Маниакальды-депрессивті психоздың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері
335
мазасыздық сезімі, кітап оқу үстінде немесе теледидар көргенде тез дамитын
шаршау бақыланады. Тынышсыз, ұйқыға кетудің қиындауымен ж әне ерте
оянатын шала ұйқы тән. Науқастар таңғы сағат 4-5-тер шамасында оянады,
бұл кезде оларда ешқандай тыныққандық сезімі болмайды.
Маскалы депрессияның соматикалық көріністері әрқилы болып келеді. Бас
ауыруы, бет, арқа, аяқ-қол, барлық мүшелерде дерлік ауыру сезімдері, жүрек-
қан тамыр жүйесінің бұзылыстары, әйелдерде етеккір циклының бұзылыстары
ж әне т.б. көрінеді. Бұл сезімдері нақты емес, науқастардың сипаттаулары
түсініксіз. Науқастардың айтулары бойынша, ауыру сезімдерінің айқындылық
дәрежесі мен зертханалық және басқа да объективті тіркеу жолдарымен алы-
натын нәтижелерде мүшелердегі патологиялық өзгерістердің табылмауы ара-
сында сәйкессіздік байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: