Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
113
Маниакальды-депрессивті психозбен ауыратын науқас депрессия сатысын-
да түні бойы көз ілмейді. Олар бір минут болсын ауыр күйзелістен құтыла ал-
майды: өткен өмірі қателіктерге толы, қазіргі өмірі азапты, болашағын күңгірт
көреді. Түнімен азаптанған науқас осы жағдайынан шығар жол таба алмайды,
өмірден кеткісі келеді. Анестетикалық депрессияға шалдыққан ауру түнімен
ұйықтап, оянғанда өзін түнімен ұйықтай алмағандай сезінеді. Бұл ауруда
ұйқысыздықтан да басқа тою, ашығу сезімі, қуаныш, қайғы сезімдері жоғалады;
кейде олар өз денесін де сезбейтінін айтады. Церебральды атеросклерозбен
ауруға барлық психикалық үрдістердің әлсіреуі тән, ол назардың тұрақсыздығы,
ес жеткіліксіздігі, жан әлсіздігі арқылы көрінеді. Зорығу реакциялар инерт-
тілігімен бірге жүреді, бұл кезде науқас күні бойы болған оқиғалар, әңгімелер
әсерінен ұйықтай алмайды. Көзі ілініп барып, 2—3 сағаттан кейін ұйқы
механизмінің қажуына байланысты оянып кетеді. Қайтадан ұйықтауға тыры-
сады. Ақырында таңғы 6—7 шамасында көзі ілініп, іле-шала сағат шырылынан
оянып кетеді.
Ж оғарыда келтірілген мысалдардан мынаны байқауға болады, бірдей
психопатологиялық симптомдар әр ауруда әртүрлі болады, өйткені патогенезінде
айырмашылық бар.
Достарыңызбен бөлісу: