Жалпы клиникалық ерекшеліктері
345
деген сын көзқарас калыптасуы да мүмкін. Бірак дерттен толык айығу бай-
калмайды.
Науқастарда өздеріне тән тұлғалык өзгерістер байкалады: кызығушылыктар
шеңбері тарылады, тұлғалык көріністер монотондылығы, жоғары үрейшілдік
пен күмәншілдік.
Кәрілік алды кезең психоздарының клиникалык көрінісінің ерекшеліктеріне
байланысты МДП-пен, шизофрениямен, кан тамырлык және баска да психоз-
дармен диферренциалды диагностика жүргізу кажеттілігі пайда болады. Инво-
люционды меланхолияның үрейлі күйдің бакылануымен, жедел кезеңде және
одан кейінгі кезеңде де шизофрениялык тип бойынша тұлға өзгерістерінің
болмауымен шизофрения ауруының кеш басталуы жағдайынан, МДП кезіндегі
депрессиядан айырмашылығы бар. Органикалык психоздардан және соның
ішінде кан тамырлык генезді психоздардан инволюционды меланхолияның
инициалды көріністерінде бакытсыздыкты күту үрейі, ипохондриялылык
бакыланады, клиникалык сипатында бұзылған сана эпизодтары, психоор-
ганикалык тип бойынша тұлғаның айкын өзгерістерінің, бас миының органикалык
ауруын нұсқайтын неврологиялык мәліметтердің болмауымен ерекшеленеді.
Егде жастағы адамдарда дамуы мүмкін баска психикалык аурулардағы парано-
идты синдромнан инволюционды параноидты ажырату үшін жоғарыда аталған
диференциалды диагностикалык критерийлерді колдануға болады. Сонымен
қатар, инволюционды параноидқа «қарапайым өмірдегі оқиғаларды» бейнелейтін
сандырактык идеялар тән. Бұл аурулар диагностикасында оның егде жастағы
адамдарда алғаш рет пайда болу фактісінің үлкен мәні бар.
Кәрілік жас кезеңіндегі психикалык бұзылыстар клиникасында кан тамырлык
бұзылыстардың үлес салмағы басым.
Сондықган, жиі кәрілік алды ж әне кәрілік жас кезеңінің психотикалык
бұзылыстарын кан тамырлык психоздардан ажырату кажет болады. Бірінші
кезекге, қан тамырлык патологиямен науқастардағы психопотологиялық күйлер
ағымының ерекшеліктеріне назар аудару кажет. Бас миының кан тамырлык
патологиясы бар наукастардағы психопатологиялык бұзылыстардың динами-
касында психотикалык бұзылыстар мен кан тамырлык патология динамикасы
арасында белгілі бір байланыстылықгы байқауға болады. Мұндай науқастардың
психикалы к күйінде көрсетілген психотикалы к синдромдардан баска
психоорганикалык тип бойынша тұлға өзгерістері анықгалады. Сонымен бірге,
тиянакты жиналған анамнез, әсіресе кан тамырлык патологияны нұскайтын
мәліметтер болған жағдайда (мысалы, гипертониялык ауру) дұрыс диагноз кою
жеңілдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: