Профилактикасы мен емі
249
дертінің пайда болу механизмін аныктауға бағытталған наукаска аударылған
зейінге байланысты.
Психопатия профилакгикасының тиімділігі коғам өмірінің жалпы әлеуметгік
шарттарына және де арнайы психогигиеналык және медициналык шаралардың
жүргізілуіне байланысты. Тұлға әртүрлі әлеуметтік орталык факторлардың
белсенді әсерінің нәтижесінде түзіледі. Ерте сатыда — бұл отбасы, балабакша,
мектеп, институт және т.б, болып табылады.
Кеңестік денсаулык сактау өзінің алғашкы кұрылған жылдарында психопа
тия проф илактикасы н ең негізгі міндет деп жариялады. Соны ң ішінде
психопатияның біріншілік профилактикасының максаттарына сәйкес келетін
ана мен бала денсаулығын сактау бойынша; пре және постнатальді закымдану
жағдайларының алдын алу, баланың психикалык және физикалык дұрыс да-
муына жағдай жасау шаралары маңызды мәнге ие болды.
Психопатияның ілкі
профилактикасында балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін оптималды
психологиялык климат кұру максатында психологиялык және педагогикалык
әсер ету шараларына айрыкша мән берілді. Ерте балалык шакта жанұяның,
жанұя ішілік карым-катынастың әсері ерекше. Бала біркалыпты, жылы эмо-
ционалды катынас жағдайында өсуі керек.
Сәбидің психикалык даму дәрежесіне карай, оған ата-анасыны ң өзара
карым-катынасы әсер ете бастайды. Ата-ананың
арасындағы жиі болатын
жанжал сәби психикасында терең із калдырады. Жиі олар жүріс-тұрысымен
және мәнерлерімен ата-анасына еліктей бастайды.
Сонымен катар, ата-анасының сәбиге деген карым-катынасының да маңызы
зор. Бала өмірінің алғашкы жылдарында белсенділік, тәуелсіздік таныта ба
стайды: бір нәрсе жасауға, әкелуге тырысады және т.б. Ата-анасы баласы бір
нәрсеге ұшырап калмас үшін және т.б. максаттармен оның талпынысын басып
тастайды. Кейінірек бұл жағдай оның мінез-кұлкында әрекетсіздікке әкелуі
мүмкін. Баланың үнемі «неге» деген сұрағына мән бермеу баланы сенімсіздікке
және толымсыздыкка тәрбиелейді.
Жасөспірімдермен катынаска ерекше назар аудару керек. Бұл жаста ба-
лада айтарлыктай психикалык кайта кұрылулар болады. Түзіліп келе жаткан
тұлға ретінде өзіндік «Менін» саналы түсіне бастайды. Бұл үрдіс өзіндік
«Менін» дәлелдеу талпыныстарымен жүреді.
Ж иі бұл ата-ана кеңестерін
елемеумен, олармен катынаста керіскіштікпен ж әне дөрекілікпен көрінеді.
Мұндай психикалык дисгармония жағдайы акселерация кұбылыстарымен
аскына түседі. Акселерация кезінде күшті физикалык даму ж әне техникалык
прогресс ж ағдайында калыптасумен катар жасөспірімдер үлкен көлемді
акпаратты игереді. Сонымен катар, ж еке өмірлік тәжірибесінің болмауы
өздерінің іс-әрекеттерінің әлеуметтік мәнін бұрыс болжауға алып келеді.
Бұл жерде өсу дерті деп аталатын кезеңді өткеруге көмектесетін, жасөс-
пірімдердің тұлғалык дисгармониясын одан әрі тереңдетпес үшін
ата-ана
мен ересектердің жасөспірімдермен арасындағы карым-катынасының жаксы
ойластыры лған жүйесі кажет. Ата-анасыныщ, педагогтарды ң ж ән е ере-
сектердің еңбектері кажет нәтиже бермеген жағдайда дәрігер-психиатрға
көрінген дұрыс.
250
XIV Тарау. Психопатиялар
Екіншілік, үшіншілік профилактика деп атауға болатын профилактиканың
тағы бір аспектісі тұлға дисгармониясы күшеюнің, декомпенсация дамуының
алдын алуды, тұлғалык акауларды компенсациялауға көмек беруді және мак-
сималды әлеуметтік адаптацияны камтамасыз етуді көздейді. Психопатияның
салдарлык ж әне үшіншілік профилактикасын жүргізу бойынша шаралар ар
найы білімді кажет етеді. Бұл жерде тұлғаның дисгармониялык көріністерінің
ерекшелікгерін және осы белгілердің күшеюіне әкелетін жағдайларды аныктай
білу керек. Алдын алушы немесе сүйемелдеуші психотерапия кажет. Соң-
ғысының кұрамында жанұялык психотерапия болуы керек, оның максаты —
отбасы ішілік карым-катынастарды дұрыстау болып табылады. Наукастың
әлеуметтік реабилитациясында оның кәсіби бағдарына негізгі рөл беріледі.
Наукастарға еңбектік кеңестер бергенде,
наукастың тек білімін, кәсіби бағдарын
ғана емес, сонымен катар, мінез-кұлык ерекшелігін де ескерген жөн. Кейде
адамның мінез ерекшеліктері кызмет ерекшелігімен сиымсыз болады. Мұндайда
профилактикалык максатта наукаска кызметін өзгертуге кеңес беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: