Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Эмоция бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет77/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Эмоция бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері
Балалардағы эм оциялы бұзылыстардын жалпы ерекшелігі атиптілігі, 
айқындылық дәрежесінің әлсіздігі, қысқа уақыттылығы және тұрақсыздығы 
болып табылады.
Типті аффективті синдромдар балаларда сирек кездеседі. Депрессивті және 
дисфориялық жағдайларда өзін нашар сезіну, сылбырлық, әлсіздік басым, 
маниакальды күйлер қы сқа уақытты ж ән е балалардағы ф изиологиялы қ 
көңілділікке жақын болып келеді.
Жасөспірімдердегі аффективті синдромдар ересектердікіне ұқсас болып 
келеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері болады. Депрессивті ж әне маниакальды 
күйлер ассоциалды жүріс-тұрыспен көрініс беруі мүмкін — алкоголизация, 
қаңғыбастық, агрессивтілік ж әне т.б. Депрессияның ипохондриялық және 
астено-адинамиялық, астено-апатиялық формалары жиі кездеседі.
Балалық шаққа тән эмоциялық бұзылыс қорқыныш синдромы болып та- 
былады.
ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЕРІКТІК БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Ерік
— бұл саналы, мақсатты психикалық белсенділік. Шетел психологтары 
және философ-идеалистері ерік бостандығы принципін жариялай отырып, ерік 
үрдісінің детерминирленбегендігін, оның сыртқы жағдайларға, орта әсеріне 
тәуелсіздігін көрсеткісі келді. З. Фрейдтің пікірі бойынша, адамның жүріс-


146
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
тұрысының мазмұнын сыртқы тітіркендірулер емес әуестіктер анықтайды; 
әуестік барлық адамда бірдей және бірінші кезектегі, қарпайым қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы ж әне басқа да ерік бостандығына 
сүйенген р еакц и ял ы қ теориялар м ар кси зм -л ен и н и зм класси ктерін ің
еңбектерінде көрініс тапты және жаратылыстану ғылымының мәліметтерімен 
теріске шығарылды. Адам әрекеттерінің детерминирленбеген сипаты оларды 
болжауды жауапсыз және мүмкін емес етеді.
«Бостандық — табиғат завддрынан қиялдағы тәуелсіздік арқылы емес, осы 
завд;ылықтарды танып-білу нәтижесінде іске асыру және осы білімге сүйеніп, 
табиғат заңын белгілі мақсатқа жетуде қолдану» деп жазған Ф. Энгельс.
Ерік қызметі, ең алдымен, қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс 
пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана 
актісі, оның мазмұны мен бағыты — адам өмір сүретін нақты әлеуметтік-тарихи 
жағдайлармен детерминирленген ж әне адамның сеніміне, көзқарастарына, 
қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді.
Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады:
1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы;
2) қабылданған шешімді орындау.
Бірінші фаза
таңдауға қатысты акт — саналы баға беру және таңдау. Бұл 
фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуалдық ж әне т.б.) 
сәйкес эмоционалды қ күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті 
қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек 
түрінде көрініс беруі мүмкін.
Әуестік
— нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. 
Тілек
— нақты объектіге саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны ұғыну үрдісінде 
тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу 
мүмкіндігіне қарай, таразыға салынып бағаланады.
Егер тілектердің орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға 
ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған 
болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы уәждер 
күресінен өтеді. Уәж тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады.
Екінші фаза
— қабылданған шешімді орындау адамның тәжірибелік қызметіне 
тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М. Сеченов кез келген 
психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимылы арқылы іске аса- 
тынын көрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз қозғалыс 
шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде қолды тартып 
алу); еріксіз қозғалысқа, сонымен қатар, эмоциямен байланысты мимикалық 
қимылдар және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті қозғалыс негізінде, 
И.П. Павлов анықтағандай, шартты рефлекстік үрдіс жатыр. Еріктік әрекетті 
іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау 
ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет