Мұхит суының температурасы. Су – жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп аталады. Мұхит суы өте баяу жылынады және баяу суынады. Мұхит жаз бойы жылу жинап, қыста оны құрлыққа береді. Егерде мұхит суының ондай қасиет болмаса, жер бетінің орташа температурасы қазіргіден 36 0С төмен болар еді.
Судың жоғарғы қабаты 25-50 м, кейде тіпті 100 м-ге дейін толқындар мен ағыстардың арқасында жақсы араласып тұрады. Соңдықтан ондай су біркелкі қызады. Мәселен, экватор маңында үстіңгі қабат суларының температурасы 28-29 0С-қа жетеді. Тереңдеген сайын судың температурасы төмендейді. 1000 м тереңдікте арнаулы термометр тұрақты 2-3 0С-ты көрсетеді.
Сонымен қатар жалпы мұхит суының температурасы экватордан алыстаған сайын төмендейді (бұл немен байланысты?). Экватор маныңда температура 28-30*С болса, полярлық аймақтарда – 1,8 0С құрайды.
Мұхит суы – 2 0С температурадан қатады.
Судың температурасына маусымдық өзгерістер де әсерін тигізеді.Мәселен, қаңтар айында Солтүстік жарты шарла судың температурасы төмен, ал оңтүстік жарты шарды жоғары (неліктен?). Ал шілде айында Солтүстік жарты шарда судың температурасы көтеріледі де, Оңтүстік жарты шарда, керісінше төмендейді (неліктен?).
Жалпы Дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы 17,5*С.
Мына кестеге қарап, мұхит суларының температурасын салыстырып, қорытынды шығарындар.
Мұхит түбіндегі жер қыртысының жарықтарынан оқтын-оқтын ыстық су щығып тұрады. Тынық мұхитының түбіндегі осындай бұлақтардың температурасы 350-400 0С-қа барады.
Мұхит суының тұздылығы. Мұхиттар мен теңіздердің суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болады. Ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Оған Балтық теңізі мысал бола алады. Мұндағы тұздылық 1 литрге 2 — 5 г ғана.
Теңіздердің тұщы аз қосылатын және булану үкшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері 39 – 40 г-ға жетеді.
Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы деп атайды.
Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен(%) өлшенеді. Мысалы, 20%л суда 1г тұз бар деген сөз.
Мұхит суында жер бетіндегі заттардың бәрі еріген күйінде кездеседі, оның 4/5 – ін өздеріне белгісі ас тұзы құрайды. Мұхит суына хлор, магний, кальций, калий, фосфор, натрий, күкірт, бром, алюминий, мыс, күміс, алтын және т.б. араласады.
Мұхит бетінің орташа тұздылығы әр түрлі. Ең жоғарғы орташа тұздлық Атлант мұхитында 35,4%, ал ең төмегі тұздылық – Солтүстік Мұздығы мұхитта 32%.
Солтүстік Мұздығы мұхиттың тұздылығының аз болуы, оған көптеген ірі-ірі суы мол өзендердің құюынан. Солтүстік Мұзды мұхиттың Азия жағалауында тұздылық тіпті 20%-ге дейін төмендейді. Сонымен қатар мұхит суының тұздылығы жауын-шашын мөлшеріне, айсбергтердің реуі мен судың булануына да байланысты.
Су құрамындағы еріген тұздар судың қатуына кедергі жасайды. Сондықтан судың тұздылығы жоғарылаған сайын, оның кату температурасы төмендейді.
Егер судың тұздылығы мен температурасы төмен болса, онда ол жерлерді мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхит оның айқын мысалы болып табылады.
В) Мұхиттарда ағыстардың әсері ( суық және жылы), материктерде рельефтің және т.б ықпалы
здіксіз қозғалыста болу –мұхит суы ерекшеліктерінің бірі. Жюль Верннің белгілі романындағы «Наутилус» атты сүңгуір қайықтың ұраны «Тымық судағы қозғалыс» деген сөз болуы тегін емес.
Судың бетінен түбіне дейінгі бүкіл қабаты қозғалыста болады. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Олардың ең бастысы-жел. Бұлар мұхит суының бетін горизонталь қозғалуға, яғни ағыстардың түзілуіне мүмкіндік туғызады. Температура мен тұздылықтың айырмашылығы да ағыстардың тууына себепші бола-ды, мұның өзі судың тығыздығын өзгертіп, ағын туғызады, осының нәтижесінде мұхит суының бүкіл қабаты қозғалысқа келеді.
Ағыстардың бағыты желге ғана емес, сонымен бірге Жердің өз осінен айналуының ауытқытушы күшіне, мұхит түбінің жер бедеріне, материктердің пішініне де байланыс-ты. Ағыстар туралы негізгі мағлұматтарды теңізде жүзушілер өте ертеде-ақ анықтаға-ған. Кемелердің белгіленген бағыттан ауытқуы, шөлмек почта ағыстардың бағыты мен жылдамдығын анықтауға жәрдемдесті.
Беткі ағыстар қалыптасуының негізгі себебі жел болғандықтан, тұрақты желдер мен ағыстардың арасындағы байланысты анықтау қиын емес. Бұл байланысты Атлант мұхитының солтүстік бөлігін мысалға ала отырып қарастырайық. Солтүстік-шығыс пассат су массаларын батысқа қарай айдап, Солтүстік Пассат ағысын түзеді. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағасында екіге айырылады. Бір тармағы Экваторлық Қарсы ағысты түзеді, яғни судың бір бөлігі шығысқа қайтады. Пассат ағысының екінші тармағы Оңтүстік Американың шығыс жағасында судың деңгейін көтеріп, Гольфстрим ағысын түзеді. Ол су массаларын шығысқа қарай бағыттайтын батыс желдері соғып тұрған қоңыржай белдеулерге өтеді. Бұл су массаларын оңға қарай бұратын Жердің айналу күші де судың осылай қозғалуына себепші болды.
Қоңыржай және поляр ендіктеріне жылы су әкелетін Солтүстік Атлант ағысы осылайша пайда болады. Поляр және қоңыржай ендіктерден судың қайтуынан, сондай-ақ тереңдегі судың жоғары көтерілуінен Канар ағысы түзеледі. Сонымен, Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде судың сағат тілінің жүрісіне сай келетін алып айналма-лы қозғалысы пайда болады. Бұл мұхиттың оңтүстік бөлігінде де осындай көрініс байқалады. Оңтүстік Пассат ағысы Оңтүстік Америка жағасында Бразилия ағысына айналады да, одан әрі судың қозғалысын Антарктика ағысы жалғастырады және Бенгел ағысының қатысуымен судың тағы бір айналмалы қозғалысы пайда болады,бірақ ол оңтүстік жарты шарда қозғалыс солға қарай ауытқитындықтан, сағат тілінің жүрісіне қарсы бағытталған.
Негізгі ағыстардың осындай көрінісі Тынық мұхитта да байқалады. Мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсаса, Гумбольдт немесе Перу ағысы Бенгель ағысына ұқсайды және т.с.с. Географиялық орындарының ерекшеліктеріне қарай Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардағы ағыстардың көрінісі біраз басқаша болады.
Оңтүстік жарты шардағы қоңыржай ендіктерде Дүниежүзілік мұхиттағы ең күшті ағыс-айналмалы Антарктика ағысы немесе Батыс желдері пайда болады. Бұл ағыс арқылы бір жыл ішінде дүние жүзінің барлық өзендерінде ағып өтетін судан 200 есе көп мөлшердегі су ағады.
Сонымен, Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстардың таралуынан белгілі бір заңдылықты байқаймыз. Беткі ағыстардың жалпы схемасы тұрақты желдердің схемасына сай келеді. Пассаттар су массаларын батысқа қарай айдаса, қоңыржай белдеулердің батыс желдері оларды керсінше-шығысқа қарай бағыттайды, бұл жағдай-да Жердің өз осінін айналу күші солтүстік жарты шарда судың қозғалысын оңға қарай, ал оңтүстік жарты шарда –солға қарай ауытқуға мәжбүр етеді. Сондықтан ағыстар судың алып айналмалы қозғалысын туғызады.
Әрбір мұхитта жалпы схемаға енетін ағыстардан басқа, өзінің де ағыстары болады. Олардың бағыттары мұхиттың географиялық орнына, көлеміне және басқа да жергілікті жағдайларға байланысты.
Ағыстар мұхитта жылудың бөлінуіне зор ықпал етеді. Олар мұхит пен атмосфераға жылуын тропиктік белдеулерден қоңыржай белдеулерге жеткізеді. Бұл рольді атқара-тын басты ағыстар Гольфстрим мен Куросио болып табылады. Суық және жылы ағыс-тар бір-бірімен көбіне қоңыржай белдеулерде кездеседі. Осының нәтижесінде қасиетте-рі түрліше судың түйісу аймақтары пайда болады, құйындар туады. Бұл құбылыстар мұхит үстінде қалыптасатын ауа массаларының қасиеттеріне әсер етеді, одан соң қоңыржай белдеуде жатқан құрлықтың ауа райынан да байқалады. Әр түрлі елдердің океанолог ғалымдары ағыстарды зерттеу жөнінде бірлесіп жүргізетін зерттеу нәтижеле-рінің маңызды болатыны, міне осыған байланысты.
Мұхиттың географиялық орны климаттың қалыптасуына күшті әсер етеді . Мұхит климатының ерекшелігі-оның солтүстік бөлігінде маусымдық муссон желдері соғып тұрады. Мұхиттың бұл бөлігі субэкваторлық белдеуге орналасқандықтан, оған құрлықтың айтарлықтай әсері тиеді. Оңтүстікте мұхитқа Антарктиданың суық ағысы әсер етіп, оның суын едәуір салқындатады;мұхиттың ең суық аудандары осында орналасқан.
Су массаларының қасиеттері климаттың ерекшеліктеріне байланысты. Мұхиттың жақсы қызатын әрі суық су құйылмайтын солтүстік бөлігі- оның ең жылы бөлігі. Мұндағы судың температурасы басқа мұхиттарың осындай ендіктеріндегі судың температурасына қарағанда жоғары(+300С-ге дейіе). Оңтүстікке қарай судың температурасы төмендейді. Тұтас алғанда, Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығы-на қарағанда, судың беткі қабатының тұздылығы жоғары болады, ал Қызыл теңізде ол ерекше жоғары(42‰-ге дейін). Мұхиттың солтүстік бөлігінде ағыстардың пайда болуы-на желдердің маусымдық ауысыуы әсер етеді. Муссондар судың қозғалу бағытын өзгертеді, оларды араластырады, ағыстар жүйесін өзгертеді.
Мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі ағыстар Дүниежүзілік мұхит ағыстары жалпы схемасының құрамдас бөліктері болып табылады.
Тынық мұхит батыстан шығысқа қарай өте созылып жатқандықтан, онда ендік су ағындары басым болады. Мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі су бетінде шеңбер тәрізді су ағыны пайда болады. Солтүстік бөлігінде судың қозғалысы Солтүстік Пассат ағынынан, Куросио, Солтүстік Тынық мұхит және Калифорния ағыстарынан қалыптасады. Батыс және оңтүстік-батыс желдердің әсерімен Солтүстік Атлантика ағысының жылы суының қуатты тасқыны Солтүстік Атлантикадан Мұзды мұхитқа құяды. Олардың мұхитқа бойлай енген жерінде қыста қатпайтын порттар орналасқан.
Евразия жағаларын бойлай аққан су батысттан шығысқа қарай жылжиды. Атлантиканың аса тұзды жылы суы Солтүстік Мұзды мұхиттың суық және тұздылы-ғы шамалы суымен салыстырғанда тығыз болады. Сондықтан жылы судың бір бөлігі шығысқа қарай қозғалған сайын тереңге бойлай береді. Беринг бұғазынан Гренлан-дияға дейін бүкіл мұхит арқылы су кері бағытта –шығыстан батысқа қарай қозғалады.
Мұхит ағыстары-су массасының горизонтальдық бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын теңіз ағыстары дейміз. Мұхит суының осындай үдемелі қозғалысы ондағы тіршілік үшін маңызы зор: жылудың таралуына,су айырбасына, мұздықтардың еруіне, жалпы зат пен энергия ауысуына және Жердің әртүрлі бөлігіндегі климаттың өзгеруіне. Мұхит суының бетіндегі жалпы су циркуляциясына байланысты Атлант мұхитында-экватордың екі жағында пасаттық, ал олардың аралығында антипасаттық ағындар пайда болады. Солтүстік пассат ағыны Гвинея шығанағында пайда болып , мұхитты кесіп өтеді де , Антиль аралдарында 2тармаққа бөлінеді: бір тармағы Мексика шығанағындағы Кариб теңізіне барып Кариб ағысына құраса, 2-ші Антиль аралы жағалауын бойлай Флорида ағысымен қосылады да Гольфстрим жылы ағысын құрайды. Ағыстың ені 75-120 км, жылдамдығы сағатына 10км,Саргасс жылы теңізін солтүстік ендіктен келетін суық ағыстан бөліп тұрады. 800-1200м тереңдікте ағыс бағытын өзгертіп қарама-қарсы бағыттағы Антигольфстрим ағысын құрайды-жылдамдығы сағатына 0,5-1,0 км.
Гольфстрим ағысының жылдық орташа температурасы 25-260С, тұздылығы орташа мұхит суы тұздылығынан жоғары 5‰ .
Тынық мұхиттың экватордан солтүстіктегі 10-220с.е аралығында Солтүстік пассат ағыны қалыптасады. Филиппин аралының батысында ол 3 тармаққа бағытталады.
1) бір тармағы пассат аралық қарама-қарсы ағынға құяды;
2) Зонд аралына бағытталады;
3) ең ірі тармағы жылы Куросио ағысын құрайды.
Жылы Куросио ағысының Гольфстримнен өзгешілігі сол-экваторлық суды толығымен қамтымайды; оның бір бөлігі Филиппин мен Формоза аралдары арасымен Қытай теңізіне, бір бөлігі Жапон теңізіне өтеді. Жылдамдығы тәулігіне 90-100 км болса да, онша көзге түсе қоймайды. Куросио ағысының шығыстағы шекарасын да айыру қиын; жыл мезгілдері бойынша да ағыс айырмашылығы байқалады: жаз айларында қыс мезгілімен салыстырғанда біршама солтүстікке қарай жылжиды, бірақ Жапония маңында ешқашан 400солтүстік ендіктен ары солтүстікке тарамайды.
Г) Төсеніш қабаттың атмосфера циркуляциясына әсері
азақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылық жасауы. Ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.
Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасұандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Өйткені Дүние жүзілік мұхиттардан мыңдаған км қашық жатқандықтанолардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.
Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратыны белгілі бір типтерін климат деп атайды. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты. Оларды климат құрушы факторлар деп атайды. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиаатциясы, атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті.
Географияның өткен курстарынан белгілі бір орынның географиялық ендігінің, жер бедерінің және мұхиттың құрлықпен арақатынасының климатқа әсер ететінін білеміз. Климатқа әсер ететін жердің төсеніш беті (жер бедері, қар, су, топырақ пен өсімдік жамылғысы) туралы климат элементтеріне сипаттама беру кезінде айтылады. Ал климат факторларының алғашқы екеуіне жеке-жеке тоқталамыз.
Күн радиатциясы. Күнен шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2-мен есептеледі. Күн радиатциясының жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Неғұрлым оңтүстікте орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылудыда сссссоғұрлым көп береді. Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсуі бұрышы азайып, атмосфераны ұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол себептен жылу да азаяды.
Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20%-ын атмосфера кері шағылыстырады. Қалған бөлігі жер бетіне жетеді. Осы бөлігін тура күн радиациясы дейміз. Күн сәулесінің бірәз бөлігін атмосферадағы су булары, мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар өзіне сіңіріп және шашыратып таратады. Мұндай жағдайда Жер бетіне шашыранды радиатция жетеді. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы жиынтық радиация деп атайды. Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады, оны жұтылған радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны шағылысқан радиатция дейміз.
Күн радиатциясы түсіретін шама жарық шағылысы түсетін беткі қабат сипатына байланысты. Мысалы, қара топырақ күн радиатциясының 5 %-ын ғана, ал жаңа жауған қар 90%-ына дейін шағылыстыра (қайтара) алады.
Атмосфера әрқашан қозғалыста болады.Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары паида болады.Олардың өзіне тән температурасы,ылғалдылығы,мөлдірлілігі болад.Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен,ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып,сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады.
Қазақстан және басқа аумақтарда жүретін атмосфералық циркуляцияның басты ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляляцияның әсеріне байланысты.Мысалы,солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қозғап,2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай,Қазақстанға жетеді.Осы кезде,яғни зоналық циркуляция жүргенде,ресмпублика Еуразияның орталығында орналасқанына қарамастан,климаттың континенттігі азаяды
Ауа массаралы. Республика аумағына негізінен ауа массаларының үш типі әсерін тигізеді-арктикалық,қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Қазақстан мұхиттардан өте қашықтықта жатыр.Тынық мұхит пен үнді мұхиты үстінде қалыптасатын ауа массалары Қазақстанға жетпейді.Ауаның төменгі қабатындағы ылғал жыл бойы бөлініп,жауын-шашын жазықтарға азырақ түседі.Қазақстанның климатына Атлант мұхиты мен Солтүстік мұзды мұхит және оның теңіздері ғана әсер етеді. Арктикалық ауа массалары.Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады.Арктикалық континентті ауаның температурасықыста да,жазда да төмен,сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды.Ауа өте мөлдір құрғақ болады.Бұл ауа солтүстіктен,көбінесе қыста енген кезге Қазақстанға антициклонды ауа райы орнайды.Антициклондардың әсерінен табиғатта антициклондық ауа райы,яғни үлкен көлеміндегі жоғарғы қысымдағы ауа құрғақ та ашық,қыста-суық,жазда ыстық ауа райы қалыптастырады.Арктикалық ауа жазда онтүстікте қарй жылжып отырып тез қызады және қоңыржай ендіктің континенттік ауасына айналады. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қаситетінің өзгеруі оның географиялық типін өзгертеді.Мұны трансформация деп атайды. Қоңыржай ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады,өйткені Қазақстан түгелімен дерлік қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан.Батыстағы атлант мұхитынан келетін ауа теңіздік қоңыржай ауасы деп аталады.Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жылдан өтіап,ылғалының көп мөлшерінен айырылып жетеді.Солай бола тұрсада батыстан келетін ауа ағындары республикаға келетін жауын-шашынның көбін әкеледі.Мұхиттардан алыс қашықтықтарда көшкен ауа массасы біраз ылғал қорын жоғалтатындықтан біздің еліміздің аумағында жеткенде жауын шашын азырақ түседі.егер ауа массасы қыста температураны жоғарылатады,жазда төмендетеді.Бұ
Достарыңызбен бөлісу: |