АЛҒЫ СӨ З Лталмыш психиатрия оқулығы болаш ақ дәрігерлердің алдында тұрған
тәжірибелік міндеттерді ескере отырып жазылған. Болашақ дәрігерлерді дай-
ындау олардың психикалық бұзылыстары жөніндегі ой-пікірлерін байытуды
ғана емес, сонымен қатар, студенттерге кез келген науқастың күйін, оның
дертке деген жеке психологиялық реакциясын ж әне қосалқы психикалық
бұзылыстарын толық бағалауға мүмкіндік беретін білім беруді, пациенттің
психикалық жағдайын ескере отырып тиімді емдеу және профилактика әдістерін
анықтай білуді көздейді.
Оқулықта психогигиена ж әне психопрофилактика мәселелері кеңінен
ашылған. Психикалық бұзылыстарға қатысты жоғарғы қауіптілік факторлары
қарастырылады, психикалық аурулар ды оңалту жөніндегі заманауи білім
негіздері келтірілген. Психиатрия курсында бұл мәселелердің терең қарасты-
рылуы медицинаның профилактикалық бағытына сәйкес.
Мемлекеттің маскүнемдік, алкоголизм ж әне есірткі заттарға тәуелділікті
жою бағытына сәйкес, осы мәселелер оқулықта бұл заттардың патогенді әсері
және әлеуметтік зардаптары жөнінде студенттерде білім түзу мақсатында толық
келтірілген.
Оқулықта психиатриядағы диагностиканың әдістемелік негіздері жөніндегі
ақпарат келтірілген. Оқулықта психиатриядағы әрқилы идеологиялы қ
концепцияларға сыни талдау жасалған ж әне олардың пайда болу көздері
көрсетілген. Ллкоголизм, наркомания, тұлға дамуы бұзылысы кұбылыстарының
әлеуметтік себептері ж әне невроздар мен экзогенді психоздардың дамуына
әкелетін факторлардың әлеуметтік мәні ашылады.
Пәнді оқудағы игерілген білім деңгейін тестілік бақылау жүргізуге міндетті
талаптарға байланысты оқулыққа алғаш рет жауап эталондарымен клиникалық
есептер формасында тестілік тапсырмалар енгізілді, бұл психиатрияны оқу
үрдісінде өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.
Психикалық бұзылыстардан зардап шегетін адамдарға қатысты заң талап-
тарына сәйкес оқулықта Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи-
касының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі»
келтірілді, бұл дәрігерлерге пациенттердің осы контингентіне кұкыкгық негізде
көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Шұғыл көмекті қажет ететін жалпы меди
цина тәжірибесінде аса жиі кездесетін психикалық бұзылыстар, сонымен қатар,
осы жағдайлар кезіндегі тактикалық шаралар жеке аталып өтеді.
Психиатриялық терминдердің толық глоссарилері қазақ, орыс және ағылшын
тілінде бірінші рет ұсынылды.
Лвторлар оқулыққа қатысты барлық сыни ескертулерді ризаш ылықпен
қабылдап, ескереді.