262
XV Тарау. Алкоголизм
үшін көп күш жұмсап, психотерапиялык әсер көрсетуі кажет және емделгеннен
кейін алкогольді колданудан абсолютті түрде бас тартуына ыкпал етуі керек.
Қажет жағдайда дәрігер наукастың туыстары, достары және кызметтестерінің
көмегін іздеуі керек. Емді мүмкіндігінше ерте бастау кажет.
Кейде наукаска күштеу, мәжбүрлеу колданған дұрыс, ем
барысын катаң
сактау кажеттігін айту керек ж әне ем кабылдаудан бас тарткан жағдайда
коғамдык жаза колдану мүмкіндігімен коркыту да кажет. Барлык шараларды
микроәлеуметтік ортаны сауыктырумен катар жүргізу керек.
Наукастың өз жағдайына сыни көзкарасы төмендегенде немесе болмағанда,
ал алкоголизация және асоциалды жүріс-тұрыс аса айкын болса, күштеп емдеу
колдануға кажеттілік туады.
Созылмалы алкоголизммен ауыратын наукастар тұрғылыкты жері бойынша
денсаулык сактау жүйесінің емдік-профилактикалык мекемелерінде арнайы
емнің толык курсын өтулері керек. Емдеуден бас тартатындарға, коғамдык
тәртіпті бұзғандарға Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі
емдік-еңбектік про-
филакторияларында күштеп емдеу және еңбектік тәрбие жүргізіледі.
Мұндай наукастарды емдеу
кешенді
(колданылатын емдеу әдістерін ескере
отырып),
индивидуалды
(тұлғалык ерекшеліктерді, алкоголизм сатысын және
соматоневтрологиялык статусын есепке ала отырып),
узақ
және
уздіксіз
(аурудың
патогенетикалык механизмдерін есепке ала отырып) болуы керек.
Алкоголизмнен зардап шегетін науцастар емінің схемасы.
I. П сихотерапиялык әдістер ж әне микроәлеуметтік ортаны өзгертуге
бағытталған әдістер.
II. Медикаментозды терапия.
1. Дезинтоксикациялык терапия.
2. Седативті терапия.
3. Ішкі ағзалардың кызметін калыпка келтіретін терапия.
4. Сенсибилизациялаушы терапия.
5. Шартты рефлекстік терапия.
Алкоголизмнен зардап шегетін наукастың емі оның өз дертін саналы
түсінуіне, бұрынғы коршаған ортасына карым-катынасын кайта кұруға, ал
кейде алкоголь колдануды толыктай болдырмайтын тұлға өмірінің бүкіл мәнін
өзгертуге бағытталуы керек. Бұл психотерапияның әр түрлі әдістерімен және
микроәлеуметтік ортаны өзгертумен іске асырылады.
Д әрілік терапия алкогольге әуестікті демеп тұратын патогенетикалык
механизмдерді кайта кұруға бағытталған.
Оған кальций тұздарын, әсіресе,
кальций хлоридін, глицерофосфатты, магний сульфатын колдану аркылы кол
жеткізуге болады. Бұлар тек тұз алмасуын калпына келтіріп кана коймай, со-
нымен катар эмоционалды кернелісті басып, седативті эффект көрсетеді.
Инсулинің аз мөлшерін тағайындау алкогольдің толык жанбау өнімдерінің
тотығуын жылдамдатуға ыкпал етеді. Глутамин кышкылының препаратгарының
колдану ГАМҚ метоболизмін белсендендіреді ж әне аминкышкылдардыщ
бұзылған алмасуын калпына келтіреді.
Сонымен бірге, психикалык үрдістерді реттеу кажет, ол үшін психотерапи-
ямен катар кернеліс күйін, жабыркауды, үрейді
жоятын седуксен, тазепам,
грандаксин сиякты жеңіл транквилизаторларды тағайындау керек.
Профилактика
263
Ішкі мүшелердің бұзылған қызметін қалыпқа келтіруге және ағзадағы дәру-
мендік құрамды, әсіресе, В тобының дәрумендерін қалпына келтіруге ықпал
ететін ем тағайындалады.
Нақты алкогольге қарсы дәрілік терапия, оған жиіркеніш сезімін тудыруға,
ағзаның оған сенсибилизациялануына бағытталған. Алкогольге жиіркеніш
сезімін шартты рефлекс туындату тәсілімен шақырады. Жиі апоморфинотера-
пия әдісімен алкогольге деген жүрек айну, құсу реакциясын туғызады. Науқастың
тері астына құсу шақырғанға дейін 0,2-ден 1,5 мл-ге дейін 1%-дық апоморфин
ерітіндісін енгізеді (мөлшерін күн сайын 0,1 мл-ге көбейтіп отырады). Құсуға
жақындағанда науқасқа 50 мл алкогольді ішімдік береді. Ем алкогольге шарт
ты рефлекторлы құсу реакциясы берік қалыптасқанға дейін созылады.
Алкогольге ағзаның сенсибилизациялануына антабус (антэтил, тетурам
және т.б.), кальций карбамиді цитраты, метронидазол, фуразолидон және басқа
препараттарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Тетурам — алкогольге сенси-
билизациялайтын аса кең тараған препарат. Оның әсері тетурамның (антабус)
адам ағзасында алкоголь метаболизмінің қалыпты (тотығуын) үрдісін ацеталь-
дегид сатысында үзуіне негізделген. Организмде жиналған ацетальдегидтің
токсикалық әсері тетурам алкогольдік реакция пайда болуына алып келеді: тері
жабындысының қызаруы, тыныс пен жүрек соғысының жиілеуі,
артериалдық
қан қысымының төмендеуі, үрей және қорқыныш сезімдерінің пайда болуы
және т.б.
Антабуспен емдеуге төмендегідей қарсы көрсеткіштер бар: полиневриттер,
ІІ—ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру, ауыр қан тамыр аурулары, бауыр цирро
зы, жаңа пайда болған және тіндердің ыдырауы сатысындағы туберкулез, про-
цессуалды психикалық аурулар.
Эффект ұзаққа созылуы үшін антабуспен курсты ем жүргізіледі, ем күніне
0,25—0,5 г дозадан басталып, емнің 3—5 күндерінде антабусты-алкогольдік
сынамалар (30—50 мл арақ беріледі) жасалады. Емнің бір курсы 3—5 ретке дейін
сынамадан тұрады. Кейін науқасты күніне 0,5—0,25 г антабус мөлшерімен
сүйемелдеуші терапияға ауыстырады.
Алкогольге қарсы емнен кейінгі ремиссия
ұзақтығы туралы авторлардың
арасында ортақ пікір жоқ. Ол әр түрлі факторларға тәуелді. Дұрыс ұйым-
дастырылған ем ж әне медико-әлеуметтік бақылау алкоголизм кезіндегі
терапиялық ремиссиялардың мерзімін едәуір ұзартады.
Достарыңызбен бөлісу: