ПАРАНОИДТЫ (ПАРАНОЯЛЬДЫ) ПСИХОПАТИЯ
Психопатияның бұл түрімен ауыратын наукастар аса бағалы және параной
яльды идеялар түзілуіне бейім келеді. Аса бағалы және параноялды идеялар
мазмұны әркилы болуы мүмкін: карым-катынас, кызғаныш, реформаторлык,
шығармашылдык және т.б. Мұндай идеялардың дамуына 2 фактор әсер етеді:
бір жағынан, осы идеялардың туындауына ыкпал ететін әртүрлі жағдайлар,
екінші жағынан, тұлғаның өзіндік коры.
236
XIV Тарау. Психопатиялар
Маңызды себептер наукаска деген негізсіз теріс катынас немесе осындай
катынастың кездейсок эпизодтары, жұбайлардың бірінің жарының адалдығына
күдіктер, өз туындысын ұсынғанда колдау таппау сиякты фактілер болып
табылады. Бұл ф актілер, ш ы нды ғы нда, м аңы зды орын алады, бірак
психопатияның осы формасымен сыркат адамдар оларға шамадан тыс мән
береді. Мұндай адамдар өз концепцияларына сәйкес келмейтін фактілерді
елемейді, өз нанымдары н дәлелдейтін фактілерге байланып калады. Бұл
адамдар психикалык үрдістерінің жоғары инерттілігімен, басым жағдайда
тұлға аралык катынастар мәселесіне байланысты эмоционалды жағымсыз
күйзелістерге кідіріспен ерекшеленеді. Соны мен катар, оларға өздерінің
мүмкіндіктері мен кабілеттерін асыра бағалау тән. Аса бағалы, әсіресе пара
нойяльды идеялар наукас санасын жаулап алады. Келеш екте ол идеялар
эмоционалды канығып, наукастың жүріс-тұрысы мен әрекеттеріне әсерін
тигізеді. Бастапкыда олар аса бағалы идеялар түрінде көрініс беріп, түзетуге
көнеді, бірак оларға сы ни көзкарас ж иі уакы тш а болып табылады.
Психопатиялык тұлғалардың проблемаларды бұрыс түсінулеріне байланысты,
шешімін таппаған тұлғааралык мәселелер аса бағалы ж әне паранойяльды
идеялардың сакталып калуына әкеліп коймай, олардың әрі карай дамуына,
жүйеленуіне ж әне берік орналасуына әкеліп соктырады.
Наукас К., 43 жаста, дәрігер. Әкесі — офицер, Үлы Отан соғысында кайтыс
болған. Әкесі мінезі жағынан ерікті, сенімді, ұстамды болған, кызына жылы
көзбен караған. Анасы уайымшыл, күмәншіл, әркашан кызының денсаулығына
аса мән берген, 3 жыл бұрын өмірден кайткан. Наукас мерзімінде жанұяда
бірінші бала болып дүниеге келген. Жүкгілік аскынусыз өткен. Дамуы калыпты.
Қозғалғыш, тез тіл табыскыш болып өскен. 7 жасында мектепке барған. Әркашан
баска окушыларға басшылык етіп, үлгі болғысы келген, осыған байланысты
кұрбыларымен жиі келіспеушіліктер болған. Ж оғары сыны пта үлгерімі
нашарлаған, жүріс-тұрысы нашарлаған. М атематика ж әне химия пәнінің
мұғалімдерімен кайшылыкта болған. Ол оларды өзіне себепсіз ұсак-түйекке
бола түрткілеп, әдейі намысына тию үшін жасайды деп есептейді. Өз ойын
дұрыс санап, сабак үстінде мұғалімдермен сөзге келіп, кактығыскан. Осы кезеңде
биология пәнімен терең айналыса бастаған. Бос уакытын кітапханада өткізген,
әр түрлі арнайы әдебиеттер окып, зоопарктің зооүйірмесіне катыскан.
Окытылатын пәндердің жартысының керегі жок, тек биолог болам деп есеп-
теген. Жолдастарымен катынаста тік, бірбеткей болған. Мектеп бітірген соң
Ломоносов атындағы МГУ-дің биофак-не түскісі келген. Медицина институ-
тына түскен.
Топтағы курстастарымен бірден кайшылыктар басталған, олардан тәртіпті
талап еткен. «Жалкаулар мен сабак жіберушілер» тарапына жиналыста сыни
сөздер айткан. Топтағы студенттер деканатка хат жазып, оны баска топка ау-
ыстыруын өтінгенде, ол орталык газеттердің бірінің редакциясына институт
кабырғасындағы орын алған ығыстыру шаралары жөнінде макала жазған. Бұл
кайшылык арнайы комиссия кұрылып, көп уакыт карастырылды.
Институтты бітірген соң, аудандык ауруханаға жіберілді. Өз мамандығын,
міндеттерін жаксы меңгерді, бірак кіші және орта медицина кызметкерлеріне
Параноидты (паранояльды)психопатия
237
жоғары талап коятын. 6 медбике оның талабы бойынша әкімш ілік жауап-
кершілікке тартылды, артынан олар жұмыстан өз еріктерімен шығу жөнінде
өтініш жазады.
1967 ж. күйеуге шығады. 1968 ж. кызы туылғаннан кейін күйеуімен катынасы
нашарлаған, оны өзімшіл деп есептеген. Ажырасуға кұжаттарын өткізіп, арты-
нан күйеуінің баска әйелмен кездескенін естігенде, күйеуінің жұмыс орнына
келіп, кызметтестерінщ көзінше айкай-шу шығарған. Сотка шағымданған. Осы
кездерде ұйкысы, тәбеті бұзылған, бас ауыруы мазалаған. Күйеуі баска калаға
кетіп, ажыраскан соң, жағдайы калыпка келе бастады. Соңғы жылдары ауру
анасымен, кызымен бірге тұрып, емханада жұмыс жасаған. Осыдан жарты жыл
бұрын бөлімше меңгерушісімен кайшылыктар болған. Әкімшілікке арыз жазып,
бөлімше меңгерушісінің тәртібін және ауруханалык кағаздарды дұрыс толтыр-
майтынын айткан. Тексерген кезде бұл жағдай теріске шыккан. Кейін емхана
әкімшілігіне жоғарғы инстанцияларға шағымымен барған, бас дәрігердің
«алаякты колдап отырғандығын» айтып, кіналаған. Қайта тексерген кезде бұл
шағымдары теріске шыкты.
Соңғы айларда «бөлімшеде орын алған нашар атмосфера» туралы әр түрлі
жауапты адамдарға 20 шакты хат жазып үлгерген. Тексеруші азаматтардың өзіне
деген суык, формальды каты настары н кінәлайды. О ны ң карсыластары
тексерушілермен байланыста деп есептейді. Объективті және компетентті ко-
миссияны талап етеді. Жұмыста әр түрлі ізіне түсушілер бар екендігін айтады:
«кезекшілік әдейі ыңғайсыз уакытка койылады, мед. кұжаттарын бүлдіреді,
наукастардың амбулаторлы карталары ұрланады».
Бір күні бөлімше меңгерушісімен кезекті керістен кейін рұксатсыз кіріп
келген наукастың бетінен салып калған. Психиатриялык ауруханаға тексерілуге
жіберілген.
Соматикалык жағдайы: дене бітімі — астеникалык, дене массасы төмен.
Тері жабындысы бозғылт. Ішкі мүшелердің патологиясы жок.
Неврологиялык жағдайы: ОЖЖ-нің органикалык закымдануларының белгісі
білінбейді. Терең және беткей сезімталдык бұзылмаған. Краниограмма және
көз түбі өзгеріссіз.
Психологиялык жағдайы: бағдары дұрыс. Санасы анык. Өзін сак ұстайды.
Орындыктың шетіне тік калыпта жайғаскан. Қолдары айкаскан, еріндерін
бүрістіріп, маңдай астынан карайды. Сұрактарға кыска, кұлыксыз жауап береді.
Бара-бара бет ажары жанданып, болған жағдайларын ашумен, тітіркеніп, көп
сөзбен әңгімелейді. Өз күйзелістеріне беріліп кеткен.
Осы болған жағдайларды былай түсіндіреді: соңғы кезде бөлімше
меңгерушісімен керістен кейінгі жағдайлар әсерінен козғыш болып кеткендігін,
осындай жағдайда кабинетте бөтен біреудің стол маңында жүргенін көріп,
оны кұжаттарын ұрлауға келген адам деп ойлағандығын айтады. Өткен ісіне
өкінеді.
К өңіл-күйі төмендеген. Ү йкысыздыкка, бас ауруына шағым айтады.
Қабылдау бұзылыстары байкалмайды. Ауруханадан шығаруын өтінеді. Өзін
ауру деп есептемейді.
|