Жалпы клиникалық сипаттамасы
315
психопатологиялык кұрылым, оның кұрамына әр түрлі симптомдар кіреді. Бұл
синдромдар жөнінде нактырак 9-тарауда жазылған.
Күрделі еріктік актілер, еріктік үрдістер дерт әсерінен біркатар бұзылыстарға
ұшырайды. Апатия ж әне сылбырлыкпен аякталатын еріктік белсенділіктің
төмендеуі аса тән болып келеді, еріктік бұзылыстардың айкындылык дәрежесі
дерттің үдемелілік дәрежесіне байланысты болып келеді. Кейбір наукастарда
кандай да бір дертті идеяларға және сенімдерге байланысты белсенділік артуы
мүмкін. Мысалы, сандырак идеяларымен сыркат наукастар аса ауыр киын-
дыктарды жеңе алады, инициатива мен табандылык танытып, үлкен жұмыстар
аткарады. Наукастардың сандырактык идеяларының мазмұны әр түрлі болады.
Сонымен катар, ол заман рухын ж әне әлеуметтік маңызды кұбылыстарды
бейнелейді. Егер ежелгі заманда наукастарда сикырлы күштер, діни уәждер басым
орын алған болса, ал казір ғылым мен техниканың жетістікгері жиі көрініс береді.
Ш изоф ренияны ң тұрғындар арасында таралу дәрежесі ғылыми ж әне
тәжірибелік тұрғыдан маңызды мәселе болып отыр. Оған жауап табудың
киындығы тұрғындар арасында мұндай наукастарды толык аныктау мүмкін
еместігінде болып отыр. Бұл ш изофрения болмысын түсіндіретін сенімді
мәліметтердің және оны аныктайтын диагностикалык критерийлердің жок
болуымен байланысты. Қолымызда бар эпидемиологиялык зерттеулердщ
нәтижелері мен статистикалык деректер оның таралуы барлык елдерде бір-
дейлігін және жалпы тұрғындарға шакканда 1-2% кұрайтынын көрсетті. Ш и
зофрения дамушы елдерде сирек кездеседі деген бастапкы мәлімдеме дәлелденген
жок. Дамушы елдерде арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шизофрени-
ямен наукастардың саны 1000 тұрғынға шакканда, Европа елдеріндегі шизоф-
рениямен сыркат наукастар санына сәйкес келді. Тек бұл дерттің клиникалык
көріністерінің кандай да бір түрлерінің кездесуінде айырмашылыктар болады.
Дамушы елдерде тұратын наукастар арасында сана шатасуымен жедел жағдайлар,
кататониялык көріністер жиі кездеседі.
Ш изофрения кез келген жас кезеңінде басталуы мүмкін. Дегенмен шизоф
рения дамуына аса тән жас кезеңі: 20-25 жас. Ш изофренияның бастапкы
клиникалык көріністерінің кейбірінің өзіндік оптимальды мезгілі бар. Пара-
ноидты көріністермен шизофрения невроз тәрізді симптоматикамен 30 жастан,
кейін жиі, ойлау бұзылысы көрінісімен — жасөспірімдік шакта басталады.
Ер адамдарда әйелдерге карағанда ауру ерте басталады. Клиникалык көрінісінде
де наукас жынысына карай ерекшеліктер болады. Эйелдерде ауру жедел өтеді,
әр түрлі аффективті патология жиі және айкынырак болады.
Ауру көпж ы лды к созылмалы, үзіліссіз немесе ұстамалы ағыммен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: