Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


XVII Тарау  ѲЗГЕ ИНТОКСИКАЦИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет151/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

XVII Тарау 
ѲЗГЕ ИНТОКСИКАЦИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Ағзаға сырттан токсикалық заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын 
психикалық бұз^ілыстар, негізінен экзогенді реакция типі арқылы көрініс береді.
Улану кезінде психикалық бұзылыстардың пайда болуы мен көрінісі 
токсикалық заттың мөлшеріне, оның ағзаға, ең бастысы ОЖ Ж -не әсер ету 
ұзақтығына байланысты. Бұл кезде тұлғалық ерекшеліктер мен қосымша 
патогенді факторлар (психикалық ж әне ф изикалық жарақат, денсаулықты 
әлсірететін басқа да жағдайлар) маңызды рөл ойнайды.
И нтоксикациялық әсердің 2 типін ажыратады: жедел ж әне созылмалы. 
Реакцияның экзогенді типі жиі жедел улану үрдісімен бірге жүреді. Психоактивті 
заттар ағзаға созылмалы әсер еткенде (орталық жүйке жүйесінде жиналады) 
наркомания немесе токсикомания түзілуі мүмкін.
НАРКОМАНИЯЛАР МЕН ТОКСИКОМАНИЯЛАР
Наркоманиялар мен токсикоманиялар
— психобелсенді заттарды, оның ішінде 
наркотикалық заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде пайда болатын со­
зылмалы интоксикациялық аурулар. Олар осы заттарға патологиялық әуестікпен, 
психикалық және физикалық тәуелділікпен, нейротропты заттардың дозасын 
оларға толеранттылыкгың жоғарылауымен байланысты біртіндеп көтерумен 
ж әне де тұлға деградациясы на нақты үрдіспен көрінетін психикалы қ 
бұзылыстардың пайда болуымен сипатталады.
Наркомания мен токсикоманияның негізінде психикалық және физикалық 
тәуелділік түзілуін қамтамасыз ететін нейрохимиялық үрдістерге психобелсенді 
заттардың әсеріне ұқсас патогенетикалық механизмдер жатыр. Сонымен қатар, 
бұл аурулар арасында клиникалы қ ж әне заңды аспектілерге байланысты 
ерекшеліктер бар.
Наркоманияға наркотикалық заттар тізіміне енгізілген дәрілік немесе басқа 
заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде пайда болатын аурулар жатады. 
Токсикомания — наркотикалық заттар тізіміне енгізілмеген дәрілік немесе 
басқа заттарды шектен тыс қолдануға байланысты туындайтын аурулар. Бірақ 
мұндай заттарды шектен тыс қолдану ауқымды мөлшерге жетсе, бұл дәрілер 
немесе заттар есірткілер тізіміне енгізіледі және оның нәтижесінде дамыған 
ауру наркомания ретінде квалификацияланады.
Наркомания тарихы мьщжылдьштарды өткерді және біздің цивилизацияның 
алғашқы ескерткіштері арқылы бізге танымал. Өркендеген технология және


Наркоманиялар мен токсикоманиялар
275
тазартылған белсенді наркотикалы к препараттарға кол жеткізу аркасында 
наркотикалык және баска да психобелсенді заттарды шектен тыс пайдаланудың 
зиянды салдары аныкталуда.
20 ғасырдың басынан бастап опий препараттарын шектен тыс колдану та- 
рала бастады, ол кезде оны колдану едәуір шектеулі сипатта еді. Кейіннен 
кокаинизм тарала бастады. Б ¥ ¥ өз кызметінің алғашкы жылдарында есірткілер 
класын аныктады ж әне олардың өндірілуіне ж әне таралуына халыкаралык 
бакылау енгізді. Б ¥ ¥ әрбір препаратты патологиялы к әдеттену туғызу 
мүмкіндігіне карай бағалауға ұсыныс жасады. Қазіргі уакытта ондаған заттар 
наркотикалык тәуелділік туғыза алады.
«Н аркотикалы к зат» ұғымын талдаудың үш аспектін ажыратады: 
медициналык, әлеуметтік және заңды. Осы үш критерий болған жағдайда ғана 
зат заңды түрде «наркотикалык зат» деп танылады.
Медициналык көзкарас бойынша, заттың орталык жүйке жүйесіне арнайы 
әсері (седативті, ынталандырушы ж әне т.б.) ол затты медициналык емес 
максатта колдануға себеп болса, есірткілік зат болып есептеледі.
Әлеуметтік аспектіде затты медициналык емес максатта колдану әлеуметтік 
маңыздылыктағы масштабка ие болғанда, наркотикалык зат болып саналады.
Заңды көзкарас бойынша, жоғарыда көрсетілген критерийлерге сүйеніп, 
сәйкес жауапты инстанция (Денсаулык сактау министрі) затты наркотикалык 
деп танып, наркотикалык заттар тізіміне енгізгенде, зат наркотикалык деп 
танылады.
Наркотикалык заттарды бірнеше топка біріктіруге болады: опий және оның 
препараттары (омнопон, пантопон), опий алкалоидтары ж әне дериваттары 
(морфин, кодеин), морфин тәрізді әсері бар синтетикалык препараттар (про- 
медол және т.б.). Осы топка көкнәр сабағынан және басынан колдан жасалған 
препараттар және сора (конопля) препаратгары (гашиш, анаша, план, және т.б.), 
ОЖЖ-нің стимуляторлары (фенамин, центедрин және т.б.), кокаин, галлюци- 
огендер, ұйыктататын препараттар (ноксирон) жатады.
«Наркомания» диагнозын кою үшін аурудың клиникалык белгілері болуы 
керек: есірткілік заттарды үнемі колдану, толеранттылыктың айкын өсуі, 
түзілген психикалык тәуелділік және т.б.
Н аркотикалы к заттарды жоғарыда аталған белгілердің дамымауымен 
м едициналык емес максатта колдану жағдайында (әлі дерт түзілмегенде) 
«наркотикалык препараттарды шектен тыс колдану» диагнозын койған дұрыс. 
Осыған байланысты медициналык мекемелерде есепке тіркеледі: бір жағдайда 
диспансерлік есепке, екінші бір жағдайларда профилактикалык бакылауға 
алынады.
АҚШ -ғы (ХХ ғасырдың басында) әйгілі героинді шектен тыс колдану, Ка- 
надада кодеинді (30-жылдарда), Ж апонияда амфетаминді, Скандинавияда 
(40-жылдары) барбитураттарды шектен тыс колданудың тұтанысынан кейін 
наркомандар ауру ретінде карастырыла бастады.
Наркоманияның әлеуметтік маңызы өте зор, себебі ол коғамға аса ауыр 
негативті әсер етеді, халык арасында тез тарауға бейім және халык денсаулығына 
залалды әсер көрсетеді.


276
XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бүзылыстар
Наркомания патогонезі өте күрделі ж әне әлі толық зерттелмеген. Н арко­
мания патогенезі жөніндегі қазіргі мәліметтер психобелсенді заттардың со- 
зылмалы әсерінен болатын мидың патологиясы мен гомеостаз бұзылыстарына 
негізделеді. Ауру патогенезіндегі басты рөл нейрогуморальды бұзылыстарға 
ж әне нейромедиаторлар мен рецепторлар ф ункциясы ны ң өзгерістеріне 
беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет