Мазмұндама Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады



Дата01.04.2017
өлшемі234,64 Kb.
#13160
түріМазмұндама
8 сынып

ІІІ тур
Мазмұндама

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:


  • Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

  • Көремін, өрмек тоқып жүр.

  • Анау құмырсқаны көремісің?

  • Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған өнеге, үлгі.

Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіңе азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, - деді.

8 сынып

ІІ тур

Тест

  1. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.

A) орман B) жұрт C) қоян D) бүгін E) дала

2. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) жазғы көйлек B) айтар сөз C) ашық ауыз

D) келіп отыр E) биік ағаш

3.Омоним бар сөйлемді табыңыз.

A) Мен атақты ақынның өлеңін жаттадым.

B) Сулы жер – нулы жер.

C) Көк алманы алма.

D) Ел үмітін ер ақтар.

E) Сыныпқа мұғалім кірді.



4. Тура мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

A) ашық сөз B) ашық терезе C) ашық ауыз

D) көзі ашық E) қолы ашық

5. «Қолы ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

A) ашық B) анық C) жылдам D) жомарт

E) белгілі

6. Баяндауышы сан есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.

A) Орманда аң көп.

B) Орыс досым қазақ тілін біледі.

C) Менің досым жақсы оқиды.

D) Анамның жасы қырықта.

E) Бүгін күн жылы болады.



7. Сын есім қандай мүшесі екенін көрсетіңіз.

Менің досым сабағын жақсы оқиды.

A) бастауыш

B) анықтауыш

C) пысықтауыш

D) баяндауыш

E) толықтауыш

8. Туынды сөзді табыңыз.

A) қолшатыр

B) оқулық

C) қара көк

D) қос құдық

E) әдемі


9. Орыс тілінен енген сөзді анықтаңыз.

A) ащы


B) көктем

C) теңге


D) самауыр

E) дәптер



10. Ортақ етістің жұрнағын табыңыз.

A) – ыс, -іс

B) – ын, - ін

C) – ыл, - іл

D) – ғыз, - гіз

E) – ыр, -ір



8 сынып

І тур
1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала, төбесіне бір-бір жәшік көтеріп, қалаға келе жатыпты. Зылиха аһлап-үһлеп, шаршадым деп, бәтима күліп, әзілдесіп келе жатты. Сонда Зылиха айтты:

- Сен неге мәз болып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?

- Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.

- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен ауырымды жеңілдетейін, - деді Зылиха.

- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, - деді.


3. 1-тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөйлемге фонетикалық талдау, бір зат есім және етістікке морфологиялық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма ауызша орындалады)

8 сынып

І тур

2-тапсырманың мақал-мәтелдері
1. Баланың бас ұстазы – ата-ана
2. Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар.
3. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
4. Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
5. Қарға баласын «аппағым» дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.


6. Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.


7. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.
8. Адал еңбектің абыройы жоғары.
9. Уәде – алтыннан қымбат.

9 сынып

ІІІ тур

Мазмұндама
Жер-ана

Бейбіт бақша ішінің балшығын бей-берекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария:



  • Әй, балам, жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой, - деді.

Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт:

  • Менің анам үйде, аты – Зейнеп, - деді.

  • Онда сол Зейнеп анаңа айта бар, түсіндірер, - деп, қария кете берді.

Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң, Бейбіттің есіне қарияның айтқаны түсті.

  • Апа, - деді ол, - мына бір шал маған жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң деді, ол не дегені?

  • Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп.

  • Менің анам үйде дедім.

  • Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.

Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады. – «Жер-анамыз» дейтін себебіміз, - деді анасы, - ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Дұрыстап ұғып ал, тіпті адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді. Мысалы, жаңағы жеген қаймағын сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе, сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Содан да жер – бәріміздің асыраушы анамыз.

Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға кіріп, қопарып, шашып ойнаған топырақты тегістеді. Тіпті ақырын ғана алақанымен аялап сипап қойды.




9сынып

ІІ тур

Тест
1. «Қорқақ» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.

A) ит өлген жерде

B) аузы ашық

C) қоян жүрек

D) қас пен көздің арасында

E) ай десе аузы, күн десе көзі



2. Білім сөзімен қай сөз тіркеспейді?

A) сапалы

B) терең

C) жоғары

D) лас

E) орта


3. Жаңа сөзді табыңыз.

A) мұрап


B) ақша

C) саябақ

D) құл

E) нән


4. Тура мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

A) терең су

B) терең адам

C) терең ой

D) алтын адам

E) таяз түсінік



5. «Қолы ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) ашық


B) анық

C) жылдам

D) жомарт

E) белгілі



6. Баяндауышы үстеуден жасалған сөйлемді табыңыз.

A) Орманда аң көп.

B) Орыс досым қазақ тілін біледі.

C) Менің досым жақсы оқиды.

D) Анамның жасы қырықта.

E) Бүгін күн жылы болады.



7. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

A) Бөлтірік шешен былай деген екен «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол ақыл».

B) Бөлтірік шешен былай деген екен: «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол - ақыл».

C) Бөлтірік шешен былай деген: екен «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол ақыл».

D) Бөлтірік шешен былай деген екен: Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл.

E) Бөлтірік шешен былай деген екен: «Дүниеде азбайтын байлық біреу, - ол ақыл».



8. Туынды сөзді табыңыз.

A) шекара

B) оқулық

C) қара көк

D) қос құдық

E) әдемі


9. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Жаңбыр жауса, біз киноға барамыз.

B) Көктем келді, шөп көгерді.

C) Күзге қарай қалаға келді.

D) Күн ашық болды да, орталық алаңға жиналдық.

E) Қар жауды, бірақ күн суытпады.



10. Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.

A) – ыс, - іс

B)- ын, - ін

C) – ыл, - іл

D) – ғыз, - гіз

E) – ыр, - ір



9 сынып

І тур

1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұны бойынша жоспар құрастырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп кетіп, ара және қоңызбен дос болыпты. Бір күні жем іздеп шыққан жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Содан соң көмек сұрау үшін жаңа достарын іздейді. Гүл жинаған араға келіп:

- Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті.

- Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - деп көнбепті ара. Құмырсқа енді екінші досы қоңыздан көмек сұрапты.

- Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп жорғалап кете барады қоңыз.

Екі досынан да күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездесіп қалыпты. Олар мұның түрін көріп:

- Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа басынан кешкен жайды айтады. Құмырсқа өз үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі – ескі достай бола алмас» деген сөз осыдан қалыпты.



3. 1-тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, бір зат есім, сын есім және етістікке морфологиялық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма ауызша орындалады)

9 сынып

ІІ тур

2-тапсырманың мақал-мәтелдері
1. Жылы киім тәнді жылытар,

Жылы сөз жанды жылытар.


2. Бірінші байлық – денсаулық.
3. Өмірде із қалдыру балалықтан басталады.
4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
6. Туған жердің торғайы да сүйкімді.
7. Жақсы сөз – жарым ырыс.
8. Арман – адамға қанат.
9. Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
10. Өнер білсең, өлмейсің.

10 сынып

ІІІ тур

Мазмұндама
Байлық пен ақыл

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, - депті.

Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:



  • Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

  • Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

  • Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ, - дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына:

  • Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді.

Сонда кенжесі:

- Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар, - депті.

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

10 сынып

ІІ тур

Тест
1. Фразеологизмді көрсетіңіз.

A) тіс тазалау

B) тісті көрсету

C) тіс салу

D) тіс жармау

E) тіс жұлдыру



2. ...... еңбекте сыналады.

A) бала


B) ақша

C) қыз


D) ер

E) бай


3. «Аты ел аузында» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

A) ашық


B) анық

C) жылдам

D) уақытында

E) белгілі



4. Жаңа сөзді табыңыз.

A) жаңбыр

B) әнұран

C) өнеркәсіп

D) алтын

E) хан


5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A) жүр


B) жан

C) алақай

D) жоқ

E) күз


6. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) басшы


B) добы

C) шекара

D) көзқарас

E) жаңбыр



7. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Менің киноға барғым келеді.

B) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

C) Ауылдың шетінде құс фермасы бар.

D) Денсаулықты жас кезіңнен сақтауың керек.

E) Оның ештеңе істегісі келмейді.

8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

A) Оспан ешкімнен қорықпайды.

B) Сен кітап оқыдың.

C) сабақ оқыдық.

D) Даланы суреттеп отыр.

E) Мен досымды шақырдым.



9. Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Еһе, бұл қиын жұмыс қой.

B) Үйде адам бар ма?

C) Әрине, талабың күшті болса, жаңасың.

D) Баяғы заманда бір шал болыпты.

E) Қоңырау шылдыр етті.



10.Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Отрядка жаңа адам қабылданды.

B) Сәнқойлық - талғампаздықтың бір түрі.

C) Сөзшең адамның бәрі шешен емес.

D) Түнгі самал егін басын тербейді.

E) Өзен жағасына бардық.



10 сынып

ІІІ тур
1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұны бойынша жоспар құрастырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

Ертеде бір қадірлі, шешен қария дүниеден өтерінде қасына ұлын шақырып алып:

- Балам, мен ұзамай жарық дүниемен қош айтысамын. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, - депті.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп ел кезеді, бірақ таба алмайды. Бір күні бала ел ішіндегі дана қарияға келіп, әкесінің айтқанын айтады. Сонда қария: «Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Адамға тілден артық қазына жоқ», - деп аталы сөздің шешуін айтыпты.

Міне, осындай қазынаны әлемдегі жүздеген ұлттардың арасында қазақ елінің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болсын десек, алдымен қазақ тілін қастерлеп, өркендете білуіміз керек.


3. 1-тапсырмадағы мәтіннен бір құрмалас сөйлемге толық синтаксистік талдау, бір зат есім, сын есім және етістікке морфологиялық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма ауызша орындалады)

10 сынып

ІІ тур

2-тапсырманың мақал-мәтелдері


  1. Ата- бәйтерек, бала – жапырақ.




  1. Сыйлап берген су да тәтті.




  1. Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.


  1. Іздеген мұратына жетер.




  1. Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз.




  1. Ауруын жасырған өледі.




  1. Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.


  1. Бейбіт елде береке бар.




  1. Ой көбеймей, қой көбеймейді.




  1. Адал еңбектің абыройы жоғары.




  1. Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.


  1. Жылауық болса да, баланың бары жақсы,

Бақырауық болса да, түйенің бары жақсы.


11 сынып

І тур

Мазмұндама


Еңбек етпеген адам ішіп-жемейді.

Бір байдың керемет сұлу қызы болады, бірақ өте жалқау екен. Ешқашан ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де жоқ екен. Күнде айна алдында таранып, сыланып отыр екен.

Оны ұзататын шақ та келеді. Патша көпшілікке былай деп жарлық қылады: «Кімде-кім менің қызымды жұмысқа үйрете алса, соған күйеуге беремін».

Уақыт өте береді, бірақ патша қызына ешкім құда түспейді. Патша төңірегіндегі нөкерлерін шақыртып, қызына күйеу іздеуді бұйырады. Олар жан-жаққа тарап, іздеуге кіріседі. Бірде сегіз өгізбен жер жыртып жүрген жігітті кездестіреді. Олар жігіттің патшаға барып жолығуын сұрайды. Жігіт қорқып қалады, бірақ патшаның алдына келеді. Ал патша оған бәрін рет-ретімен түсіндіреді. Жігіт келісіп, қызды үш жылда жұмысқа үйретуге уәдесін береді. Сосын патшаның қызын ертіп, өз үйіне келеді. Үйінде анасы бар еді. Анасы әдемі, сұлу қызды көріп, қайран қалады.

Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, жұмыс істеуге кетеді. Ол анасына «келініңе жұмыс істетпе» деп тапсырып кетеді. Кешке жұмыстан келеді де, кешкі асын жеуге үстел басына отырып:


  • Апа, бүгін кім жұмыс істеді? – деп сұрайды.

  • Сен екеуіміз, - дейді анасы.

  • Ендеше кім еңбек етсе, сол ғана ішіп-жейтін шығар, - дейді жігіт.

Патша қызына бұл ұнамайды. Ол ашуланып, аш қалпында ұйықтап қалады. Келесі күні де дәл осылай болады. Үшінші күні патша қызы енесіне келіп:

  • Апа, маған бір жұмыс беріңізші, бос отыра алар емеспін, - депті.

  • Ендеше, балам, отын жара ғой! – дейді енесі.

Кеш болды. Кешкі асқа отыра беріп, жігіт тағы сұрайды:

  • Апа, бүгін кім жұмыс істеді?

  • Бүгін үшеуіміз де жұмыс істедік: мен, сен және патша қызы.

  • Ендеше, еңбек еткен ішіп-жейтін болар.

Сөйтіп, үшеуі кешкі асты бірге ішеді. Осылай патша қызы ептеп-ептеп жұмыс істеуге үйрене бастайды.

Үш жылдан кейін патша қызының халін білуге келеді.

Қайын енесімен бірге үйлесе жұмыс істеп жүрген қызын көріп:


  • Қалай, қызым, жұмыс істеуді үйрендің бе? – дейді патша қуанышты үнмен.

  • О не дегенің, әке, - деп жауап береді қызы, біздегі тәртіп мынадай: еңбек етпеген адам ішіп-жемейді. Әке, кешкі асты ішкің келсе, отын жар! – дейді патша қызы.

Патша қызы мен күйеу баласына көп сыйлық әкеліп, қонақ болды. Содан соң үшеуін де өзінің сарайына алып кетеді. Ол жігітті туған ұлындай көріп, барлық патшылығын табыс етеді.


11 сынып

І тур

Тест

  1. Бұйрық райдағы етістікті көрсетіңіз.

A) келдім

B) келейін

C) келмек

D) келсе


E) келер

2. .... не қылсаң, алдыңа сол келеді.

A) балаңа

B) досыңа

C) мұғалімге

D) ерге

E) атаңа


3. «Сауда... достық жүрмейді» дегенде қандай қосымша түсіп қалған?

A) - ға


B) - мен

C) - дан


D) - да

E) – ның


4. Жаңа сөзді табыңыз.

A) жаңбыр

B) қолшатыр

C) өнеркәсіп

D) алтын

E) хан


5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A) жүр


B) жақ

C) алақай

D) жоқ

E) күз


6.Демеулік шылауды көрсетіңіз.

A) және


B) сондықтан

C) ау


D) бірақ

E) туралы




7. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Менің киноға барғым келеді.

B) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

C) Анам жақында жұмысын ауыстырды.

D) Денсаулықты жас кезіңнен сақтауын керек.

E) Оның ештеңе істегісі келмейді.



8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

A) Досым даланы суреттеп отыр.

B) Мен кітап оқыдым.

C) Кешке біз сабақ оқыдық.

D) Оспан сабаққа дайындалып отыр.

E) Мен досымды шақырдым.



9. Одағай бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әрине, талабың күшті болса, жеңесің.

B) үйде адам бар ма?

C) Ойбой, бұл қиын жұмыс қой.

D) Баяғы заманда бір шал болыпты.

E) Қоңырау шылдыр етті.



10. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

A) 1986 ж.

B) 1989 ж.

C) 2001 ж.

D) 1990 ж.

E) 1987 ж.



11 сынып

ІІ тур
1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұны бойынша жоспар құрастырыңыз. Мәтіндегі негізгі ой қандай? Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

Сейіт орам үстінде жүріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқанын көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатыпты. Сонда сынықшы кісі:

- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой? – деп сұрайды.

Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:



- Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып жүрмесін деп, шыдап жатырмын.
2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған мақалдың мағынасын түсіндіріңіз (тапсырма ауызшы орындалады).
3. 1-тапсырмадағы мәтіннен бір құрмалас сөйлемге және бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма ауызша орындалады)


11 сынып

ІІ тур

2-тапсырманың мақал-мәтелдері


  1. Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар.




  1. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.




  1. Ақыл – дос, - ашу – дұшпан.




  1. Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің қысқасы жақсы.


  1. Ақылдыға жақындас, ақылсыздан басыңда ала қаш.




  1. Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.




  1. Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар.




  1. Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.




  1. Шешеннің сөзі ортақ.




  1. Әділдікке жығылмайтын кісі жоқ.




  1. Ынтымақ болмай, іс оңбас.




  1. Айлалы түлкі алдырмас.




  1. Ақымақ ішкен-жегенін айтады,

Ақылды көрген-білгенін айтады.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12
























1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

11

12

13










































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет