Эпилепсиялық статус
373
жүрек-қантамыр және тыныс жеткіліксіздігімен, ми ісінуімен, қосылған өкпе
инфекциясы мен, бауыр функциясы бұзылыстарымен күресу бойынша іс-
шаралар кешенін өткізуді қажет етеді.
Делирийдің типті ұзақтығы бірнеше күнді құрайды. Осы уақыт аралығында
сана күңгірттенуі және өнімді симптоматика (галлюцинация, сандырақ, бұрыс
жүріс-тұрыс) сақталады. Емдеудің алғашқы күндерінде-ақ өнімді симптомати-
каны толық жоюға табанды талпыныс жасау жөн емес, седативті заттарды көп
мөлшерде беру тек дәрілік ұйқы шақырады (наркоз), ол өз кезегінде психоз
жағдайын ұзартып, табиғи қалпына келу үрдістерін қиындатады. Қажалулар
мен гипостатикалық пневмонияны болдырмас үшін күндізгі уақытта науқас
төсекте отырып, өздігімен су ішіп, мүмкін болса, орнынан көтеріліп дәретханаға
баруы қажет. Қозу түнгі мерзімде күшейетіндіктен, седативті заттардың кешкі
дозалары жоғары болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: