Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


НАРКОМАНИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ



Pdf көрінісі
бет152/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

НАРКОМАНИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ
Наркоманияның жеке түрлерінің клиникалық көріністері, олардың дина- 
микасы аурудың түзілуіне алып келген шектен тыс қолданылған затпен тығыз 
байланысты. Наркоманияның әр түрін біріктіретін ортақ белгілері бар.
Наркотик қабылдағаннан кейін наркоманияның әр түрлі формаларында 
байқалатын наркотикалық мастану жағдайы пайда болады.
Наркотикалық мастанудың клиникалық көрінісі 
көтеріңкі көңіл-күймен,
күлегештікпен, алаңғасарлықпен, 
зейін елітпелігімен, ойлау жылдамдығымен,
қозғалыстық қозумен
немесе керісінше, 
босаңсумен (обнубиляция), қозғалыс
координациясының бүзылуымен,
тұрақсыз жүріспен көрінеді. Кей жағдайларда 
ашушаңдық, тітіркенгіштік, агрессивтілік байқалады.
Тері ж абы нды лары н ы ң ги п ерм и ясы нем есе бозаруы, көздердің 
бұлыңғырлануы және олардың тынышсыз жылтыры, қарашыктардың тарылуы 
немесе кеңеюі болады. Ағза реактивтілігінің өзгеруі нәтижесінде түзілетін 
наркоманиялар мен токсикоманиялардың барлық түрлерінің ортақ белгілері 
дәрілік және басқа заттарға 
психикалық
және 
физикалық тэуелділік
және де 
толерантылығының өзгеруі
болып табылады.
Психикалық тэуелділік
— препаратты наркотикалық әсер тудыру немесе 
психикалы қ дискомф орт синдромын жою мақсатында қолдануға дертті 
сипаттағы талпыныс (үнемі немесе кезеңмен пайда болатын). Наркотикалық 
препаратқа дертті талпыныстың даму жылдамдығы бірқатар факторлармен, 
соның ішінде, маңыздысы, препараттың наркогенді әсерімен анықталады. 
Күшті наркогенді әсер опий ж әне оның туындылары — кокаинге тән, ал 
наркогенді қасиеті төмен — гашиш және ОЖЖ-нің ынталандырушылары бо- 
лып табылады.
Физикалық тэуелділік
— наркотикалық препараттарды созылмалы қолдану 
нәтижесіндегі дертті жағдай, препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін және 
наркотикалық препараттар әсерін олардың антогонистімен басқанда пайда 
болатын айқын физикалық және психикалық бұзылыстармен көрінеді.
Бұл күй наркотикалық препараттың немесе оның антогонистінің кезекті 
дозасын енгізгенде басылады.
Толеранттылықтың өзгеруі
наркотикалық препараттарға әдеттену синдро- 
мымен сипатталады, бұрынғы психофармакологиялық нәтижеге жету үшін 
наркотикалық заттардың мөлшері барған сайын ұлғайтылып отырады.
Наркомандар дәрілік наркотикалық препараттардың медициналық мақсатта 
қолданылатын мөлшерінен 5—10 рет жоғары мөлшерін қабылдай алады.
Наркомания түзілуінде шартты түрде 3 сатыны ажыратады.


Наркоманияның клиникалық көрінісі
277
Бастапкы саты, немесе адаптацияның І сатысы, ағза реакгивтілігінің өзгеруі 
және психикалык тәуелділіктің пайда болуымен сипатталады.
Екінші, немесе созылмалы сатыда физикалы к тәуелділік толык калып- 
тасады.
Кеш, немесе ІІІ сатысы ағзаның барлык жүйесінің кажуы, толеранттылыктың, 
жалпы реактивтіліктің төмендеуі, созылмалы ауыр абстиненциямен сипат- 
талады.
Наркоманияның әр формасында 
абстиненцияның
клиникалык көрінісінің 
арнайы ерекшелікгері болады, осыған сүйене отырып, клиникалык дифферен­
циалды диагностика жасауға болады. Бұл, әдетте, ауыр психикалык ж әне 
физикалык бұзылыстар болып табылады. Наркоманияның алғашкы сатысының 
өзінде тұлға өзгеруі, оларды ң жүріс-тұрыстарыныщ асоциалдылығы, 
наркотикалык препараттың созылмалы әсері нәтижесіндегі соматоневрологиялык 
аскынулар айкын көрініс береді.
Біздің елімізде, негізінен, көкнәр ж әне жабайы өсетін сорадан колдан 
дайындалған наркотикалык препараттар кездеседі. Наркотикалык заттарды 
кабылдағанда бакыланатын психикалык ж әне соматикалык бұзылыстарға 
апиындык наркомания мысал болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет