Дифференциалды диагностикасы
247
коррекцияланады ж әне маңы здылығын жоғалтады.
П сихопатияны ң бұл
түрінің диагностикасы үшін тұлғаның типологиялык ерекшеліктері маңызды
орын алады.
Психопатияның шизоидты ж әне психастениялык формаларының д и а
гностикасы едәуір киындыктар туғызады. Психопатияның бұл түрімен ауы-
ратын наукастар коршаған ортаға киыншылыктар тудырмайды. Шизоидты
формасымен зардап шегетін наукастар айналасындағылармен араласуды
керек етпесе, екінш і ф ормасы кездесетіннаукастар каты н аска түсуге
ұмтылғандарымен, өздерінің шешім кабылдай алмау ж әне сенімсіздіктеріне
байланысты одан алшактап жүреді. Бұл тұлғалык ерекшеліктер психикалык
дені сау аамдарға да тән. Бұл жерде олардың айкындылык дәрежесін аныктау
кажет.
Тұлға жағдайын психопатиялык деп
бағалау критерийлеріне, ең алдымен,
өмірге адекватты бейімделуге кедергі жасайтын тұлғалык бейнелерді жаткызу
керек. Психопатияны ң жеке формаларын квалификациялау үшін наукас
анамнезінің үлкен маңызы бар, себебі ол олардың психикалык ерекшеліктерін
ашады. Психопатияны квалиф икациялау ж әне аныктау кезінде осы топ
бұзылыстарына толык сай келетін белгілерге
ж әне жеке формаларына тән
критерийлерге сүйену керек.
Психопатиялардың дерттен айырмашылығы, ол тұлғаның бұрмаланған
дисгармониялык нұскасы болып табылады, мұнда
психопатиялык белгілер
тұлға және оның кұр^ілымымен байланысты. Психопатия салыстырмалы түрде
ерте білінеді. Тұлға түзілісі жүретін жасөспірім кезеңде психопатияны аныктауға
болады. Оның негізгі ерекшеліктері адамның ерте балалык шағында аныкталады.
Психопатияның бұл варианттары олардың ядролык түріне жатады. Кейде пси
хопатия колайсыз жағдайларға ж әне күйзелістерге байланысты ересек жас
кезеңінде де басталады. Патологиялык көріністердің бұл варианттары
тулғаның
патологиялык дамуы
деп аталады.
П сихопатияны баска аурулар кезінде дамиты н психопатия тәрізді
жағдайлардан айыру киындык тудырады. Көптеген эндогенді және экзогенді
аурулар өздерінің даму сатыларында психопатияға ұксас симптомдармен көрініс
береді. Бұл симптомдарды психопатия тәрізді симптомдар деп атайды. Дұрыс
диагноз коюға осы психопатия тәрізді симптоматиканың негізгі ауру дамуының
бір сатысы болып табылуы септігін тигізеді. Сонымен катар бұл симптоматика
негізгі аурудың баска да белгілерімен катар жүреді. Егер сөз экзогенді-токсико-
органикалык аурулар
жайлы болса, белгілі бір кезеңінде ОЖЖ органикалык
закымдануы, интеллектуалды-мнестикалык бұзылыс белгілері көрініс беруі
мүмкін. Эндогенді аурулар кезінде,
соның ішінде шизофренияда, психопатия
тәрізді симптоматика ремиссия кезеңінде байкалуы мүмкін, оның алдында
айкын психотикалык жағдай көрініс береді. Ш изофренияны ң психопатия
тәрізді бастамасын психопатиядан айыру ерекше киы нды к тудырады. Бұл
кезде шизофренияға тән жүріс-тұрыс адекватсыздығы, оғаш мінез-қүлык тәрізді
бастапкы тұлғалык өзгерістерді, шизофрения дамуының бастапкы кезеңдеріне
тән баска да симптомдарды аныктау көмектеседі.