Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Этиологиясы және патогенезі



Pdf көрінісі
бет147/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Этиологиясы және патогенезі
Алкогольді делирийдің этиологиясы мен патогенезі қазіргі уақытта жеткілікті 
зерттелген болып есептелмейді.
Алкогольді делирий патогенезінде алкоголь әсерінен бұзылған зат алмасу 
процесі өнімдерімен организмнің улануы басты фактор болып есептеледі. Бұл 
улану миы құрылымының органикалық бұзылыстарын туғызуы мүмкін, егер 
оған әр түрлі экзогенді факторлар қосылса (жарақат, инфекция), алкогольді 
делирий дамиды.
Алкогольді делирийді алкоголизм кульминациясы деп есептейді және ол 
бауырдың дезинтоксикациялық функциясының бұзылуының нәтижесінде пайда 
болады. Алкогольді делирий кезінде бауырдың дезинтоксикациялық, нәруыздық, 
майлық және пигменттік функцияларының бұзылыстары бақыланған.


268
XVI Тарау. Алкогольді (металкогольді) психоздар
Бауыр кызметінің дөрекі бұзылыстары нәтижесінде және осыған байланы- 
сты алкогольдегидрогеназа (ағзадағы алкогольді тотыктырушы) ферментінің 
белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде алмасудың толык тотыкпаған өнімдері, 
ең бастысы, ацетальдегид пайда болады. Зат алмасу бұзылысы және бауырдың 
барьерлік кызметінің бұзылысы, авитаминоз фонында ацетальдегидтің ағзада 
жиналуы жедел алкогольді психоз тудырады.
Алкогольді делирий кезіндегі бас миының патоморфологиялык өзгерістерін 
тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы немесе тамыр кабырғасының некрозы және 
нейрондардағы екінші реттік дистроф иялы к ж әне некрозды к өзгерістері 
түріндегі кан тамырлардың жедел диффузды өзгерісінің косылуымен көрінетін 
созылмалы энцефалопатия ретінде сипаттауға болады.
Дифференциалды диагностикасы
Алкогольді делирийді жедел алкогольді галлюциноздан, инфекциялык, 
интоксикациялык аурулардан, жедел жаракаттык психоздан және жедел пан­
креатит және созылмалы панкреатиттің аскынуы кезіндегі психоздан ажырата 
білу кажет.
Алкогольді делирий жағдайын жедел алкогольді галлюциноздан ажырататын 
негізгі критерий сананың делириозды күнгіртгенуі болып табылады (орын және 
уакыг бойынша бағдарлау бұзылысы, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының 
ағыны), ал алкогольді галлюциноз кезінде сана анык, массивті вербальды гал­
люциноз болады, делирийге тән соматоневрологиялык және вегетативтік ком- 
поненттер болмайды.
Алкогольді делирий мен инфекциялык және алкогольдік емес уланулар кезіндегі 
делириозды синдром арасында дифференциалды диагноз алкогольді делирий 
кезінде инфекциялык аурудың немесе уланудың клиникалык белгілері, серологиялык 
реакциялар және канның сәйкес лейкоциттік формуласының, температуралык 
шаманың, ағзада улану тудырған заттардың аныкталмауына сүйеніп койылады.
Жедел жаракаттык психоздар делириозды тип бойынша сана күңгірттенуі 
аркылы көрінуі мүмкін. Дифференциалды диагностикасын алкогольді инток­
сикация кезінде алынған жаракат жағдайы киындатуы мүмкін.
Жаракаттык делирийге вегетативті ж әне вестибулярлы бұзылыстар тән, 
ағымы созылмалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың санасы есеңгіреу 
белгілерін алады. Бұл кезде галлюцинациялык бұзылыстар бұлыңғырланады.
Емі
Алкогольді делирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалык көрінісінің 
ауырлығына, оның аскынуына, аурудың соматикалык жағдайына байланысты 
катаң индивидуальды түрде емдеу кажет.
Алкогольді делирий терапиясы 
дезинтоксикациялық, дәруменді терапия
(В тобыныщ дәрумендері), сонымен катар, 
психозға қарсы
препараттарды 
колданудан тұрады.
Улануды дезинтоксикациялык ерітінділер енгізу аркылы жояды. 
Тиол пре-
праттары
кеңінен колданылады, олардың дезинтоксикациялык касиеттері


Алкогольді галлюциноз
269
кұрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың 
болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының 
10 кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.
Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және 
изотониялық (9% NaCL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу 
көрсетілген.
Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы — бал қосылған сүт).
Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты — қозуды жою және ұзақ 
ұйқы шақыру (16—18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транк- 
вилизаторлар (5% 4—5 мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар, бұлшықетке 
димедрол, пипольфен (0,05 г-нан) егеді.
Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе 
фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі 
асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте 
сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан 
сайын тереңдете түсуі мүмкін.
Алкогольді делирий терапиясыны ң басты мақсаты — жүрек қызметін 
қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық 
қ^ісымның төмендеуінің алдын алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу 
болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер 
қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет