Сабақтың тақырыбы: Н. А. Римский-Корсаков



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі1,26 Mb.
#7690
түріСабақ
  1   2   3
30.10.2014 жыл Саз әдебиеті 4 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Н. А. Римский-Корсаков «Ақшақар»







Білімділік мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:


Дамытушылық мақсаты:

1.  Орыс халқының табиғатын музыка арқылы аша білу. Музыка сабағынан білімдерін шыңдау және әдебиет екеуінің ажырамас байланысын түсіндіру.

2.  Оқушылардың эмоцияларына әсер ету, ойлау қабілеттерін ояту.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:

Әңгіме, аудиобаспа тыңдату, көрнекілік













Көрнекіліктер:

Н. А. Римский-Корсаков пен А. Н. Островскийдің портреттері. Плакаттар. Ребустар.

Эпиграф:


«1879-80 жылдың қысында мен «Ақшақар» пьесасын тағы бір рет оқып шықтым, және оның таңғажайып және поэтикалық көркемдігін сезіндім».

Н. А. Римский-Корсаков



Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеп отырғызу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалім: -Ал, балалар, үйге берілген тапсырма не еді?

Оқушылар: -Симфония.



Симфония дегеніміз не екен?

-Симфониялық музыка симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалықықалық шығарма. С. м-ға хор, өнші-солистер қатысатын, алайда аспаптық жағы басым шығармаларда жатады. Симфониялық музыка деген түсінік жеке аспапқа немесе аспаптар мен оркестрге арналған шығармаларға да қолданылады. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: Симфония, увертюра (жеке концерттік пьеса немесе операға кіріспе), концерттер, сиюта, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Сондай-ақ, Симфониялық музыкаға операның оркестрлік эпизодтары - симфониялық картиналар, интермеццо да жатады.

-Симфониялық оркестр деген не?

-Симфониялық оркестр — ішекті ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Алғаш рет симфониялық оркестрдің осылай құрылу тәртібі 18 ғасырда Еуропада бой көрсетті.

Симфониялық оркестрдің құрамында қандай музыкалық аспаптар бар?

- Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әр алуан жиырмадан астам музыка аспаптары (гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан, т.б.) құрайды. Сондай-ақ Симфониялық оркестр құрамына арфа, ксилофон мен фортепьяно да қосылады. Композитор осы аспаптардың дауыс-үнін еркін, кеңінен пайдалана отырып, симфониялық оркестр құрамының орындауына лайықты музыкалық шығармасын жазады.



- Симфониялық оркестрдің дамуына қандай композиторлар елеулі еңбек сіңірді.

Симфониялық оркестрлердің дамуына Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев,Б. Жұманиязов, т.б. композиторлар елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанда 1958 жылы ұйымдастырылған ҚР-ның мемлекеттік симфониялық оркестрі жұмыс істейді.



Опера деген не?

Опера дегеніміз —театр сахынасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Операның драматургиялық шешімі барлық музыкалық желілер, оркстр, хор, балет , әсіресе рөлдерді атқарушы әншілердің орындайтын жеке әндері арқылы айқындалады.

Римский – Корсаковтың тағы басқа қандай операларын білесіңдер.

Осы орайда өткен сабақты да еске түсіре отырайық.



Орыс халқының компоиторары дегенде есімізге бірден қай композиторлары түседі.

(Глинка, Чаиковский, Римский-Корсаков)

М.И.Глинка туралы не білесіңдер?

П. И.Чайковский туралы ше?



П. И. Чаиковскийдің қандай атақты балеттерін білесіңдер?


Иа, дұрыс айтасыңдар.

Ал сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Ақшақар» операсы.

Авторларға қысқаша тоқтала кетейік. Александр Николаевич Островский 31 наурыз (12 сәуір) 1823 жылы в Мәскеуде дүниеге келеді.. 1870 жылдары – Островский «На всякого мудреца довольно простоты», «Бешеные деньги», «Орман», «Ақшақар», «Қасқырлар мен қойлар» атты пьесалар жазады.. Островский осы пьесасын «Қөктем ертегісі» деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет