Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


XVIII Тарау  БАС-МИ ЖАРАҚАТЫ



Pdf көрінісі
бет158/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

XVIII Тарау 
БАС-МИ ЖАРАҚАТЫ 
ЖӘНЕ СӘУЛЕЛІК ЗАҚЫМДАНУЛАР 
КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Бас-ми жарақатына тікелей байланысты психикалық бұзылыстар сатылы 
түзіледі, психикалы қ синдромдардың полиморф измімен ж әне олардың 
регрессивті дамуымен (асқыну жағдайларын есепке алмағанда) сипатталады.
Өмір қарқынының жылдамдауына байланысты бас-ми жарақаты пробле- 
масы және онымен байланысты психикалық бұзылыстар күннен-күнге өзекті 
сипат алуда.
Бас-ми жарақаттарын жабық және ашық деп бөлеміз. Ашық жарақат ми 
жарақаттарының 10%-ын құрайды.
Жабық жарақаттарға
мидың шайқалуы 
(commotio cerebri)
ж әне мидың 
соғылуы 
(contusio cerebri)
жатады.
Бастың 
ашық жарақаттары
енген және енбеген болып бөлінеді. Енген (ми 
затының бұзылуымен) жарақаттар бас сүйегінің жарақаттарында болады.
Бас-ми жарақаттарының, соның ішінде психопатологиялық белгілеріін ерте 
анықтаудың маңызы зор ж әне нақты диагностикаға, мақсатты, сәйкес ем 
жүргізуге көмектеседі. Бас-ми жарақатынан кейін психикалық бұзылыстар 
дамуының 4 сатысын: алғашқы, жедел, реконвалесценция және алыс салдар 
кезеңдерін ажыратады.
БАС-МИ ЖАРАҚАТЫ КЕЗІН Д ЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ 
БҰЗЫ ЛЫ СТАРДЫ Ң КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ
Алгашцы кезең.
Жарақат алғаннан кейін бірден науқас санасын жоғалтады 
(95% жағдайда), содан соң сана деңгейінің терең кома жағдайынан есеңгіреудің 
жеңіл дәрежесіне дейінгі тербелістері орын алады.
Жедел кезең.
Бұл кезең сананың қалыпқа келуімен ж әне жалпы милық 
бұзылыстардың жоғалуымен сипатталады. Жедел кезеңнің типті синдромдары 
адинамиялық, вегатативтік, вестибулярлы бұзылыстармен көрінетін астения 
болып табылады. Астенияның жеңіл түрлерінде науқас соматикалық сипаттағы 
шағым айтады, көңіл-күйі төмен, тітіркенгіш, ренжігіш, көңілі бос болып келеді. 
Амнезиялар, әсіресе, ретроградты амнезия жиі байқалады, бұл кезде ес бұзылысы 
жарақаттың ауырлығына байланысты жарақат алған сәтті ғана қамтып қоймай, 
оның алдындағы бірнеше күн, айлар, тіпті жылдардан тұратын мерзімді қамтуы 
мүмкін. Контузия кезінде неврологиялық бұзылыстардың ішінен салдану,


284
XVIII Тарау. Бас-ми жарақаты және сәулелік зақымданулар кезіндегі психикалық бүзылыстар
парез түріндегі кимылдык бұзылыстар бакыланады, гипестезия және анестезия 
түріндегі сезімталдык өзгерістері байкалады, бас сүйек негізінің сүйектері сынған 
кезде бет жүйкесінің салдануы болады.
Бас-ми жаракатының ауыр аскынуларына бас сүйекішілік кан кұйылулар 
жатады, нәтижесінде жалпы милык және жергілікті симптомдармен ми ком- 
прессиясы орын алады. Бұл кезде симптомдар динамикасының ерекшелігі 
бастапкы кезең симптомдары жойылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, 
наукастың жағдайы кайтадан нашарлайды, белгілі бір аймакта локализацияланған 
бастың үдемелі күшті ауыруы пайда болады. Сана тежелуі және есеңгіреуі да- 
миды. Симптомдардың типті үштігі пайда болады: артериялык және ликворлык 
гипертония, брадикардия. Көз түбінің іркілістік кұбылыстары бакыланады. 
Д ж ексоновский типіндегі тырысулык ұстамалар, салданулар, парездер, 
афатикалык бұзылыстар бакылануы мүмкін.
Жоғарыда суреттелген жағдайлар кезіндегідей психикалык бұзылыстар, бас- 
ми жаракатының сүйектер сынуымен аскынуларының нәтижесіндегі ми кан 
тамырларының майлы эмболиясы салдары түрінде бас сүйекішілік кан кұйылулар 
кезінде де бакылануы мүмкін.
Жабык
бас-ми жаракатының жедел кезеңінің ұзактығы бірнеше тәуліктен 
2 айға ж ән е одан көп м ерзімге созылады . Бұл кезеңдегі п си хи калы к 
бұзылыстар бас-ми жаракатының ауырлык дәрежесіне (жеңіл, орташа, ауыр) 
байланысты жіктеледі. 
Жеңіл дәрежесінде
сана секундтарға (минуттарға) 
сөнеді, сана сөнуі болмауы да мүмкін немесе обнубиляцияның жеңіл дәрежесі 
орын алуы мүмкін.
Наукастар жедел кезеңде шағым айгпайды немесе жеке-жеке жалпы милык 
симптомдарға нұскайды: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы.
Бас-ми жаракатының орташа ауырлык дәрежесінде наукас санасы бірнеше 
минуттан бірнеше сағатка жоғалады, артынан бір сағаттан 1 -2 күнге дейін 
сана обнубиляциясы, одан әрі карай антероретроградты амнезия орын алады. 
Жедел кезеңде бас ауыруы, бас айналуынан баска мнестико-интеллектуалды 
бұзылыстармен ж әне адинамия кұбылыстарымен көрінетін айкын астения 
болады. Бас-ми жаракатының ауыр дәрежесінде бірнеше тәулікке созылатын 
сопор немесе кома бакыланады. Ретро-антероградты ж әне ф иксациялы к 
ам незия тән. Ж едел кезеңде п си хоорган и калы к синдром көріністері 
байкалады.
Жедел кезеңде (алғашкы күндерде немесе бір аптаның жартысында жиі, бір 
айдан кейін сирек) сана калпына келген соң жиі күңгірттену, делириозды не- 
месе онейроидты тип бойынша сананың карауыткан күңгірттенуі түрінде пси- 
хоздар байкалады. Корсаков синдромы дамуы мүмкін (ең алдымен, фиксациялык 
және ретроградты амнезия, аз дәрежеде — антероградты амнезия және конфа- 
буляциялар. Ж аракаттан кейінгі кататония түрінде көрінетін апалликалык 
синдром байкалады, бұл кезде ми кыртысы кызметінің токтауы — декортика- 
циямен байланысты психикалык ж әне неврологиялык бұзылыстар бірігіп 
көрініс береді. Сонымен катар, акинетикалык мутизм бакыланады, бұл кезде 
кимылдыщ болмауы сөйлеудщ токтауымен косарланады. Сирек жағдайда, 
аффективті (дисфорияға жакын көңіл-күйдің төмендеуі) және сандырактык


Бас-ми жарақаты кезіндегі психикалық бүзылыстардың клиникалық көрінісі.
285
(сезімдік сандырақпен, вербальды галлюцинациялармен) психоздар байқалады. 
Ми контузиясы кезінде эпилептиформды ұстамалар жиілей түсіп, эпилептикалық 
статустың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Жарылыс толцынымен жарақаттану —
бас-ми жарақатының ерекше түрі — 
ми шайқалуы және соғылуы, ми қан айналысының бұзылысымен байланысты 
жүреді. Бұл кезде сана жарылысты дыбыстық қабылдауға дейін кенеттен 
жоғалады. Сөнген сана кезеңі — бірнеше минуттан 5—6 сағатқа дейін созыла- 
ды. Сырттай бұл кезде науқас өлген адамға ұқсайды. Бұл науқастардың жүріс- 
тұрысы жарақаттанғандардың жүріс-тұрысынан күрт ерекше. Ж арылыс 
толқынымен жарақаттанғаннан кейін науқастар сылбыр, аз қозғалады, ажыраған. 
Сурдамутизм құбылыстары байқалады.
Ашық
бас-ми жарақаттары кезінде бастапқы және жедел кезең симптома- 
тикалары жабық бас-ми жарақаты кезіндегі белгілерден ерекшеленбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет