Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет119/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ИПОХОНДРИЯЛЫҚ НЕВРО З
Әр түрлі сенестопатиялары бар ипохондриялык компонентті әр неврозда табуға 
болады. Невростенияда, жабыскактык неврозда, истерияда ипохондриялык сим- 
поматика астеноипохондриялык немесе жеке сенестопатиялык көріністер ретінде 
байкалады. Кейбір наукастарда дерттің клиникалык сипаттамасында сенестопа- 
тиялар, өз денсаулығына аса көңіл бөлу, мазасыздану басымдылык көрсетеді. 
Шын мәнінде жок дерт жөнінде ойлар оңай пайда болады, әр түрлі мамандарға 
каралып, емделгісі келеді. Олар жағымсыз сезімдерге көп көңіл бөледі, ауыр дерт 
жөнінде ойлар мазалайды. Наукас денесінің жеке бөліктеріндегі немесе локали- 
зациясы белгісіз жағымсыз сезімдерге шағымданады. Мұндай сезімдер жиі кандай 
да бір соматикалык немесе баска топ ауруларына ұксас болып келеді. 
Ипохондриялык көріністер наукас шағымдарының ішінде басты орын алады. 
Ауыр дерт жөніндегі ойлар аса бағалы сипат алады. Өзіндегі баска да кажу, көңілінің


Этиологиясы және патогенезі
221
түсіп кетуі және т.б. тәрізді психикалык бұзылыстарды наукас дерт салдарымен 
немесе соматикалык сәтсіздік салдарымен байланысты деп есептейді. Әр түрлі 
мамандарға көрініп, өзінде ауыр дерттің бар екендігін дәлелдеуге тырысады. 
Мұндай наукастарда жиі ағза жүйесінің функционалды бұзылыстары байкалады. 
Бірак бұл ауыткулар өздері сипаттаған жағдайдың ауырлығына сәйкес келмейді.
Терапия нәтиж есінде, өмір салтын өзгертуге ұсынымдар берілгенде 
ипохондриялык көріністер әлсірейді немесе толык жойылады. Олар сакталып, 
тұракты сипат алғанда наукастар өздерінің ерекше шараларын колданады. Бұл 
ипохондриялык синдром м інез-кұлыкты к бұзылыстармен бірігіп жүретін 
ипохондриялык тұлға дамуы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.
НЕВРОЗДЫ Қ Д ЕП РЕССИ Я (Д ЕП РЕССИ ВТІ НЕВРО З)
Әр түрлі психикалык аурулар арасында патоморфоздың негізгі тенденцияла- 
рына сәйкес аффективті бұзылыстар, соның ішінде депрессивті бұзылыстар жиіледі.
Невроздык депрессияның клиникалык көріністерінің сипаттамасы ХХ ға- 
сырдың 30-шы жылдарында пайда болды. Бұл невроз түрі мінезі бір беткей
ригидті, компромисті шешім кабылдауға және ситуацияны жан-жакты бағалауға 
кабілетсіз адамдарда кездеседі деген мәлімет бар. Аурудың бастапкы кезеңінде 
дистониялык сипаттағы вегетативті бұзылыстар байкалады, артынан жабыркаулы 
көңіл-күй, ұйкы бұзылысы, коркыныш-үрей пайда болады. Жабыркаулык баяу 
үдейді және ереже бойынша, наукастар бұл күйді психожаракаттык сигуациямен 
байланыстырмайды. Таңертең наукастар әлсіздік, калжырау сезінеді. Невроздык 
депрессия жиі жанұялык-жыныстык катынаска канағаттанбаушылык әсерінен 
дамиды, сондыктан наукастар жұмыска асығады, онда олар өздерін жаксы сезінеді.
Психожаракаттык ситуацияның субьекгивті шешімінің жоктығына карамастан, 
невроздык депрессиямен сыркат наукастарда ситуацияның сәтті шешілетіндігіне 
үміт сакталады, осыған байланысты оларда суицидальды ойлар дамымайды.
Невроздык депрессияда тұракты вегетативті бұзылыстар байкалады, олар 
жиі гипотония, спастикалык колит және т.б. Тұлғаның невроздык дамуына өту 
кезеңінде кандай да бір ситуацияға байланыссыз жасаурағыштык бакыланады. 
Осы бұзылыс наукасты психиатрға көрінуге мәжбүрлейді.
Невроздык депрессияның ұзак ағымында ж әне жаракаттык жағдай сак- 
талғанда невроздың негізгі формасына (обсессивті-фобиялык, астениялык, 
истериялык түрлеріне) сәйкес келетін мінез-кұлыктык бұз^ілыстары бар тұлға- 
ның невроздык дамуына ауысуы орын алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет