XVI Тарау АЛКОГОЛЬДІ (МЕТАЛКОГОЛЬДІ) ПСИХОЗДАР Алкогольді (металкогольді) психоздар — алкоголизмге байланысты пайда
болатын және дамитын, клиникалық көрінісі реакцияның экзогенді типімен
қоршаған орта шындығын бейнелеудің дөрекі бұзылыстарымен, эндоформды
және психоорганикалық бұзылыстармен сипатталатын психоздар.
Бұл психоздар алкогольмен ұзақ улану нәтижесінде ішкі мүшелердің
зақымдалуы ж әне зат алмасу бұзылуы кезінде дамиды, сондықтан оларды
металкогольді деп атап кеткен.
АЛКОГОЛЬДІ ПСИХОЗДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ Алкогольді психоздардың жеке формаларына 18 ғасырдан бастап көптеген
зерттеу жұмыстары арналған. Оның ішінде, осы психоздардың жүйесінің негізіне
айналған отандық ғалымдар С.С. Корсаков, С.Г. Жислин, И.В. Стрельчуктердің
еңбектері ерекше бағаланады.
Қазіргі отандық және шетелдік ғалымдар алкогольді психоздарды алкогольді
делирий, вербальды галлюциноз, алкогольді параноид немесе қызғаныш
сандырағы деп жіктейді. Алкогольді психоздардың жедел ж әне созылмалы
ағымын, алкогольді энцефалопатияның созылмалы түрін: Корсаков психозы,
алкогольді псевдопаралич, токсикалық энцефалопатияны (Гайе—Вернике)
ажыратады.
Сонымен қатар, алкогольді психоздардың ағымын 3 типке бөледі: эпизодты,
рецидивті, созылмалы. Алкогольді психоздардың диагностикасы, емі және
проф илактикасы үшін оны ң ағымыны ң типі мен басты психотикалық
симпоматиканың кешенін ескеру қажет.
АЛКОГОЛЬДІ ДЕЛИРИЙ Алкогольді делирий — алкоголизммен сырқат науқаста, ереже бойынша,
алкогольмен ұзақ уақыт интоксикация аяқталған соң пайда болатын жедел
алкогольді психоз. Клиникалық көрінісі айқын, сахна тәрізді көру галлюцина-
цияларымен, қимылдық қозумен делириозды синдроммен сипатталады, жиі
дене қызуының көтерілуімен жүреді.
Нақты түрде алкогольді делирий өткен ғасырдың ортасында И. Дьяковский
және С. Громовтың еңбектерінде оның пайда болу себептері мен дамуын тал-
266 XVI Тарау. Алкогольді (металкогольді) психоздар
данып сипатталды. Соңғы уакытта алкогольді делирийдің клиникалык пото-
морфозы бакылануда.
Таралу бойынша алкогольді делирий жедел алкогольді психоздар жағдайының
М камтиды.