56
IV Тарау. Психогигиена
Невроздар мен психопатиялар кезінде психотерапияны кең қолдану және
оның психопрофилактикаға ж әне адамның әлеуметтік реадаптациясына
бағытталуы нәтижесінде отбасылық психотерапия ұғымы пайда болды.
Психотерапияның негізгі мақсаты — отбасындағы бұзылған қарым-қатынасты
дұрыстау. Отбасыішілік қарым-қатынас бұзылысы патологияның бір түрі ретінде
қарастырылады, ең алдымен, дұрыс квалификациялануы керек. Отбасылық
жыныстық дисгармонияны анықтау үш деңгейде іске асырылады: бейнелік,
генетикалық және динамикалық. Бейнелік деңгейде жанұялық патология сим-
птомдары анықталады (жыныстық сәйкессіздік, ұрыс-керіс, алкоголизм,
невроздық бұзылыстар, психосоматикалық бұзылыстар). Генетикалық деңгейде
жұбайлық қарым-қатынас эволюциясы қаралады, некенің бұзылуының себебі
анықталады (ерте некелесу, кездейсоқтық, некені өткен өмірінің конфликтілерін
ұмытуда қолдану). Динамикалық деңгейде ең негізгі конфликт анықталады,
оларды шешу тәсілдері анықталады, өзара бірін-бірі толықтыруға, жаңа
отбасылық рөлдерге бейімделуге қабілеттілік және қабілетсіздік анықталады.
Тексеру үрдісінде отбасының әр мүшесінің тұлға болып қалыптасу жағдай-
лары зерттеледі және отбасындағы келіспеушілік себептері толығынан ашыла-
ды, тәрбиелеу жұмысы, медико-педогогикалық түзетулер жүргізіледі. Қажет
болса, басқа да мамандар қатыстырылады, соматикалық, эндокринді, сексуал-
ды бұзылыстарды емдеу шаралары, психоформакологиялық және психикалық
бұзылыстардың қажетті емі жүргізіледі.
Қоғамның даму қарқынына қарай отбасылық қарым-қатынастар, отбасы
дәстүрі мен ұстанымдары, отбасыішілік байланыс түрі өзгереді. Қоғамда,
өндірісте әйелдердің рөлі айқын өзгерді. Әйелдер эмансипациясы оларды тең
құқ^ілы, тәуелсіз, белсенді және интеллектуалды етті. Бұл әйелдің отбасындағы
рөліне әсерін тигізді, отбасылық және жыныстық қарым-қатынастағы жұбайына
деген талаптың өсуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: