АЛКОГОЛЬДІ ЭНЦЕФАЛОПАТИЯНЫҢ
СОЗЫЛМАЛЫ ФОРМАЛАРЫ
Корсаков психозы.
Созылмалы алкогольді энцифалопатияның бір формасы
корсаков психозы болып табылады.
Бұл аурудың негізгі белгілеріне
амнестикалык,
синдром (парамнезиялармен —
конфабуляция ж әне псевдореминисценциялармен бірлескен фиксациялык
және ретроградты амнезия) және
полиневрит
жатады.
Корсаков психозы өзінің алғашкы суреттемесінен кейін 100 жыл ішінде
белгілі бір патоморфоздан өтті ж әне казіргі уакытта полиневриттің айкын
көріністерімен жүрмейді.
Корсаков психозы, ереже бойынш а, алкоголизмнің соңғы сатысында
пайда болады. Оның басты белгісі —
фиксациялык амнезия.
Наукас жаңа
акпаратты игеріп, бекіте алмайды, мысалы, өзімен сөйлесіп отырған дәрігердің
есімін, бүгінгі күнді, айды ж ән е т.б. Соны мен катар,
парамнезиялар
жиі
бакыланады. Қойылған сұрактарға жауап бергенде наукас киялдан алынған
жиі фантастикалык сипаттағы (конфаблуляциялар) акпарат береді немесе
казіргі болып жаткан жағдай орнына бұрынғы өтіп кеткенді әңгімелейді
(псевдореминисценция).
Алкогольді интоксикация жалғаса берген жағдайда, психоз ағымы үдемелі,
ал алкогольді колдануды токтаткан кезде, үдеудің айкын белегілері болмайды
немесе регредиенттілікке тенденция пайда болады.
Емі.
Корсаков психозы кезінде авигоминоз белгілері бакыланатындыктан,
витаминотерапияға көп көңіл бөлінеді (В тобының дәрумендері). Бұл кезде
В дәруменінің дозасы тәулігіне 1 г-ға және одан да жоғары дозаға дейін жетеді.
Витаминдер көктамырға енгізіледі (40% глюкоза ертіндісінде 6% 5 мл
В1 дәруменінің ертіндісі, 3 мл 5% аскорбин кы ш кы лы ертіндісі ж әне
РР дәруменінің 1 мл 1% ертіндісі). Бұлшык етке тәулігіне 3 ретке дейін В6, В12
және РР дәруменінің комплексі егіледі.
Мидағы метаболиз үрдісін калыптастыратын препараттар тағайындалады:
аминалон — тәуліктік дозасы 2 г, емделу курсына 1000 таблеткаға дейін, пира-
цетал тәулігіне 1,2—2,4 г әркайсысы 3 айдан тұратын бірнеше курс.
Алкогольді псевдосалдану.
Бұл — созылмалы алкогольді энцефалопатияның
салыстырмалы түрде сирек кездесетін ауыр формасы. Оның клиникалык көрінісі
үдемелі салдануға ұксас болып келеді. Бұл аурудың даму негізінде де В тобы
дәрумендерінің жетіспеушілігі жатыр.
Мұндай аурулардың психикалык жағдайында зейін концентрациясының
бұзылуы, кажу, айкы н ф иксациялы к гипомнезия, конф абуляция көрініс
береді. Сонымен катар, фрагментті ұлылык сандырактык идеялары бакылануы
мүмкін.
Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
273
Неврологиялық бұзылыстар әрқашан бақыланады: дизартрия, патологиялық
рефлекстер, аяқ-қол салдануы. Бұл бұзылыстар өте тұрақты, сондықтан, емделуі
қиынға түседі.
Гайе—Вернике энцефалопатиясы.
Бұл — созылмалы алкогольді энцефа-
лопатияны ң аса сирек кездесетін формасы. Бұл аурудың жедел формасы
алкогольді делирийдің ауыр формасына ұқсас. Емі ауыр алкогольді делирий
кезіндегімен бірдей.
Гайе—Вернике энцефалопатиясының жеделдеу ж әне созылмалы түрінде
шатасумен байқалатын сана өзгерісі, сөз-қимылдық қозу, абортивті делириоздық
құбылыстар, эпилептиформды ұстамалар, корсаков типі бойынша ес өзгерісі
және неврологиялық бұзылыстар: атаксия, экстрапирамидалық симпотомати-
ка, көз қозғалтқыш фукция бұзылысы бақыланады.
|