Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Тамақтан бас тарту және онымен күресу әдістері



Pdf көрінісі
бет287/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Тамақтан бас тарту және онымен күресу әдістері
Тамактан бас тарту себептері:
• ауыр астениялык, апато-абулиялык және баска да жағдайлар кезіндегі 
тағамға тәбеттің төмендеуі;
• дене салмағын азайтуға бағытталған аса бағалы идеялар;
• иіс сезу, дәм сезу және есту галлюцинациялары (мысалы, тамақгануға 
тыйым салатын дауыстар);
• уландыру немесе кінәлау сандырактык идеялары;
• суицидальды үрдісті депрессиялар;
• ступорлык жағдай;
• ұзакка созылған сана бұзылысы.
Куресу здістері бас тартудың себептерімен атщталады:
1. Әуестігінің төмендеуі мен аса бағалы идеялар болған жағдайда: жүдеу, 
ауыздағы ащы дәм, аскорбин кышкылы, ащы тағам, 4—8 Б инсулин, 
уәделесулер, үлгі көрсету.
2. Галлюцинациялар мен сандырактык идеялар орын алғанда: медицина 
қызметкерлерінің мәжбүрлеп тамақтандыруы, науқастың өзі сенетін 
адамының тамактандыруы, үй тағамымен тамактандыру.
3. Ступорлык жағдай кезінде: амитал-кофеинді тежелуді басу үшін — тері 
астына 20% 1—2 мл кофеин ерітіндісі; 5 мин кейін көктамырға (баяу) 
5—10% 5—10 мл амитал-натрий ерітіндісі. Тежелуді басу әсері 15—30 мин 
созылады.
4. Тамактан толык бас тарткан жағдайда 
3 кун сайын
тәулігіне 1 рет зонд 
аркылы жасанды тамактандыру.


2-Қосымша
461
Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау үйымдастыру.
• Депрессиялық жағдайдағы науқастар психиатриялық стационарда емдеуді 
қажет етеді және міндетті түрде ауыстырылуы тиіс.
• Психиатриялық ауруханаға ауыстырылып, тасымалданғанға дейін науқасты 
қатаң бақылауға алу керек, себебі қашып кету және өзіне-өзі қол жұмсау 
қаупі болады.
• Стационарда үнемі оның жанында асханаға, дәретханаға алып баратын
арқан, шеге, шыны сынықтары, шанышқы, қасық жасырып қоймас үшін 
төсек-орны мен киімін тексеретін бақылаушы (пост) болуы керек.
• Дәрілерді ұнтақ түрінде медбикенің бақылауымен қабылдауы қажет және 
одан кейін ауыз қуысын қарау керек.
• Персоналдан таңертеңгі уақытта және таң алдында аса қырағылық талап етіледі.
• Бұл науқастар күтіну дағдыларын жоғалтуы мүмкін (жуынбайды, ұйық- 
тамайды, тәбеті жоғалады, тамақтан бас тартады, іш қатулар болады 
және т.б.), оларға жуынуға, киінуге, ауыз қуысының тазалығын сақтауға, 
үлкен дәретін қадағалауға көмек қажет. Гш айдайтын заттар беру керек: 
рауғаш, итжүзім. Егер бұлар көмектеспесе, тазалау клизмасын жүргізеді. 
Тамақтануын қадағалау қажет.
• Науқастарға жамылғыны басына дейін бүркеуіне рұқсат етуге болмайды, 
олар әрқаш ан персоналдың көз алдында болуы керек; қайда болса да 
олардан бір секундқа да көз айырмау керек. Егер науқас суицидальды 
әрекетке барған жағдай орын алса, оған шұғыл көмек көрсету қажет: жіптен 
шешіп алу, жасанды тыныс алдыруға тырысу, қан кетуді тоқтату және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет