Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Ұстама тәрізді-үдемелі (шубтәрізді) шизофрения



Pdf көрінісі
бет184/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Ұстама тәрізді-үдемелі (шубтәрізді) шизофрения
Бұл форма үзіліссіз ағымдағы үрдіс фонында қайталамалы ұстамамен си- 
патталады, өнімді және үдемелі негативті симптоматикамен көрінеді.
Шизофренияның бұл түрінде ұстамалар әр түрлі, олар аса полиморфизмімен 
және біркелкі емес ұзақтықпен (минуттарға созылатын «транзиторлы» түрінен 
көп жылдарға созылатын ұстамаларға дейін) ерекшеленеді. Бірақ рекуррентті 
шизофрения ұстамаларына қарағанда жедел емес, баяулау ағымда өтеді, оның 
құрылымында параноидты және галлюцинаторлы көріністер басым көрініс береді. 
Кейде ұстама тәрізді үдемелі шизофренияның өнімді симптоматикасы ұстама 
кезінде ғана емес, ұстама аралық кезеңде де байқалады. Тұлғаның үдемелі дефи- 
цитарлы өзгерістері, ұстаманың қалдық (резидуальды) симптоматикасы 
байқалады. Өздерінің әр тектілігіне қарамастан ұстама тәрізді үдемелі шизофре­
ния кезіндегі ұстамалардың ортақ ерекшеліктері болады. Оларға психоз 
көріністерінің массивтілігі арасындағы диссоциация ж әне науқас жүріс- 
тұрысының азды-көпті дурыстыны аса тән. Шизофренияның бұл түрінде ұстамалар 
полиморфтылығымен ерекшеленеді. Мысалы, маниакальды ұстама кезінде 
науқаста жиі өзін-өзі кінәлау идеяларымен және жасаурағыштықпен байқалатын 
депрессия күйі көрініс беріп тұрады. Басынан өткізген жағдайға, тіпті ұстама 
айқын және массивті симптоматикамен өтсе де, сын көзқарас толық болмайды.
¥стама тәрізді үдемелі шизофренияның басталатын жас кезеңі әр түрлі. Ол 
балалық шақта, жетілген және егде жас кезеңінде де басталуы мүмкін. Қандай 
жас кезеңінде басталуына байланысты клиникалық көрінісінде де жасқа бай­
ланысты ерекшеліктер айқы н көрінеді. М ысалы, науқаста инфантилизм 
анықталса, дерттің балалық кезінде басталғаны жөнінде айтуға болады. ¥стама 
тәрізді үдемелі шизофрения кезіндегі болжам әр түрлі және ең алдымен аурудың 
басталған жас кезеңіне, үрдіс ағымының жеделдігіне ж әне тұлға өзгерісінің 
дәрежесіне тәуелді.


Этиологиясы және патогенезі
325
Наукас П.А., 23 жаста. Психикалык аурулармен тұқым куалау ауырлығы 
жоқ. Ерте дамуы қалыпты, мінезі ашушаң, тітіркенгіш. Құрбыларымен жиі 
қақтығыстарға түскен. Жақын достары болған емес. Орташа оқыды, 8 сынып- 
ты бітірген соң кешкі мектепте оқығысы келді, бірақ оны тез тастап кетті. 
Троллейбус паркінде электрик болып кызмет етті. 20 жасында наукастың 
жағдайында өзгерістер байқалды. Тұйықтығы артып, іс-әрекетсіз болды
жұмысқа барудан бас тартты. Ата-анасының ескертулерін елеген жоқ. Кейінірек 
өзін «бөтен күш» басқаратындай сезім пайда болды. Өзін біреу аңдып жүргендей 
сезінді, үйінің қасынан «өтетін» ерекше машиналарды байқады. Сонымен қатар, 
«төніп келе жатқан қасіретті» алдын-ала сезініп, үрей пайда болды. Осы жағдайда 
психиатриялык ауруханаға жаткызылды.
Ауруханада соматикалык және неврологиялык жағдайы жағынан кандай да 
патология байкалмайды. Психикалык жағдайы: уакыт бойынша бағдарлануы 
дұрыс, қоршаған орта бойынша бағдары толық емес. Бөлімшедегі науқастардың 
ішінде өзін аңдуға арнайы жіберілген адамдар бар деп санайды. Өзіне «ерекше 
күштің» әсерін сезеді. Ол әсердің сипатын аныктап айта алмайды. Дертті 
жағдайына сын көзқарас жоқ. Эңгіменің басында сұрақтарға дұрыс жауап беріп 
отырды, ары қарай үрей артып, коркыныш сезінетінін айтып, сөздерінің реті 
өзгеріп, үзілу элементтері пайда болды.
Нейролептиктермен емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарды. 
Басы нан өткізген дертті күйзеліске сын көзқарас пайда болды. Үйіне 
шығарылды. Үйінде тәртібі дұрыс болды, бірақ тұйықтык, белсенділік пен 
кызығушылыктарының төмендеуі бакыланды. Жұмысты киындыкпен орын- 
дады. Кейде үрейшіл, мазасыз, күдікшіл жағдайларға түсті. Жарты жылдай 
сүйемелдеуші терапия қабылдады, ал кейін дәріден бас тартты. Ауруханадан 
шыкканына бір жыл өткен соң жағдайы айтарлыктай нашарлады: ата-анасы- 
на дұшпандық катынас қалыптасып, оларды пәтерден куды, әсер ету және 
соңына түсу сандырак идеяларын айта бастады. Психиатриялық ауруханаға 
кайта жаткызылды. Ауруханаға түскенде наукастың соматикалы к ж әне 
неврологиялык жағдайы жағынан патология байқалған жоқ. П сихикалык 
жағдайы: уақыт және орын бойынша бағдары дұрыс, өзін аурумын деп сана- 
майды, үйге жіберуін сұранды. Бұрын ауырғандығымен келіседі, ал қазір ауру 
емеспін деп мәлімдейді. Көп сөйлейді, ата-анасы жөнінде жақгырмай сөйлейді. 
Дәрігерге өзінің қазіргі уақытта маңызды мәселелермен шұғылданатынын, 
сонымен байланысты өзін тұракты тексеретіндігі жөнінде әңгімелейді. Өзін 
тексерумен шұғылданатындар ішінде өзінің әкесі де бар деп есептейді. 
Бөлімшеде өзін айрыкша ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет