Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет14/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

психикалық бузылыстарды нозологиялық жіктеу
сатысы маңызды 
болды, бұл ұсынысты неміс психиатры Э. К репелин Ю рьев (Тарту)
2.1-сурет. Пинель Ф. (1745—1826)


28
II Тарау. Психиатриядағы негізгі даму бағыттары
2.2-сурет. Корсаков С.С. (1846—1900) 
2.3-сурет. Крепелин Э. (1856—1926)
университетінде қызмет етіп жүрген кезеңінде жасады. Ол алғаш жеке ауру 
ретінде (ерте ақыл кемдігін) 
dementia praecox
ашып, кейіннен ол (Э. Блейлер) 
шизофрения деген атауға ие болды.
Э. Крепелин аурудың нәтижесін анықтады. Психикалық ауруларды жүйелеуде 
С.С. Корсаков аурудың бастапқы белгілеріне ж әне даму сатысына үлкен мән 
берді. Н озологиялы қ принциптің психиатрияға енгізілуі психиатрияның 
м едициналы қ маманды қ екенін дәлелдеді. П сихикалы қ бұзылыстардың 
нозологиялық жіктеуі барлық елде мойындалмады. АҚШ -та Л. Мейер пси- 
хиатриядағы нозологиялық классификацияға белсенді қарсылығын білдірді, 
өйткені, ол психикалық бұзылыстар адамның қандай да бір факторларға реак- 
циясы деп түсіндірді.
Бұл реакциялар индивидуалды, адамның психобиологиялық ерекше- 
ліктерімен, зиянды факторлардың сипатымен (психикалық, соматикалық
инфекциялық-токсикалық т.б.) анықталады. Бұл бағыт психобиологиялық 
бағыт деп аталды. Уақыт өте келе психобиологиялық бағыттар фрейдизммен 
ортақ психодинамикалық психиатрияға көшті. Кейбір елдерде Крепелиннің 
нозологиялық жүйесі жекелеп қабылданды. Мысалы, Францияда — созылма- 
лы сандырақтық психоздар, галлюциноздар және т.б., Скандинавия елдерінде — 
реактивті, конституционалдық психоздар.
Кейінірек клиникалық психиатрия жаңа мәліметтер мен зерттеулермен 
толығып, өсе түсті. Психикалық аурулардың симптомдары мен синдромдарын 
сипатына және олардың ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінді, психикалық 
бұзылыстардың динамикасындағы ортақ заңдылықтар (жалпы психопато- 
логиялық) анықталды. Клиникалық психиатрияның дамуына кеңес ғалымдары 
көп еңбек сіңірді. Жалпы психопатологияның және психикалық аурулардың


Клиникалық бағыттар
29
2.4-сурет. Ганнушкин П.Б. (1875—1933) 
2.5-сурет. Гиляровский В.А. (1875—1959)
клиникасын анықтауда П.Б. Осиповтың еңбегі зор болды. П.Б. Ганнушкин 
п сихопатияны ң әртүрлі нұсқалары н нақты зерттеп, дин ам и касы н ы ң
ерекшеліктерін сипаттады.
Ш екаралы психиатрияның мәселелері О.В. Кербиковтің ж әне оның 
ш әкірттерінің еңбектерінде ары қарай өрбіді. О.В. Кербиков тұлғаның 
психопатиялық түзілуіндегі сыртқы факторлардың (баланы, жасөспірімді тәрбиелеу 
ерекшеліктері) рөлін көрсетіп берді. Жүргізілген тәжірибелер мен талдаулар 
негізінде әртүрлі экзогенді психоздардың клиникалық суреттемелері берілді 
(В.А. Горовой—Шалтан, В.Л. Осипов, С.Н. Давиденков, Н.Н. Тимофеев т.б.).
Экзогенді және эндогенді психоздарға тән психопатологиялық көріністер 
арасындағы шекараның жоқтығы көрсетілді. Маниакальды-депрессивті психоз 
және шизофренияға тән аффективті және сандырақтық психопатологиялық 
көріністердің созылмалы соматикалық, жұқпалы ауруларда пайда болуы 
бақыланды. Соматикалық аурулардың психикалық жағдайларын арнайы зерт­
теу психиатриялық бағытта соматопсихиатрияның дамуына әкелді (В.А. Гиля­
ровский). Балалық шақта кездесетін психикалық аурулардың болжамы мен 
клиникасының ерекшеліктері анықталды, осылайша жалпы психиатрияның 
жаңа бөлімі — балалар психиатриясы туындады (Г.Е. Сухарев, Т.Г. Симсон, 
Н.Н. Озерецкий).
Ескерте кететін жағдай, клиникалы қ психиатрияның теориялық ж әне 
тәжірибелік мәселелерін қарастыруда кеңес психиатрлары тек клиникалық 
әдістермен шектелмеді. Сонымен бірге, психикалық патологияны зерттеуде 
клиникалық зерттеулер өзге әдістемелік тәсілдермен бірге қолданылды, бұл 
жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде науқастардағы психопатологиялық 
көріністерге нейротропты заттардың әсерін бағалау мақсатындағы Е.А. Поповтың


30
II Тарау. Психиатриядағы негізгі даму бағыттары
зерттеулері маңызды орын алды. Бұл зерттеу нәтижелері психотропты дәрілердің 
психикалық аурулар клиникасында қолданылуына жол ашып берді. О.В. Кер­
биков психикалық аурулардың әр түрлі құрылымын (синдромдар деңгейінде) 
математикалық модельдеуге әрекет жасады.
Кеңес психиатрлары клиникалық психиатрияның мәселелерін нозологиялық 
принципке негіздеп қарастырды, олар психиатрияда жеке, бөлек аурулардың 
болатынын сенімді айтты. Сонымен қатар, заманауи психиатрияда отандық 
психиатрияның негізін салушы С.С. Корсаковтың ұсынған аурудың динами- 
касы жөніндегі идеясы жалғасын тапты (А.В. Снежневский). Психикалық 
ауруларды зерттеудегі динамикалық көзқарас психикалық аурулардың даму 
үрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрін суреттеуге мүмкіндік берді. 
Осының негізінде симптоматикасының айқын бейнеленуімен синдромдардың 
глоссарийі құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет