланысты: 1. Жергілікті жердің географиялық ендігіне, ол сол жерге келіп түсетін жылу мөлшерін анықтайды; 2. Жер бетінің төсеніш сипатына, өйткені құрлық беті пен судың əркелкі жылынады; 3. Жергілікті жердің бедеріне байланысты, таулы жер мен жазық жерлер де əркелкі жылынады; 4. Бұлттылық артатын болса, тəуліктік амплитуда төмендейді. Өйткені бұлттар жер бетін күндіз қатты қызып кетуден, ал түнде қатты салқындап кетуден сақтайды. 192 Ауа температурасы жыл ішінде де өзгеріске ұшырап отырады. Оның жыл ішіндегі өзгерісіне географиялық ендік, атмосфера циркуляциясының өзгерістері, жер бедерінің сипаты, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстар, жер бетінің төсеніш сипаты сияқты факторлар белгілі дəрежеде əсерін тигізеді. Солтүстік жарты шар материктері үшін ең ыстық ай – шілде, ең салқын ай – қаңтар болса, ал Оңтүстік жарты шар материктері үшін ең ыстық ай – қаңтар, ең салқын ай – шілде болып саналады. Мұхит сулары баяу жылынып, баяу суынатын болғандықтан Солтүстік жарты шар мұхиттары үшін ең жылы ай – тамызға, ең суық ай – ақпанға, Оңтүстік жарты шар мұхиттары үшін ең жылы ай – ақпанға, ең салқын ай – тамыз айларына сəйкес келеді. Жыл ішінде байқалатын ауа температурасының ең жоғары жəне ең төменгі көрсеткіштер айырмасын жылдық аиплитуда деп атайды.
Б) Құрлық пен мұхиттың жылу режимі (әр түрлі жылу сиымдылық пен жылу өткізгіштік, жылыну тереңдігі)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет