Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет127/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Психопатиялардың клиникалык көріністері келесі ерекшелікгерімен сипат­
талады. Осы дертке шалдыккандар тұлғалык кордың дисгармониясымен 
ерекшеленеді, ол айкын болған жағдайда әлеуметтік адаптация бұзылысы орын 
алады. Психопатиялык көріністер тотальды, яғни адам кызметінің барлык 
саласында көрініс беріп отырады және тұракты.
Психопатия кезінде өмірге бейімделу мүмкіндігі екі жағдайға байланы­
сты: тұлға дисгармониясыны ң айкынды лы к дәрежесіне ж әне сырткы ф ак­
тор ларға.
Психопатиялык тұлға өзіне колайлы жағдайда канағаттанарлык дәрежеде 
адаптациялануы мүмкін (компенсация жағдайы) ж әне өзіне тән психопа- 
тологиялык көріністер, соның ішінде невроздык көріністер айкын болғанда, 
колайсыз жағдайларда (декомпенсация) дезадаптацияланады.


Клиникалық көрінісі
231
Психопатия баска аурулардан, соның ішінде психикалык аурулардан да 
ерекшеленеді. Психопатия тұлғалык ерекшеліктермен, оның ұстанымдарымен 
тығыз интеграцияланған, ал аурулар, психикалык ауруларды косканда наукас 
тұлғасы үшін бөтен болып табылады. Психопатия динамикасы ауру динами- 
касымен салыстырғанда ерекше. Психопатия кезінде ремиссия жок. Психопа- 
тияны емдеуде тұлға коррекциясына және тұлғаның өзіне, коршаған ортасына 
катынасын кайта кұруға маңызды орын беріледі. Психопатияның таралу 
дәрежесіне баға беру киынға соғады. Психопатиямен ауыратын наукастар 
дәрігер бакылауына декомпенсация жағдайында немесе коғамдык заңды бұзу 
жағдайларында түседі.
Психопатияны окып, зерттеу соттык психиатрияның дамуына тығыз бай­
ланысты. Алғаш рет психопатияны баска психикалык бұзылыстардан бөліп 
карау отандык психиатрлар И.М. Балинский және О.М. Чечоттан басталды. 
Олар жүргізген соттык-психиатриялык сараптама негізінде кылмысты іс жасаған 
кезде кей адамдар жан ауруының белгілерін байкамағандығы аныкталған. 
Олардың жағдайы психопатиялык деп аныкталды (И.М . Балинский ж әне
О.М. Чечоттың 1884 ж. Семенованың ісі бойынша корытынды сараптамасын- 
да осылай болған). Бірак бұл термин казіргі колданыстағы терминнен мазмұны 
бойынша ажыратылады. И.М. Балинский жеке О.М. Чечотт жан бұзылысының 
белгілері жок, бірак дені сау деп те санауға келмейтін, тұлғаның жалпы 
психикалы к толымсыздығының көрсеткіш і ретінде «психопатия» ж әне 
«психопатиялык жағдай» терминдерін колданды. И .М . Б алинский мен
О.М. Чечоттың соттык-психиатриялык корытындысы бойынш а көптеген 
келіспеушіліктер болды. Семенованың ісіне аса назар аударған сол кездегі 
газет пен журналдардың беттерінде «Психопатия» және «Психикалык жағдай» 
терминдері орын алды. Осы макалалардың бірінде Семеноваға «психопатка» 
деген атау берілді.
1891—1893 жылдары психопатиялык жетіспеуш ілікпен сыркаттанатын 
тұлғалар туралы неміс психиатры Кох сипаттады. Э. Крепелиннің аурулар 
жүйесінде психопатиялар, оны ң түрлерінің көрсетілуімен, арнайы топка 
бөлінді. Соны мен катар, олардың ерекш еліктері мен баска аурулардан 
принципті айырмашылыктары келтірілді. Одан әрі психопатияның негізі мен 
жүйесін бағалауда екі үрдіс байкалды. Бір жағдайларда психопатия жеке 
психикалык аурулар мен психикалык саулык жағдайлары арасындағы аралык 
күйлер, ал баска жағдайларда — тұлғалык касиеттердің өткірленуі ретінде 
карастырылады. Аралык жағдайларда ауруға тән үдемелілік белгілері байкал- 
майды ж әне осымен катар наукас тұлғасын сипаттайтын айкын белгілері бар. 
Осыға сүйене отырып, психопатияның келесі түрлері ажыратылады: шизоид- 
ты, эпилептоидты, циклоидты. Психопатия аныктамасында жеке психикалык 
касиеттердің шеткі көріністеріне бағытталу таза психологиялык жіктеудің 
пайда болуына ж әне келесі «коғам жауы», «интриганттар», «мифомандар» 
(өтірікшілер) сиякты варианттардың бөлініп шығуына себеп болды. Психо- 
патияға екі жакты позициямен карау олардың пайда болуының себептерін 
сәтті зерттеуге септігін тигізбеді ж әне олардың клиникасыны ң бір жакты 
айкындалуына алып келді.


232
XIV Тарау. Психопатиялар
Психопатияның болмысы мен клиникалык көрнісін зерттеуде белгілі кеңес 
психиатры П.Б. Ганнушкин үлкен еңбек жасады. Ол психопатияның негізгі 
критерийлерін калыптастырды, конституция типтері мен психопатия 
варианттарының өзара катынасын карастырды, психопатиялардың накты 
клиникалык сипаттамасы берілді. Клиникалык сипатгауда ең алғаш осы аурудың 
психопатологиялык көріністерінің динамикасына көңіл аударды. Динамиканың 
фазалары мен сатылары бөлінді. П сихопатияны ң психопатологиялы к 
көріністерінің көп түрлілігі, динамикасындағы, пайда болу жағдайларындағы 
айырмашылыктар психопатияларды, психопатиялык күйлерді косымша бөлуге 
негіз болды. Осылайша ядролык және шеткі психопатия пайда болды (О.В. Кер- 
биков). Алғашкысы ерте балалык шакта дамиды, жиі айтарлыктай себептерсіз 
пайда болады, психикалык бұзылыстардың айкын көрінуімен ерекшеленеді 
және наукастарды тұракты дезадаптацияға әкеледі. Шеткі психопатиялар не- 
месе тұлғаның патологиялык дамуы колайсыз факторлар (эмоционалды 
жаракатгаушы) әсеріне байланысты дамиды. Патогенді факгорлар психопатияның 
психопатологиялык коріністерінщ ерекш еліктеріне де, сонымен катар, 
айкындылык дәрежесіне де әсерін тигізеді. Соңғы кездері акцентуацияланған 
тұлғалар түсінігі ажыратылды (К. Леонгард). Бұл тұлғалар психикасы сау адам­
дар мен психопатиялы тұлғалар арасында аралык орын алады. Оларда тұлғаның 
психопатиялык акауы болмайды, бірак өзінің ерекшеліктері жағынан дені сау 
адамдардан ажыратылады. Бұл ерекшеліктер (акцент) ауру көрінісі ретінде 
карастырылмайды, бірак өзінің психикалык айрыкша түрлілігі бар және киын 
жағдайларда адаптация бұзылысының, тұлға аралык катынастар бұзылысының 
себебі болуы мүмкін. Психопатияның жалпы психопатологиялык көріністері 
тұлғаның дисгарм ониялы к ерекш еліктеріне байланысты. Соңғысы осы 
бұзылыстардың кұрылымын аныктайды.
Психопатияның түрлі формадағы клиникалык көріністерінің әркилылығына 
карамастан, ортак ерекшеліктерін атауға болады. Ереже бойынша, психопатия 
кезінде галлюцинация түріндегі кабылдау бұзылысы байкалмайды. Дегенмен, 
аффективті кернеу жағдайында жеке иллюзиялык бұзылыстар болуы мүмкін 
және де сенестопатия формасындағы түйсік бұзылысы бакылануы мүмкін. Бұл 
кейбір соматикалык ауруларда кездесетін сенестопатияға ұксас. Психопатия 
ОЖЖ-нің органикалык закымдануымен байланысты өзге психикалык аурулар 
немесе шизофрения кезінде бакыланатын интеллектуалды патологиямен бірге 
жүрмейді. Психопатиямен наукастар өзіндік «Менді» бағалауда айрыкш а 
пікірмен ерекшеленеді. Акпаратты біржакты таңдауға тенденция бар, яғни, 
тұлға ұстанымдарына сәйкес ж әне ол үшін ерекше эмоционалды мәнге ие 
акпаратты кабылдау. Бұл критерийлерге карсы немесе сәйкес келмейтін 
акпараттар еленбейді және кабылданбайды. Осыған байланысты тұлғааралык 
катынастардың м әнін түсінуде ж әне өзін бағалауда, әсіресе өз кызығу- 
шылыктарына тиіп кеткенде обьекгивтілік болмайды және кателікгер жіберіледі. 
Осы негізде психопатиямен наукастардың салыстырмалы интеллектуалды 
жеткіліксіздіктері жөнінде айтылды. Психопатиямен ауыратын наукастар өз 
катесінен кажетті сабак толык ала алмайды. Олар өздері үшін эмоциялы к 
маңызы бар кұбылыстар мен жағдайларды бағалауда толымсыздык көрсете


Қозғыш психопатия
233
отырып, психикалык дені сау адамдар тәрізді кабілеттер мен мүмкіндіктерді 
игереді.
Психопатиялык тұлғалардағы айкын бұзылыстар эмоционалды — еріктік 
сферада байкалады. Эмоциялык реакциялар кейбір наукастарда аса айкын, 
ашу-ыза ұстамасымен және агрессивті әрекетгермен көрінеді, ал кейбіреулерінде 
өз толымсыздығы сезіміне күйзелумен, үреймен және коркынышпен байланы­
сты көрінеді. Бұл мінез-кұлкындағы ерекшеліктерден айналадағылар немесе 
олардың өздері зардап шегетін адамдарды психопаттар деп атауға негіз болды. 
Бұл аффективті көріністер карапайым эмоцияға жатады, олар наукастың 
аффективті өмірінде үстемдік көрсетеді. Бұл жағдай кейбір мамандарға 
психопатияның негізгі белгісі жоғарғы эмоцияның жетілмегендігі және оны 
олиготимия деп квалификациялауға жол берді. Психопатия кезіндегі ерік 
бұзылысы оның жеткіліксіздігімен байланысты көрінеді, ал кейде аффективті 
стимулдардан, тұлғаның жалпы реттеуші және адаптациялык механизмдерінің 
төмендеуімен аныкталатын аффективті реакциялар мен жүріс-тұрысты 
баскарудың толы к болмауымен көрінеді. П си хоп ати ян ы ң көптеген 
симптоматикаларының ішінен психопатияның кейбір варианттарына тән 
психопатологиялык көріністерді, сонымен бірге неврозда кездесетін психикалык 
бұзылыстарды көруге болады: бас ауыруы, шаршағыштык, ұйкы бұзылыстары 
және т.б. Невроздык симптом, әдетте, декомпенсация жағдайымен бірге жүреді 
және жағымсыз факторлардың әсерінен болады және де динамика ерекшелікгеріне 
байланысты болуы мүмкін. Тұлғаның психопатиялык касиеттері жиі наукасты 
конфликтілерге әкеліп соктырады, конфликт психогенді реакция шакырады, 
нәтижесінде психопатия ағымы ауырлайды («психопатиялык цикл», Керби- 
ков О.В., 1963). Психопатиялык тұлғаны декомпенсациялайтын факторларға 
соматикалык және инфекциялык аурулар, уланулар, эмоциялык стрестерді де 
жаткызуға болады.
П сихопатияны ж еке клиникалы к топка бөлгеннен бастап, олардың 
көріністерін жүйеге келтіруге талпыныс үнемі жасалып келеді. Психоптиялардың 
әр кезеңде болжамды жіктеулері басты психикалык бұзылыстарының жеке 
формаларын бөлу аркылы клиникалык принципке негізделіп кұрылды. Осы 
негізгі бұзылыстардың сипаты на карай олардың формалары ны ң атауы 
аныкталды.
Сонымен, казіргі уакытта психопатияның келесі түрлері ажыратылады: 
козғыш (возбудимая), параноидты, шизоидты, психастениялык, истерялык, 
аффективті және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет