Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет186/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ДИАГНОСТИКА
Ш изофренияның клиникалык көріністерінің спектрі өте кең, сондықтан, 
оның диагностикасы көптеген киындықтар тудырады. Негізгі диагностикалық 
критерийлеріне ш изоф ренияға тән негативті бұзылыстар немесе наукас 
тұлғасындағы айрықша өзгерістер жатады. Оларға эмоционалды кедейлену, 
ойлау және тұлға аралык бұзылыстар жатады. Сонымен катар, шизофренияға 
синдромдардың белгілі жиынтығы тән. Ш изофренияның дифференциалды- 
диагностикалық бағасын үш бағытта жүргізу қажет: экзогенді психоздардан, 
аффективті психоздардан, соның ішінде маниакальды-депрессивті психоздан 
және невроздар мен психопатиядан ажырату керек. Экзогенді психоздар белгілі 
бір зияндылықтармен байланысты басталады (токсикалық, инфекциялык). Ол 
кезде өзіне тән тұлғалық өзгерістер байқалады (органикалы к типтегі), 
психопатологиялык көріністері галлюцинаторлы және жиі көру галлюцинаци- 
ялары басымдылығымен жүреді.
Аффективті психоздар кезінде ш изофренияға тән тұлғалык өзгерістер 
байкалмайды. Психопатологиялык көріністер негізінен аффективті бұзылыс- 
тармен көрінеді. Аурудың динам икасы нда синдромдарды ң күрделенуі 
байқалмайды. Бірінші ж әне екінші ұстамалар да аффективті патологиямен 
көрінеді, ш изоф рения кезінде (кезеңдік формасында да) ұстамалардың 
күрделенуге тенденциясы бар, яғни, аффективті ұстамалар әрі карай аффективті- 
сандырактык, кататоно-онейроидты күйлерге ауысады.


328
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
Шизофренияны невроздар мен психопатиялардан ажырату шизофрениялық 
үрдістің баяу, белсенді емес ағымында қажет болады. Бұл жағдай шизофренияға 
тән тұлғалық өзгерісті, невроз тәрізді немесе психопатия тәрізді бұзылыстардың 
ерекшеліктерін табуға көмектеседі. Психопатиялар кезінде психопатологиялық 
симптоматика тұлға аралық қатынастармен байланысты, сондай-ақ, психопа­
тия тәрізді симптоматика үдемелі үрдіспен анықталады. Невроздар кезінде 
оның пайда болуына ықпал ететін белгілі психогенді зияндылықтар болады. 
Невроз динамикасы шизофренияның невроз тәрізді көрінісі динамикасынан 
ерекшеленеді.
ЕМІ
Қазіргі кезде шизофрения ауруларын емдеуде көп мүмкіндіктер бар. Кең әсер 
ету спектрі бар психотропты дәрілердің үлкен арсеналы ауру көріністерінің 
ерекшеліктерін ескере отырып, дифференциалды терапиясын жүргізуге мүмкіндік 
береді. Сандырақ ж әне галлюцинаторлы бұзылыстар басым көрініс берген 
психотикалық бұзылыстар кезінде, қозу жағдайында галоперидол, тиопропера- 
зин және т.б. нейролепиктер қолданылады, кататониялық бұзылыстар басым 
болғанда этаперазин, френалон ж әне т.б. нейролепиктер қолданылады. 
Ш изофренияның жедел жоғары дене қызуымен, яғни фебрильді ұстамамен 
өтетін жағдайының еміне тоқталып өтейік. Фебрильді ұсатамалармен сырқат 
науқастарды емдеу үшін үлкен дозада аминазин, электротырысулық терапия 
қолданылады. Басқа нейролептиктер қолданылмайды. Кей науқастар аминазинді 
көтере алмайды, бұл жағдайда сол препаратпен қатар көктамырға сибазон 
тағайындаған дұрыс. Бұл шаралар тиімділік көрсетпесе, әрі қарай қызуы көтеріліп, 
ми ісінуі белгілері артқан жағдайда электротырысулық терапияға көшу керек.
Ауру көрінісінде негативті бұзылыстар басым болған жағдайда ынталанды- 
рушы әсері бар нейролептиктерді қолдану ұсынылады. Депрессивті ж әне 
депрессивті-параноидты көріністермен сырқат науқастарға антидепресанттар 
тағайындау керек. Күрделі психопатологиялық синдромдар кезінде нейролеп- 
тиктер, антидепресанттар және т.б. препараттардың комбинациясын қолдануға 
болады. Инсулинді шокты, электротырысулық терапия тәрізді дәстүрлі әдістерді 
қолдану да жақсы нәтижелер береді. Инсулинді шокты терапия шизофрениялық 
үрдістің жедел көріністерімен және соматикалық әлсіз науқастарға көрсетілген, 
ал электротырысулық терапия басқа ем әдістеріне резистентті және созылмалы 
депрессиямен сырқат науқастарға қолданылады.
Ш изофрениямен ауыратын науқастарды толыққанды өмірге оралту үшін 
кеңес психиатрлары әлеуметтік-еңбектік реабилитацияға көп көңіл бөлді. 
Психиатриялық көмекті ұйымдастырудың жалпы жүйесінде әртүрлі емдік- 
еңбектік ж әне шизофрениямен сырқат науқастарға әлеуметтік әсер етудің 
әр түрлі формалары қарастырылған.
Ш изофрениямен сырқат науқастардың ішінде 50%-ның мүгедектігі ж оқ 
және олар кәдімгі жұмыс орындарында қызмет істейді. Қалғандары негізінен ІІ, 
сирек жағдайда І және ІІІ топ мүгедектері. ІІІ топ мүгедектері арнайы цехтар- 
да жұмыс істейді, ал ІІ топтағылар психоневрологиялық диспансер жанынан


Профилактика
329
ашылған емдік-еңбектік шеберханаларда жұмыс істейді. Науқасқа еңбек түрін 
таңдауды науқастың психикалык күйін ж әне бұрынғы мамандығын ескере 
отырып, дәрігер-психиатр жүргізеді. Бұл мүмкіндік болмаған жағдайда, науқас 
мамандық бойынша білім алып, жаңа жұмысқа орналаса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет